Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

            «E-G-3 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69 903 (min) теңгеден 94 148 (max) теңгеге дейін

  • Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі лауазымына (E-G-3 санаты лауазым индексі № 6-0-2)

 

Функционалдық міндеттері:
- ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық шығыс жобасын әзірлеу, бекітуге ұсыну және округі әкімі аппаратының тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарын жасақтау;
- тиісті бекітілген штаттық кесте бойынша уақытылы қызметкерлердің еңбекақыларын есептеу, төлеу;
- қаржы және аппарат есебіндегі құнды заттардың есебін жүргізу, сақталуына бақылау жасау, жыл аяғында инвентаризация өткізу;
- жұмсалған қаржы құжаттарының дұрыс рәсімделуін, олардың заңдылығын және қаржының мақсатты және дұрыс жұмсалуын қадағалау;
- бухгалтерлік, статистикалық есептерді уақытында жасау және тапсыру;
- қызметкерлердің жалақысынан тиісті төлемдерді зейнетақы қорларына аудару;
- округ әкімі аппаратында өтетін құрылыс, жөндеу және сатып алу жұмыстарына өтетін тендерлерді ұйымдастыру;
- округ әкімінің алған өкім, шешімдерінің жобаларын дайындауды «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарына және ауылдық округ әкімі аппаратының регламентіне сәйкес дайындауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерінің, әкімдік қаулыларының орындалуын қамтамасыз етe және бақылау;
- күрделі жөндеу жұмыстарының, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру мен абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінетін қаржылардың жұмсалуын бақылау;
- ауылдық округ әкімі аппаратының теңгерімінде тұрған үйлердің есебін жүргізеді, онда тұрып жатырған тұрғындармен келісім-шарт жасау;
- кіріс көздерін қалыптастырады, жергілікті түсімдерді жинау;
- округ көлеміндегі шаруашылық жүргізуші заңды және жеке тұлғалардан бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуына және ауыл тұрғындарынан түсетін мүлік, жер, көлік салықтарын жинақтап, тапсыру;
- коммуналдық меншіктерге түгендеу жүргізеді, оларды жеке және заңды тұлғаларға жалға берудің келісім-шарттарын жасақтау;
- мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жұмысын үйлестіру;
- округ аумағындағы діни ахуалды бақылап, олармен тығыз жұмыс үйлестіру;
- округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы паспортты жүргізу;
- округ тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында округ тұрғындарын флюорографиялық тексеруден өтуін басқа да профилактикалық шаралардың өтуін бақылау;
- округте өтетін әртүрлі мейрам күндері ауыл тәртібін бақылау мақсатында кезекшілік ұйымдастыру;
- ауылдық округ әкімі жанындағы отбасы және әйелдер қоғамы т.б. комиссиялардың жұмысын үйлестіру.

 

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент мамандықтары.

 

«E-R-4 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73 266 (min) теңгеден 99 103 (max) теңгеге дейін

  • Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы лауазымына (уақытша – негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болуы)  (E-R-4 санаты лауазым индексі №19-0-5)

 

Функционалдық міндеттері:

  • аудан бойынша мүгедектердің есебін жүргізу;
  • үйден оқитын мүгедек балалардың ата-анасының  біреуіне жәрдемақы тағайында;
  • мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына  сәйкес, берілетін құралдарға (тифлотехника, сурдотехника, міндетті гигиеналық құрал, кресло-арба, протездік ортопедиялық бұйымдар) қажеттілікті анықтау және беру;
  • мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына  сәйкес І-топтағы мүгедектерге жеке көмекші   тағайындау және төлеу;
  • мүгедектердің орталықтандырылған дерек қорына жеке оңалту бағдарламасының орындалуын  толықтыру;
  • «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жұмыстану;
  • өз саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап жобасын дайындау;

облыс және аудан әкімінің шешімдерінің, әкімдік  қаулыларының уақытылы орындау.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының есеп және аудит, экономика, қаржы, маркетинг, менеджмент, білім саласының құқық және экономика  негіздері, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар салаларының мамандықтары

E-G-4 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62470 (min) теңгеден 84061 (max) теңгеге дейін

3.Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы  (уақытша – негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болуы)  (E-G-4 санаты лауазым индексі №2-0-5)

Функционалдық міндеттері:
округ бойынша сайлаушылар санын нақтылау және тізімін түзеп, айлық, тоқсандық есебін тапсыру;
- округ әкіміне түскен ауызша-жазбаша арыздармен жұмыс жүргізу, тіркеу, есебін тапсыру;
- өз құзіреті шеңберінде ауылдық округ әкімінің атына келіп түскен арыз, шағымдарға жауаптар дайындау;
- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының, бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету, іс-шаралар жоспарын жасақтап, ақпараттар беру;
- ауылдық округі әкімі аппаратында құқықтық оқуларды өткізуді ұйымдастырады, кестесін жасақтап, баяндамалар дайындау;
- округ әкімінің тоқсандық, жылдық есеп беру жиынын ұйымдастырады, мәліметтерді жинақтап, слайд жасау;
- округ әкімі аппаратында апта сайын өтетін өндірістік лездемені өткізуді ұйымдастырып, хаттамасын толтырып отыру;
- ауылдық округі әкімі аппаратының тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарын жасақтау. Жоспардың орындалуы жөнінде мәлімет әзірлеу;
- ауылдық округ әкімі аппаратының номенклатурасын жасақтайды, ҚР «Мұрағат туралы» Заңына сәйкес аппаратта құжаттардың сақталуын, белгіленген мерзімде, сақталу мерзімі өткен құжаттарды аудандық мұрағатқа қадағалау;
- мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша есептер тапсыру.

Білімі бойынша талаптар:
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),  «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (жалғанды);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (жалғанды);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.        «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);         
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы


Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО
(түрлі түсті/
цветное,
3х4)

        _____________________________________________
            тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /         
             фамилия, имя, отчество (при наличии)
  
         _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
 (болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

   

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_____________
күні/дата