Сырым ауданы әкімінің аппараты, 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан к., №8, анықтама үшін телефон: 8(71134)31276,    Е-mail: Akim_sirim@mail.ru
            
1) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман есепшісі «E-R-4» санаты, «E-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73266 (min) теңгеден  99103 (max) теңгеге дейiн.
                           
Функционалдық мiндеттерi:

  • бөлімнің қаржы есебін жүргізу;
  • облыстық басқармаға және аудандық  экономика және қаржы бөліміне есеп беру;
  • мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу;
  • қызметкерлердің айлық жалақысын есептеу, зейнетақы қорына қаржысын аудару;
  • барлық қаржылық операцияларды уақытылы орындау;
  • қаржы жұмсалуын, лимиттің сақталуын бақылау;
  • заңдылықтардың сақталуын қадағалау, методикалық басшылық және практикалық көмек көрсету жұмыстарын үйлестіру;
  • өз саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап жобасын дайындау;
  • облыс және аудан әкімінің шешімдерінің, әкімдік қаулыларының  уақытылы орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының (экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтары) бойынша жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім рұқсат етіледі.  

 

Құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

3) Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы  («Е-G-3» санаты, 1 бірлік),  «Е-G-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69903  (min) теңгеден 94148 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:
Ауылдық округ әкімі аппаратының номенклатурасын жасақтайды, ҚР «Мұрағат туралы» Заңына сәйкес аппаратта құжаттардың сақталуын, белгіленген мерзімде, сақталу мерзімі өткен құжаттарды аудандық мұрағатқа тапсыруды жүзеге асыру.  
- Мемлекеттік  қызметшілер және кадр мәселесі жөніндегі тоқсандық есептерді аудан әкімі аппаратына тапсыру.     
- Аппарат қызметкерлерінің біліктілік талаптарын жасақтап, бекітуге ұсыну.                                                                                                                                                                           
- Округ бойынша сайлаушылар санын нақтылайды және тізімін түзеді; ай сайын есебін беріп отыру.            
- Нотариалдық іс-әрекеттер жүргізу.                               
- Округтегі дүниеге келген балаларды және қайтыс болған адамдардың есебін жүргізу.                                                                        
- Көп балалы аналарды наградтауға ұсыныстар беру.         
- Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз ету.
- Тарихи мұра, қорымдарды, мәдени ескерткіштерді күтіп ұстауды ұйымдастыру.
-  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының, бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді, іс-шаралар жоспарын жасақтау, ақпараттар беру.              
- «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін жүргізеді.
- Ауылдық округі әкімі аппаратында құқықтық оқуларды өткізуді ұйымдастырады, кестесін жасақтап, баяндамалар дайындау.                                      
- Өз уәкілеттілігі шеңберінде анықтамалар, ақпараттар мен хабарламалар дайындау.                  
-  Шаруашылық кітабын жазбаша және электронды нұсқада жүргізу.
-  Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу.                   
- Елбасының Жолдауын насихаттауды ұйымдастырады.       
- Ауыл тұрғындарын тұрғылықты жері бойынша есепке алу оның есебін жүргізу, іс-қағаздарды жүргізу жұмыстарын үйлестіру.                                                   
- Округтегі мал қозғалысының есебін жүргізіп, ай сайын аудандық ауылшарушылық бөліміне тапсыру.
- Төтенше жағдайлар жөніндегі шараларды іске асыру. (Көктемгі су тасқыны, далалық өрттерді сөндіру жұмыстарын ұйымдастырады).
- Жеке және заңды тұлғалардан түскен ауызша-жазбаша өтініштер мен жұмыс жүргізеді. Тіркейді, есебін тапсырады. Өз құзіреті шеңберінде ауылдық округ әкімінің атына келіп түскен арыз, шағымдарға жауаптар дайындау.                                                                          
- Статистикалық есепті уақытында жүргізіп, қажетті орынға тапсырып отыру.
- Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
- Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша ақпараттар жинақтау, әзірлеу, тиісті орындарға ақпараттар беру.
- Елді мекендер аумақтарын санитарлық тазалауды ұйымдастыру.
- Ауыл әкімі аппараты кеңсесінің электр жүйесіне жауап береді, әкім аппараты кеңсесінің, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Округтегі мемлекеттік мекемелердің қыс маусымы кезінде бу қазандықтарының қалыпты жұмыс жасап тұруын назарда ұстау.
- Округ көлемінде өткізілетін жиындардын (сход) өтуін жоспарлап, олардың уақытылы өткізілуін қамтамасыз етіп, хаттамаларын толтыру.
- «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.                                                      
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді,  және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.                            
- Мұқтаж азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарына бақылау жасайды. Жалғыз басты азаматтарды жерлеуді ұйымдастыру.
- Округтегі қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау жасау.
- Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау.
- Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылардың тәрбие жұмыстарымен айналысу,  қоғамдық тәртіп мәселелерімен айналысу.
- Округте жастар саясатын жүзеге асырады, округ аумағында мәдени шараларды өткізуді ұйымдастыру.
- Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру.
- Окрутегі кәсіпкерлермен шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамыту бағытында жұмыс жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Білім, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, ауылшаруашылығы ғылымдары, қызметтер, ветеринария, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар салаларынының мамандықтары бойынша жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім рұқсат етіледі.

Құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Жоғарғы білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі талап етіледі.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне, шешім шыққан күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде, шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

_______________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_______________________________________________________
__________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________

_______                                              ___________________________________
(қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР
ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
___________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

______________________________
(лауазымы/должность, санаты/ категория
болған жағдайда/ при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туылған күні және жері/
Дата и место рождения

 

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шетел тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками

 

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болғанжағдайда)/
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ


Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/
должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_______________                                                                  ______________
Кандидаттың қолы                                                                         күні/дата
Подпись кандидата