Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, бірыңғай конкурстық комиссиясы құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

            «E-3 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 150 740 (min) теңгеден 203 208 (max) теңгеге дейін

  • Сырым ауданы әкімінің орынбасары лауазымына (E-1 санаты лауазым индексі №1-0-2)

 

Функционалдық міндеттері:

  • облыс және аудан әкімінің шешімдерінің, әкімдік қаулыларының орындалуын бақылау;
  • ауданның экономика, агроөнеркәсіп кешені, кәсіпкерлікті дамыту және құрылыс жөніндегі бөлімдердің жұмысына басшылық жасау және үйлестіру;
  • өз саласы бойынша аудан әкіміне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап беру.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, ауылшаруашылығы ғылымдары, қызметтер, ветеринария, құқық техникалық ғылымдар және технологиялар салаларының мамандықтары

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

            «E-R-1 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142 412 (min) теңгеден 192 381 (max) теңгеге дейін

  • Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымына (E-R-1 санаты лауазым индексі №21-0-1)

 
Функционалдық міндеттері:

  • аудан бойынша жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асыру;
  • кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай қалыптасуы мен іске асырылуына қатысу;
  • ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
  • жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және басқалай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
  • жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
  • ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторинг жүргізу;
  • өз құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
  • халық, кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасындағы мәселелері бойынша ақпаратты-түсіндірмелі жұмысын жүргізу;
  • «Ең үздік кәсіпкер» аудандық конкурсын ұйымдастыру және жүргізу;
  • жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру және жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешу;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолдану;
  • бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
  • сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болу;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес, құқық саласының мамандықтары.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),  «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Нысан бойынша жазылған өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені__________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.