«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Сырым ауданы әкімінің аппараты, 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан к., №8, 2- қабат 210-кабинет, анықтама үшін телефон: 8(71134)31276, Е-mail: Akim_sirim@mail.ru

1)Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы  («Е-R-4» санаты, 1 бірлік), «Е-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73266  (min) теңгеден 99103 (max) теңгеге дейiн.

 

Функционалдық мiндеттерi:

- елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жоюдың ережелерін әзірлеу;

- заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

- агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін заңнамаға сәйкес және осы саладағы және басқада нормативтік құқұқтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

- ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

- елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау және жаюдың ережелерін әзірлеу;

- агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына беру;

- тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті органына есептілік ұсыну;

- «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;

- заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын ұйымдастырады және жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария, техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, тамақ өнімдерінің технологиясы), әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғарғы білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі талап етіледі.

 

 

2) Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы  («Е-G-3» санаты, 1 бірлік),  «Е-G-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69903  (min) теңгеден 94148 (max) теңгеге дейiн.

 

Функционалдық мiндеттерi:

  • азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдану;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отыру;
  • тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
  • табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
  • қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
  • мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастыру;
  • қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
  • дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
  • мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастыру;
  • мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiру;
  • халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
  • шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру;
  • жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
  • туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
  • жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау.
  • ауылдық округі  әкімі аппаратының тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарын жасақтау;
  • округ бойынша сайлаушылар санын нақтылайды және тізімін түзеді; ай сайын есебін беріп отыру;
  • көп балалы аналарды наградтауға ұсыныстар беру;
  • нотариалдық іс-әрекеттер жүргізу;
  • мемлекеттік қызметшілер және кадр мәселесі жөніндегі тоқсандық есептерді аудан әкімі аппаратына тапсыру;
  •  «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің жұмысына жауапты болу;
  • ауыл тұрғындарын тұрғылықты жері бойынша есепке алу оның есебін жүргізу, іс-қағаздарды жүргізу жұмыстарын үйлестіру;
  • округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы паспортты жүргізу;
  • ауылдық округ әкімі тапсырған басқа да жұмыстарды атқару;

өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн округ әкiмнiң алдында жауап береді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білім, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, ауылшаруашылығы ғылымдары, қызметтер, ветеринария, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар салаларынының мамандықтары бойынша жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім рұқсат етіледі.

 

Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғарғы білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі талап етіледі.

 

 

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

         1)    Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

         2)    тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.         

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.         

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.

 

Қосымша ақпарат

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне, шешім шыққан күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде, шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

                                                                                                                            Нысан


__________________________

__________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

 

 

Өтініш

 

     

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

__________________________________________________________________

 

________                                               ___________________________________

  (қолы)                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.