Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

            «E-R-4 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73265 (min) теңгеден 99103 (max) теңгеге дейін

  1. Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы лауазымына (E-R-4 санаты лауазым индексі № 14-0-4)

 

Функционалдық міндеттері:

  1. БҚО ішкі саясат басқармасына ақпараттар, хабарламалар, есептер дайындау және жіберу, нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету. Қатынас қағаздарға жауап беру. ҚР Президентінің халыққа Жолдауының орындалуын сондай-ақ осы мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өзге де функцияларды атқару;
  2. аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі аудандық Кеңестің жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
  3. аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі аудандық Кеңестің жұмыс жоспарының орындалуын қамтамассыз ету;
  4. аудан әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарының орындалуын қамтамассыз ету;
  5. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдарына уақытылы жауап жобасын дайындау;

бөлім арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібіне сай зерделеу.
Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Білім саласының тарих, құқық және экономика негіздері, қазақ тілі және әдебиеті, гуманитарлық ғылымдар саласының халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, дінтану, теология, әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жұртшылықпен байланыс, құқық саласының мамандықтары

  1. Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маман есепшісі лауазымына (E-R-4 санаты лауазым индексі № 24-0-2)

 

Функционалдық міндеттері:
- бөлімнің жылдық шығыс жобасын әзірлеу, бекітуге ұсыну;
- тиісті бекітілген штаттық кесте бойынша уақытылы қызметкерлердің еңбек ақыларын есептеу;
- жұмсалған қаржы құжаттарының дұрыс рәсімделуін, олардың заңдылығын қадағалау;
- қызметкерлердің жалақысынан тиісті төлемдерді зейнетақы қорларына аудару;
- қаржының мақсатты дұрыс жұмсалуын қадағалау;
- бөлім қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу
Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент мамандықтары

E-R-5 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 64948 (min) теңгеден 88308 (max) теңгеге дейін

  1. Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маман есепшісі лауазымына (E-R-5 санаты лауазым индексі № 23-0-4)

 

Функционалдық міндеттері:
- бөлімнің жылдық шығыс жобасын әзірлеу, бекітуге ұсыну;
- тиісті бекітілген штаттық кесте бойынша уақытылы қызметкерлердің еңбек ақыларын есептеу;
- жұмсалған қаржы құжаттарының дұрыс рәсімделуін, олардың заңдылығын қадағалау;
- қызметкерлердің жалақысынан тиісті төлемдерді зейнетақы қорларына аудары;
- қаржының мақсатты дұрыс жұмсалуын қадағалау;
- бөлім қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу
Білімі бойынша талаптар:
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент мамандықтары

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),  «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (жалғанды);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (жалғанды);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.        «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);         
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы


Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО
(түрлі түсті/
цветное,
3х4)

        _____________________________________________
            тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /         
             фамилия, имя, отчество (при наличии)
  
         _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
 (болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

   

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_____________
күні/дата