Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

            «E-4 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 77 453 (min) теңгеден 104 935 (max) теңгеге дейін

  • Сырым ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы лауазымына (E-4 санаты лауазым индексі № 1-1-2)

 

Функционалдық міндеттері:

  • ҚР Президентінің Жарлықтарының, ҚР Үкіметінің қаулыларының, хаттамаларының, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің өкім, шешімдерінің, облыс және аудан әкімдері және олардың орынбасарларының төрағалық етулерімен өткізілген кеңестердің хаттамаларының бақылауға алу, орындалуын қадағалау;
  • аудан әкімі жанындағы өндірістік лездеменің хаттамасын жүргізу және оның орындалуын бақылау;
  • аудан әкімі аппаратындағы барлық деңгейдегі құрылған комиссиялар отырыстарының уақтылы өткізілуін қадағалау және ұйымдастыру;
  • аудан әкімінің ішкi саясат және әлеуметтiк сала жөнiндегi орынбасарының ауылдық округ әкімдері аппараттары мен басшылық ететін бөлімдері арасындағы жұмысты ұйымдастыру;
  • аудан әкімі аппаратына түскен жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қарау және жауап жобасын дайындау.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

            «Е-G-3_санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69 957 (min) теңгеден 94 109 (max) теңгеге дейін

  • Жосалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына (E-G-3 санаты лауазым индексі №6-0-4)

 

Функционалдық міндеттері:
-           округ әкімінің алған өкім, шешімдерінің жобаларын дайындауды «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарына және ауылдық округ әкімі аппаратының регламентіне сәйкес дайындауды жүзеге асыру;
- ауылдық округі  әкімі аппаратының тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарын жасақтау;
- округ бойынша сайлаушылар санын нақтылайды және тізімін түзеді; ай сайын есебін беріп отыру  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерінің, әкімдік қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді және бақылау;
- нотариалдық іс-әрекеттер жүргізу;
- округтегі дүниеге келген балаларды және қайтыс болған адамдардың есебін жүргізу;
- көп балалы аналарды наградтауға ұсыныстар беру;
- ауылдық округ әкімі аппаратының номенклатурасын жасақтайды, ҚР «Мұрағат туралы» Заңына сәйкес аппаратта құжаттардың сақталуын, белгіленген мерзімде, сақталу мерзімі өткен құжаттарды аудандық мұрағатқа тапсыруды жүзеге асыру;
- ҚР Үкіметінің қаулылары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;
- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының, бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету, іс-шаралар жоспарын жасақтап, ақпараттар беру;
- мемлекеттік  қызметшілер және кадр мәселесі жөніндегі тоқсандық есептерді аудан әкімі аппаратына тапсыру;
- аппарат қызметкерлерінің біліктілік талаптарын жасақтап, бекітуге ұсыну;
- ауылдық округі әкімі аппаратында құқықтық оқуларды өткізуді ұйымдастырады, кестесін жасақтап, баяндамалар дайындау.
- өз уәкілеттілігі шеңберінде анықтамалар, ақпараттар мен хабарламалар дайындау;
- жеке және заңды тұлғалардан түскен ауызша-жазбаша өтініштер мен жұмыс жүргізу. Тіркеу, есебін тапсыру;
- «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін жүргізу.
- Елбасының Жолдауын насихаттауды ұйымдастыру;
- шаруашылық кітабын жазбаша және электронды нұсқада жүргізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жұмысын үйлестіру;
- «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;
-қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді,  және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
- кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
- ауыл тұрғындарын тұрғылықты жері бойынша есепке алу оның есебін жүргізу, іс-қағаздарды жүргізу жұмыстарын үйлестіру;
- округ көлеміндегі шаруашылық жүргізуші заңды және жеке тұлғалардан бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуына ықпал жасау;
- ауыл тұрғындарынан түсетін мүлік, жер, көлік салықтарын жинақтап, тапсыру;
- округ аумағындағы діни ахуалды бақылап, олармен тығыз жұмыс үйлестіру;
- округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы паспортты жүргізу;
- өз құзіреті шеңберінде ауылдық округ әкімінің атына келіп түскен арыз, шағымдарға жауаптар дайындау.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

  • Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі лауазымына (E-G-3 санаты лауазым индексі № 11-0-2)

 

Функционалдық міндеттері:
-           Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешім, өкімдерінің, әкімдік қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді және бақылау;

  • елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • өз саласы бойынша ауылдық округ бойынша сараптамалар жасайды, хабарламалар, анықтамалар, есептер дайындау;
  • негізгі қаржы, түрлі мүлік, құнды заттар және ақшалай қаражат түсімдерінің есебін жүргізу;
  • тиісті белгіленген штаттық кесте бойынша уақытылы қызметкерлердің еңбекақыларын есептеу, төлеу, зейнетақы қорларына тиісті төлемдерді төлеу, әлеуметтік және салық төлемдерін уақытылы аудару;
  • округ әкімі аппаратының есебіндегі құнды материалдық заттардың есебін жүргізу, сақталуын қамтамасыз ету;
  • жұмсалған қаржы құжаттарының дұрыс рәсімделуін, олардың заңдылығын қадағалау;
  • бухгалтерлік есептерді уақытылы жасау және тапсыру;
  • мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

мемлекеттік стажын белгілеу комиссияның жұмысын ұйымдастыру.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент мамандықтары

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),  «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (жалғанды);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (жалғанды);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.        «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);         
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы


Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО
(түрлі түсті/
цветное,
3х4)

        _____________________________________________
            тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /         
             фамилия, имя, отчество (при наличии)
  
         _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
 (болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

   

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_____________
күні/дата