Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

«E-R-1 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142 412 (min) теңгеден 192 381 (max) теңгеге дейін

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.

  • Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына (E-R-1 санаты лауазым индексі №19-0-1)

 
Функционалдық міндеттері:

  • аудан көлемінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруды бақылау, зейнетақы реформасының негізгі  бағыттарын жүзеге асыру және олардың орындалуын методикалық үйлестіруін қамтамасыз ету;       
  • халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін көтеру, кедейшілік пен жұмыссыздықтың деңгейін  төмендету шараларын жүзеге асыру;
  • еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыру;
  • жергілікті еңбек рыногының жағдайын талдау және болжау, еңбек ресурстарының балансын  жасау, осы арқылы ағымдағы және алдағы жылдарға арнап жұмыспен қамту бағдарламасын  жасау, оның орындалуын қамтамасыз ету;
  • жұмысқа орналасуы қиын болып жүрген жұмыстан босатылған адамдарды, жалғызбасты және көп балалы аналарды, мүгедектермен халықтың жұмыссыз жүрген басқа топтарын даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру ;
  • өз құзіреті шегінде халықты жұмыссыз жүрген топтарына жәрдемақы және материалдық көмекпен қамтамасыз ету;
  • азаматтардың өз бетінше жұмыспен айналысуына көмек көрсету ;
  • жұмыссыздар  ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
  • тұрғындардың арнаулы әлеуметтік қорғау , отбасы, ана мен баланы, мүгедектермен олардың отбасы мүшелерін сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындардың басқа да топтарын қолдау жөніндегі шараларды іске асыру;
  • әлеуметтік еңбек саласында болып жатырған істердің жағдай туралы қорытынды құжаттар әзірлеу және жағдайларды болжау , процестерді талдау, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, аудан әкімі аппаратына мәлімет беру;
  • әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және іске асыру, еңбек жанжалдарын шешуге қатысу;
  • бөлімде жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш берген азаматтарды қабылдау, тіркеу және есепке алу, анықтама беру;
  • жұмыссыздарды өз келісімімен ақылы қоғамдық  жұмыстарға жіберу;
  • еңбек рыногы жөнінде аудандық мәліметтер базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныстар мен ұсыныстарды болжау және талдау ,еңбек рыногының жағдайы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, жергілікті атқарушы органға халыққа хабарлау;
  • жұмыс орнын ашу мәселесін қоса отырып, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу, жұмыссыздардың кәсіби даярлау және қайта даярлау, жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға көмектесу, жұмыспен қамту мәселесі бойынша ақысыз тегін көмек көрсету;
  • еңбек рыногының қажетіне және нарықтық қатынастар жағдайына сәйкес кадрлар даярлаудың мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруға қатысу
  • еңбекті қорғау мәселесі бойынша ұйымдармен өзара әріптестік және үйлестіру;
  • еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау ;
  • әлеуметтік еңбек мәселелері, соның ішінде жұмыспен қамту, еңбекті қорғау мүгедектер туралы заңдарға сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар, жәрдемақылар бер бөлігі жөнінде аудандық бағдарламалар әзірлеуге қатысу;
  • еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталу мәселелері бойынша меншікті нысанына қарамастан ұйымдармен үйлесімді іс-әрекет жасау, өндірістік объектілерді салу және қайта құру үшін алдын-ала сақтық бақылау жүргізу, өндірісте зақымға ұшырағандарға және олардың отбасының мүшелеріне келген зиянының орнын толтыру;
  • әртүрлі санаттағы және топтағы тұрғындардың , мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік демографиялық қажетін ескеріп, халықты әлеуметтік қамсыздандыру шараларын дамытуға қатысу;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші  бағдарламалардың әкімші қызметін орындау;
  • азаматтардың арыз шағымдарын, ұсыныстарын қарау, ол бойынша қажетті шаралар алу азаматтарды қабылдау және оларға бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша кеңес беру;
  • облыстың және басқа да өкімет органдарымен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдарымен мәселелерді бірлесіп шешу үшін өзара әрекет  жасау.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім.
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес, құқық, қызметтер, техникалық ғылымдар және технологиялар салаларының мамандықтары.

 

  • Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына (E-R-1 санаты лауазым индексі №15-0-1)

 
Функционалдық міндеттері:
- аудан көлемінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруды бақылау, қоғамдық қатынастарды демократияландыру, қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік суверенитетті, қоғамдық үрдістерді демократияландыру, қоғамның  нығаюын орнықтыру және қоғамдық  саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға қатысу;
- ауданда мемлекеттік ішкі саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің: әкімияттың, облыс және аудан әкімдерінің, облыстық ішкі саясат Департаменті, жастармен жұмыс жөніндегі облыстық бөлім  актілері мен тапсырмаларын жүзеге асырудағы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың  жұмыстарына  бақылау жасау;
- қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын халық арасында түсіндіру және насихаттау;
- ішкі саясат, саяси-қоғамдық сала, жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ішкі саясат, жастар саясаты мен заңнамаларын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;
- ауданда болған саяси-қоғамдық процестер мен олардың даму  тенденцияларын жан-жақты және толыққанды зерттеу, байыту және сараптау;
- аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық және саяси сараптамалар жүргізу;
- қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, саяси – қоғамдық және діни ұйымдар, кәсіподақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдар, мәдениет ұйымдары мен мекемелері, жастар ұйымдары өкілдерімен бірлесіп қызмет атқару.
- Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес  қызмет атқаратын барлық балалар және жастар ұйымдармен  бірлесіп қызмет атқару, балалар мен жастарға байланысты  проблемаларды шешуге қатысу;
- мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, жастар мен жасөспірімдер арасында  құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын  жүргізу;
- жастарға олардың жұмыспен қамтылу және   мамандық игеру  бағытында көмек көрсету;
- аудандағы діни ахуалға талдау жасау және аймақтағы дінаралық келісім мен татулықты насихаттау жұмыстарын үйлестіру;
- ішкі саяси үрдістерді  мемлекеттік реттеуге   қатысу, ішкі  саясат, жастар саясаты, тілдерді дамыту салаларында жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдары  қызметін үйлестіру. Аймақтағы саяси қоғамдық ахуал, саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктердің іс-қимылдарына  мониторинг, талдау, болжау   жүргізіп отыру, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның нығаюы мен қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу  жөніндегі  жұмыстарды  ұйымдастыру және нұсқамалар дайындау;
- бөлім қызметіне  қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің  Әкімшілігінің тапсырмаларын, облыстық және аудандық  әкімият қаулыларын, жоғарғы облыстық органдардың шешім, өкімдерін орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
- бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудандық уәкілетті органдардың іс-қимылдарын үйлестіру және бақылауды қамтамасыз ету;
- аудан әкімі аппаратының  іс-қимылын ақпараттық - сараптамалық  қамтамасыз ету;
- жергілікті деңгейде өтетін саяси-қоғамдық, мәдени-копшілік шараларды  саяси қамтамасыз ету;
- мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдерінің ақпараттық-насихаттық жұмыстарын үйлестіру және қадағалау;
- ішкі саяси өміріне қатысты мәселелер бойынша әкімият отырысына құжаттарды дайындауға қатысу.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Білім, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, құқық салаларының мамандықтары.

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),  «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (жалғанды);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (жалғанды);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.        «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);         
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.

  

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы


Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО
(түрлі түсті/
цветное,
3х4)

        _____________________________________________
            тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /         
             фамилия, имя, отчество (при наличии)
  
         _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
 (болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

   

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_____________
күні/дата