Сырым ауданы әкімінің аппараты: 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8-үй, 2- қабат, 210-кабинет, анықтама алу үшін телефондар: 8(71134)22210, факс 31276, электрондық мекен-жайы: Akim_sirim@mail.ru, бірыңғай конкурстық комиссиясы құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

            «E-3 санаты» үшін лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 102 466 (min) теңгеден 138 214 (max) теңгеге дейін

  • Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы (E-3 санаты лауазым индексі №1-1-1) (уақытша – негізігі қызметкер бала күтімі бойынша демалыста)

Функционалдық міндеттері:

  • аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентінің сақталуын, әкімдік мәжілістерінің, әкім және оның орынбасарлары өткізетін басқа да шараларды ұйымдастыру және ақпараттық-аналитикалық талдау жағын қамтамасыз ету;
  • аудан әкімінің аудандағы мекеме, бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне берген тапсырмаларының орындалуын қадағалау және аудан әкіміне ақпарат беріп отыру;
  • аудан әкімінің аудан тұрғындары, мәслихат депутаттары алдында есеп беру кездесулерін дайындау;
  • әкімдік отырысын ұйымдастыру, хаттамаларын әзірлеу;
  • барлық деңгейде өтетін сайлау мәселелерімен айналысу;
  • ауылдық округ әкімдерінің жұмысын үйлестіру;
  • бөлім қызметкерлеріне жалпы басшылық жасау;
  • ауданның әлеуметтік - экономикалық бағытындағы стратегиялық даму жоспарларының жасалуына қатынасу және ұсыныстар, кеңестер беру;
  • аудан әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді орындау;
  • аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап жобасын дайындау;
  • аудан әкімдігі қаулыларын, аудан әкімі шешімдерінің тіркеу, орындалуын бақылау;
  • мемлекеттік қызмет көрсету және апталық, айлық, тоқсандық есебінің тапсырылуын қадағалау;
  • аудан әкімдігінің интернет ресурсының жұмыс жасауын қадағалау.
  • аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдарың қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші орган жұмысының жұргізілуін қадағалау;
  • аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыруылуын қадағалау;

мемлекеттік қызмет көрсету және апталық, айлық, тоқсандық есебін тапсырылуын қадағалау.
Білімі бойынша талаптар:
Жоғары білім.
Білім, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, ауылшаруашылығы ғылымдары, қызметтер, ветеринария, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар салаларынының мамандықтары

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
           
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы, берілген санат лауазымының мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функионалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Нысан бойынша жазылған өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) ақпараттарды бере алады.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас татуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
__________________________
__________________________
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені__________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
_________________________________________________________________
________                               ______________________________
  қолы                                                                  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.