Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

            «E-3 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 102 423 (min) теңгеден 138 247 (max) теңгеге дейін

  • Сырым ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымына (E-3 санаты лауазым индексі №1-2-1)

 

Функционалдық міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің жүргізіп отырған саясатының, ауданда іске асырылуын қадағалау;
  • «Lotus Notes» бағдарламасы бойынша келіп түскен қызметтік құжаттарды, хаттарды құжаттама айналымын талдау;
  • аудан әкімі аппаратында іс-қағаздардың жүргізілуін қадағалау;
  • бақылау мониторингін жүргізу;
  • бақылауда тұрған құжаттардың уақытылы орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру;
  • аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентінің сақталуын, аудан әкімі аппаратында іс қағаздардың уақтылы таратылуын қамтамасыз ету;
  • бөлім қызметкерлеріне жалпы басшылық жасау;
  • аудан әкімі аппаратын материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ету;
  • аудандағы төтенше жағдайлардың және азаматтық қорғаныс жөніндегі мәселелерді үйлестіру;
  • аудан әкімі аппаратында азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру;
  • аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құпия құжаттарымен жұмыс жүргізу, олардың орындалуын, тіркелуін және уақытында жөнелтілуін қадағалау;
  • жұмылдыру жұмыстарын үйлестіру;
  •  «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен жұмыс жүргізу, олардың орындалуын, тіркелуін және уақытында жөнелтілуін қадағалау;
  •  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің тіркелуін және мерзімінде жауап берілуін қадағалау;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің есебін (тоқсандық, жартыжылдық, жылдық), жүргізу;

аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап жобасын дайындау.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
7) ғылыми дәрежесінің болуы.

            «E-4 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 77 453 (min) теңгеден 104 935 (max) теңгеге дейін

  • Сырым ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы лауазымына (E-4 санаты лауазым индексі № 1-2-5)

 

Функционалдық міндеттері:

  • аудан әкімінің жұмыс кестесін дайындау;
  • аудан әкімінің ауылдық округтердегі кездесулерін, азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру;
  • аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру;
  •  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің тіркелуін және уақытылы жауап берілуін қадағалау арыз-шағым, өтініштерін қарау және жауап жобасын дайындау;
  • аудан әкімінің төрағалығымен өтетін комиссиялардың жұмысын ұйымдастырылуын бақылау;
  • аудан көлеміндегі төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін авария, зілзала, өрт, апат жағдайларының алдын алу, болған жағдайда тиісті органдарға хабарлау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы және технологиялық тәртіптің, қауіпсіздік талаптарының бұзылмауына бақылау;
  • аудан көлеміндегі төтенше жағдайлардың және азаматтық қорғаныс жөніндегі мәселелерді үйлестіру;
  • азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар салалары бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • осы сала бойынша аудан әкіміне, оның орынбасарларына және аудан әкімі аппаратының басшысына, облыстық басқармаларға есептер, анықтамалар, хабарламалар дайындау.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

            «E-R-1 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142 412 (min) теңгеден 192 381 (max) теңгеге дейін

  • Сырым аудандық сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына (E-R-1 санаты лауазым индексі №15-0-1)

 
Функционалдық міндеттері:

  • аудан аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы, құрылыс саясатын жүргізу;
  • өз құзыреті шегінде құрылыс объектілерімен жолдарды салуға арналған бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;
  • құрылыс процестерін технологиялық жағынан сүйемелдеуді қоса отырып, аудан аумағында қала құрылысын салуды игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнамалардың, мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
  • бекітілген мерзім ішінде барлық қажетті құжаттамамен шарттар бойынша банктік операцияларды рәсімдеуді;
  • жобалау ұйымдары мен бас мердігерлермен шарттар жасауды шарт міндеттерінің орындалуын қадағалауды;
  • мемлекеттік қала құрылысы кадастарын аудандық деңгейде енгізу;
  • ұзақ мерзімді, орта мерзімді жобалар мен күрделі құрылыс пен қайта құрылымдаудың ағымдағы жоспарларын дайындауды;
  • құрылыс және қайта құрылымдау жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді, жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы береді,құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына олардың бекітілген жобалау сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкестігіне техникалық қадағалау жасайды;
  • аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
  • аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
  • салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
  • Мемлекеттік қызмет стандарты бойынша «Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»
  • Мемлекеттік қызмет стандарты бойынша «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»;
  • аудан аумағында мемлекеттік сәулет, қала    құрылысы, құрылыс саясатын жүргізу;
  • ауданның жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын «Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымы бойынша ауданның бас сәулетші болып табылады;
  • аудандағы елді мекендердің бас жоспарын, тәптіштелген жоспарлау жобаларын (ТЖЖ) және тораптарын дайындау үшін бастапқы деректемелерді әзірлеуге қатысады, бөлімге тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құқығы берілген жағдайда аумақтардың инженерлік жабдықтау жобаларын және ТЖЖ-ны дайындау бойынша тапсырысшы болу;
  • ескі және аз қабатты тұрғын үйді бұзудың тиісті бағдарламаларын дайындауға және оларды жоғары тұрған мемлекеттік қала құрылысы қызметін реттеу органдарына келісуге және бекітуге қатысу;
  • ауданның бас жоспарын жүзеге асыруына және оның дамуына дайындалған тұрғын үй, өндірістік аудандары мен сәулет жоспарлау жобаларына негізгі жауапты болу;
  • аудан аумағында қаржыландыру көздеріне қарамастан тұрғын үй, коммуналдық меншік және т.б. құрылыстары бойынша индикативті жоспарлар дайындауға қатысу.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім.
Өнер саласының сәулетші мамандығы, техникалық ғылымдар және технология саласының мамандықтары.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
           
