Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, бірыңғай конкурстық комиссиясы құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

            Сырым аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына (E-R-1 санаты лауазым индексі №19-0-1)

 «E-R-1 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142 412 (min) теңгеден 192 381 (max) теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:
- аудан көлемінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруды бақылау, зейнетақы реформасының негізгі  бағыттарын жүзеге асыру және олардың орындалуын методикалық үйлестіруін қамтамасыз ету;       
- халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін көтеру, кедейшілік пен жұмыссыздықтың деңгейін  төмендету шараларын жүзеге асыру;
- еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік стратегиясын жүзсгс асыру;
- жергілікті еңбек рыногының жагдайын талдау және болжау, еңбек ресурстарының балансын  жасау, осы арқылы ағымдағы және алдағы жылдарға арнап жұмыспен қамту бағдарламасын  жасау, оның орындалуын қамтамасыз ету;
-  жұмысқа орналасуы қиын болып жүрген жұмыстан босатылган адамдарды, жалгызбасты және көп балалы аналарды, мүгедектермен халықтың жұмыссыз жүрген баска топтарын даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру ;
- өз құзіреті шегінде халықты жұмыссыз жүрген топтарына жәрдемақы және материалдық көмекпен қамтамасыз ету;
- азаматтардың өз бетінше жұмыспен айналысуына көмек көрсету ;
- жұмыссыздар  ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
- тұрғындардың арнаулы әлеуметтік қорғау , отбасы, ана мен баланы, мүгедектермен олардың отбасы мүшелерін сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындардың басқа да топтарын қолдау жөніндегі шараларды іске асыру;
- әлеуметтік еңбек саласында болып жатырған істердің жағдай туралы қорытынды құжаттар әзірлеу және жағдайларды болжау , процестерді талдау, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, аудан әкімі аппаратына мәлімет беру;
- әлеуметтттік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және іске асыру, еңбек жанжалдарын шешуге қатысу;
- бөлімде жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш берген азаматтарды қабылдау, тіркеу және есепке алу, анықтама беру;
- жұмыссыздарды өз келісімімен ақылы қоғамдық  жұмыстарға жіберу;
- еңбек рыногы жөнінде аудандық мәліметтер базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныстар мен ұсыныстарды болжау және талдау ,еңбек рыногының жағдайы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, жергілікті атқарушы органға халыққа хабарлау;
- жұмыс орнын ашу мәселесін қоса отырып, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу, жұмыссыздардың кәсіби даярлау және қайта даярлау, жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға көмектесу, жұмыспен қамту мәселесі бойынша ақысыз тегін кемек керсету;
- еңбек рыногының қажетіне және нарыктық қатынастар жағдайына сәйкес кадрлар даярлаудың мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруга қатысу
-  еңбекті қорғау мәселесі бойынша ұйымдармен өзара әріптестік және үйлестіру;
- еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау ;
- әлеуметтік еңбек мәселелері, соның ішінде жұмыспен қамту, еңбекті қорғау мүгедектер туралы заңдарға сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар, жәрдемақылар бер бөлігі жөнінде аудандық бағдарламалар әзірлеуге қатысу;
- еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталу мәселелері бойынша меншікті нысанына қарамастан ұйымдармен үйлесімді іс-әрекет жасау, өндірістік объектілерді салу және қайта құру үшін алдын-ала сақтық бақылау жүргізу, өндірісте зақымға ұшырағандарға және олардың отбасының мүшелеріне келген зиянының орнын толтыру;
- әртүрлі санаттағы және топтағы тұрғындардың , мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік демографиялык қажетін ескеріп, халықты әлеуметтік қамсыздандыру шараларын дамытуға қатысу;
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші  бағдарламалардың әкімші қызметін орындау;
- азаматтардың арыз шағымдарын, ұсыныстарын қарау, ол бойынша қажетті шаралар алу азаматтарды қабылдау және оларға бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша кеңес беру;
- облыстың және басқа да өкімет органдарымен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдарымен мәселелерді бірлесіп шешу үшін өзара әрекет  жасау;

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес, құқық, қызметтер,  техникалық ғылымдар және технологиялар салаларының мамандықтары

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан-205»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функионалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Нысан бойынша жазылған өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені__________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.