Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, бірыңғай конкурстық комиссиясы құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

            «E-G-3 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69 903 (min) теңгеден 94 148 (max) теңгеге дейін

  1. Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі лауазымына (E-G-3 санаты лауазым индексі № 9-0-3)

 

Функционалдық міндеттері:
- ауылдық округі әкімі аппаратында алынатын шешімдердің жобаларын дайындауға ҚР заңдарына және Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының регламенттеріне сәйкес қажетті құжаттарды толық ұсынуға;
- ауылдық округ әкімі аппартының жылдық шығыс жобасын әзірлеу, бекітуге ұсыну;
- тиісті бекітілген штаттық кесте бойынша уақытылы қызметкерлердің еңбекақыларын есептеу, тиісті төлемдерді зейнетақы корларына, әлеуметтік төлемдерді және салық төлемдерін уақытылы аудару;
- қаржы және аппарат есебіндегі құнды заттардың есебін жүргізу, сақталуына бақылау жасау, жыл аяғында инвентаризация өткізу;
- өз саласы бойынша ауылдық округ әкіміне келіп түскен және әкім қабылдауында болған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап жобасын дайындауға жауапты;
- жұмсалған қаржы құжаттарының дұрыс рәсімделуін, олардың заңдылығын, қаржының мақсатты және дұрыс жұмсалуын жүзеге асыру;
- бухгалтерлік, стастистикалық есептерді  және салықтық, экологиялық декларацияларды уақытылы тапсыру;
- бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған жалдаудан түскен ақшаны түсуін бақылау;
- бюджеттің атқарылуы бойынша мемлекеттік мекеменің есеп айырысу құжаттарын уақытылы ұйымдастыру;
- мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
- ауылдық округ көлеміндегі көшелерді жарықтандыру мен абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінетін қаржыларды құжаттар әзірленгеннен кейін уақытында аудару, жұмсалуын қадағалау;
- ауылдық округ әкімінің өткізетін жиналыстарын және комиссиялардың жұмысын өз саласы бойынша ұйымдастыру және хаттамалар толтыру;
- мемлекеттік құпияны жария етпеу;
- бас маман болмаған жағдайда оны алмастырады;
- өзінің жұмысын ұйымдастыру, азаматтарды қабылдау жұмысында тәжірибиесі болу, мониторинг және аналитикалалық ақпараттық әдістері мен түрлерін білу;
- ұжыммен адамдармен жұмыс істей білу, жан-жақты байланыс қарым-қатынаста болу, білімін үнемі жетілдіруге ынталану.
Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент мамандықтары

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),  «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Нысан бойынша жазылған өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені__________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
_____________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.