            «E-R-4 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73287 (min) теңгеден 99105 (max) теңгеге дейін

  • Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман есепшісі лауазымына (E-R-4 санаты лауазым индексі №19-0-2)

 

Функционалдық міндеттері:

  • бөлімнің қаржы есебін жүргізу;
  • облыстық басқармаға және аудандық  экономика және қаржы бөліміне есеп беру;
  • мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу;
  • қызметкерлердің айлық жалақысын есептеу, зейнетақы қорына қаржысын аудару;
  • барлық қаржылық операцияларды уақытылы орындау;
  • қаржы жұмсалуын, лимиттің сақталуын бақылау;
  • заңдылықтардың сақталуын қадағалау, методикалық басшылық және практикалық көмек көрсету жұмыстарын үйлестіру;
  • өз саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап жобасын дайындау;
  • облыс және аудан әкімінің шешімдерінің, әкімдік қаулыларының  уақытылы орындау.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент мамандықтары.

  • Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы лауазымына (уақытша – негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болуы)  (E-R-4 санаты лауазым индексі №19-0-4)

 

Функционалдық міндеттері:

  • жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына төленетін әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау;
  • кедейшілікке қарсы күрестің бағдарламасы  бойынша аудандық қаржы және экономика бөліміне  мәлімет беру;
  • кедей отбасыларының ауылдық округ тер бойынша есебін алу, кедейшілікпен күресу мониторингін жүргізу;
  • аз қамтылған отбасыларының материалдық  жағдайын зерттеуін бақылау;
  • «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық  жүйесімен  жұмыстану, барлық жәрдемақы  алушылардың картотекасының дұрыс толтырылуын  қадағалау;
  • өз саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап жобасын дайындау;

облыс және аудан әкімінің шешімдерінің, әкімдік  қаулыларының уақытылы орындау.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының есеп және аудит, экономика, қаржы, маркетинг, менеджмент, білім саласының құқық және экономика  негіздері, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар салаларының мамандықтары.

«Е-G-3_санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69 957 (min) теңгеден 94 109 (max) теңгеге дейін

  • Сарой ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маманы лауазымына (E-G-3 санаты лауазым индексі № 9-0-4)

 

Функционалдық міндеттері:
-          ауылдық округ әкімінің қабылдаған өкім, шешімдерінің жобаларын «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік нышандар туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес дайындау, «Бюджеттік Кодекске» сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетінің бағдарламаларын жүзеге асыру;
-          ауылдық округ әкімі аппаратының номенклатурасын жасақтау, құжаттардың сақталуына жауап береді, белгіленген мерзімде қажет құжаттарды мұрағатқа тапсыру;
-          нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізеді;
-          көп балалы аналар мен ауылдық округ тұрғындарын мерекелік награттауға ұсыныстар береді; 
-          ауылдық округ бойынша сараптамалар жасау, хабарламалар, анықтамалар, есептер дайындау;
-          мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру мәселелерімен айналысу;
-          мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық жағынан қолдау;
-          ауылдық округ әкімі жанындағы  комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.
-          жалғыз басты азаматтарды жерлеуді ұйымдастыру, қорымдарды күтіп ұстау;
-          округ көлемінде автокөлік жолдарының инфра структурасын дамыту, тұрғын үй мәселелерімен айналысу;
-          округ көлеміндегі мемлекеттік ғимараттарды күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалау, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргізу, көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;
-          Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс, аудан және ауылдық округ әкімдерінің шешімдерінің әкімият қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
- aппараттағы кадр мәселесі бойынша жұмыстар жүргізy және мемлекеттік қызметшілер жөніндегі тоқсандық есептерді аудан әкімі аппаратына тапсыру;
-          ауылдық округ әкімінің іс-қағаздарды жүргізу жұмыстарын үйлестіреді және «АИС» сайлаушылар бағдарламасымен жұмыс жасау.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),  «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (жалғанды);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (жалғанды);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.          «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);          
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы


Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО
(түрлі түсті/
цветное,
3х4)

        _____________________________________________
            тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /         
             фамилия, имя, отчество (при наличии)
  
         _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
 (болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

   

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_____________
күні/дата