Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, бірыңғай конкурстық комиссиясы құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

            «E-R-1 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142 412 (min) теңгеден 192 381 (max) теңгеге дейін

  • Сырым аудандық  ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына (E-R-1 санаты лауазым индексі №14-0-1)

Функционалдық міндеттері:
- аудан көлемінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруды бақылау, қоғамдық қатынастарды демократияландыру, қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік суверенитетті, қоғамдық үрдістерді демократияландыру, қоғамның  нығаюын орнықтыру және қоғамдық  саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға қатысу;
- ауданда мемлекеттік ішкі саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің: әкімияттың, облыс және аудан әкімдерінің, облыстық ішкі саясат Департаменті, жастармен жұмыс жөніндегі облыстық бөлім  актілері мен тапсырмаларын жүзеге асырудағы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың  жұмыстарына  бақылау жасау;
- қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын халық арасында түсіндіру және насихаттау;
- ішкі саясат, саяси-қоғамдық сала, жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ішкі саясат, жастар саясаты мен заңнамаларын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру;
- ауданда болған саяси-қоғамдық процестер мен олардың даму  тенденцияларын жан-жақты және толыққанды зерттеу, байыту және сараптау;
- аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық және саяси сараптамалар жүргізу;
- қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, саяси – қоғамдық және діни ұйымдар, кәсіподақтар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдар, мәдениет ұйымдары мен мекемелері, жастар ұйымдары өкілдерімен бірлесіп қызмет атқару.
- Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес  қызмет атқаратын барлық балалар және жастар ұйымдармен  бірлесіп қызмет атқару, балалар мен жастарға байланысты  проблемаларды шешуге қатысу;
- мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, жастар мен жасөспірімдер арасында  құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын  жүргізу;
- жастарға олардың жұмыспен қамтылу және   мамандық игеру  бағытында көмек көрсету;
- аудандағы діни ахуалға талдау жасау және аймақтағы дінаралық келісім мен татулықты насихаттау жұмыстарын үйлестіру;
- ішкі саяси үрдістерді  мемлекеттік реттеуге   қатысу, ішкі  саясат, жастар саясаты, тілдерді дамыту салаларында жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдары  қызметін үйлестіру. Аймақтағы саяси қоғамдық ахуал, саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктердің іс-қимылдарына  мониторинг, талдау, болжау   жүргізіп отыру, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның нығаюы мен қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу  жөніндегі  жұмыстарды  ұйымдастыру және нұсқамалар дайындау;
- бөлім қызметіне  қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің  Әкімшілігінің тапсырмаларын, облыстық және аудандық  әкімият қаулыларын, жоғарғы облыстық органдардың шешім, өкімдерін орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
- бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудандық уәкілетті органдардың іс-қимылдарын үйлестіру және бақылауды қамтамасыз ету;
- аудан әкімі аппаратының  іс-қимылын ақпараттық - сараптамалық  қамтамасыз ету;
- жергілікті деңгейде өтетін саяси-қоғамдық, мәдени-копшілік шараларды  саяси қамтамасыз ету;
- мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдерінің ақпараттық-насихаттық жұмыстарын үйлестіру және қадағалау;
- ішкі саяси өміріне қатысты мәселелер бойынша әкімият отырысына құжаттарды дайындауға қатысу.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Білім саласының тарих, құқық және экономика негіздері, қазақ тілі және әдебиеті, гуманитарлық ғылымдар саласының халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, дінтану, теология, әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жұртшылықпен байланыс, құқық салаларының мамандықтары

  • Сырым аудандық  сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына (E-R-1 санаты лауазым индексі №15-0-1)

 

Функционалдық міндеттері:

  • аудан аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы, құрылыс саясатын жүргізу;
  • өз құзыреті шегінде құрылыс объектілерімен жолдарды салуға арналған бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;
  • құрылыс процестерін технологиялық жағынан сүйемелдеуді қоса отырып, аудан аумағында қала құрылысын салуды игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнамалардың, мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
  • бекітілген мерзім ішінде барлық қажетті құжаттамамен шарттар бойынша банктік операцияларды рәсімдеуді;
  • жобалау ұйымдары мен бас мердігерлермен шарттар жасауды шарт міндеттерінің орындалуын қадағалауды;
  • мемлекеттік қала құрылысы кадастарын аудандық деңгейде енгізу;
  • ұзақ мерзімді, орта мерзімді жобалар мен күрделі құрылыс пен қайта құрылымдаудың ағымдағы жоспарларын дайындауды;
  • құрылыс және қайта құрылымдау жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді, жобалау-сметалық  құжаттаманы уақтылы береді,құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына олардың бекітілген жобалау сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкестігіне техникалық қадағалау жасайды;
  • аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
  • аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
  • салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
  • Мемлекеттік қызмет стандарты бойынша «Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»
  • Мемлекеттік қызмет стандарты бойынша «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»;
  • аудан аумағында мемлекеттік сәулет, қала    құрылысы, құрылыс саясатын жүргізу;
  • ауданның жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын «Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымы бойынша ауданның бас сәулетші болып табылады;
  • аудандағы елді мекендердің бас жоспарын, тәптіштелген жоспарлау жобаларын (ТЖЖ) және тораптарын дайындау үшін бастапқы деректемелерді әзірлеуге қатысады, бөлімге тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құқығы берілген жағдайда аумақтардың инженерлік жабдықтау жобаларын және ТЖЖ-ны дайындау бойынша тапсырысшы болу;
  • ескі және аз қабатты тұрғын үйді бұзудың тиісті бағдарламаларын дайындауға және оларды жоғары тұрған мемлекеттік қала құрылысы қызметін реттеу органдарына келісуге және бекітуге қатысу;
  • ауданның бас жоспарын жүзеге асыруына және оның дамуына дайындалған тұрғын үй, өндірістік аудандары мен сәулет жоспарлау жобаларына негізгі жауапты болу;
  • аудан аумағында қаржыландыру көздеріне қарамастан тұрғын үй, коммуналдық меншік және т.б. құрылыстары бойынша индикативті жоспарлар дайындауға қатысу.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Өнер саласының сәулетші, әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, техникалық ғылымдар және технология саласының мамандықтары

  • Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымына (E-R-1 санаты лауазым индексі №21-0-1)

 

Функционалдық міндеттері:

  • аудан бойынша жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асыру;
  • кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай қалыптасуы мен іске асырылуына қатысу;
  • ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
  • жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және басқалай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
  • жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
  • ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторинг жүргізу;
  • өз құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
  • халық, кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасындағы мәселелері бойынша ақпаратты-түсіндірмелі жұмысын жүргізу;
  • «Ең үздік кәсіпкер» аудандық конкурсын ұйымдастыру және жүргізу;
  • жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру және жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешу;
  • заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолдану;
  • бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
  • сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болу;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес, құқық саласының мамандықтары

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функионалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Нысан бойынша жазылған өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені__________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.