Сырым ауданы әкімінің аппараты, 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан к., №8, анықтама үшін телефон: 8(71134)31276,    Е-mail: Akim_sirim@mail.ru

Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы   «E-R-1» санаты, «E-R-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142461 (min) теңгеден  192366 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:

мемлекеттік әлеуметтік саясат,халықты жұмыспен   қамту заңының, зейнетақы реформасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру және олардың орындалуын методикалық үйлестіруін қамтамасыз ету;

- халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін көтеру, кедейшілік пен жұмыссыздықтың деңгейін төмендету шараларын жүзеге асыру;

- еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік стратегиясын жүзсгс асыру:

- жергілікті еңбек рыногының жағдайын талдау және болжау, еңбек ресурстарының балансын жасау, осы арқылы ағымдағы және алдағы жылдарға арнап жұмыспен қамту бағдарламасын жасау, оның орындалуын қамтамасыз ету;

- жұмысқа орналасуы қиын болып жүрген жұмыстан босатылган адамдарды, жалгызбасты және көп балалы аналарды, мүгедектермен халықтың жұмыссыз жүрген баска топтарын даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру:

- өз құзіреті шегінде халықты жұмыссыз жүрген топтарына жәрдемақы және материалдық көмекпен қамтамасыз ету;

- азаматтардың өз бетінше жұмыспен айналысуына көмек көрсету ;

- жұмыссыздар ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;

- тұрғындардың арнаулы әлеуметтік қорғау, отбасы, ана мен баланы, мүгедектермен олардың отбасы мүшелерін сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындардың басқа да топтарын қолдау жөніндегі шараларды іске асыру;

- әлеуметтік еңбек саласында болып жатырған істердің жағдай туралы қорытынды құжаттар әзірлеу және жағдайларды болжау, процестерді талдау, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, аудан әкімі аппаратына мәлімет беру;

- әлеуметтттік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және іске асыру, еңбек жанжалдарын шешуге қатысу;

- бөлімде жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш берген азаматтарды қабылдау, тіркеу және есепке алу, анықтама беру;

- жұмыссыздарды өз келісімімен ақылы қоғамдық  жұмыстарға жіберу;

- еңбек рыногы жөнінде аудандық мәліметтер базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныстар мен ұсыныстарды болжау және талдау ,еңбек рыногының жағдайы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, жергілікті атқарушы органға халыққа хабарлау;

- жұмыс орнын ашу мәселесін қоса отырып, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу, жұмыссыздардың кәсіби даярлау және қайта даярлау, жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға көмектесу, жұмыспен қамту мәселесі бойынша ақысыз тегін кемек керсету;

- еңбек рыногының қажетіне және нарыктық қатынастар жағдайына сәйкес кадрлар даярлаудың мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруга қатысу;

- еңбекті қорғау мәселесі бойынша ұйымдармен өзара әріптестік және үйлестіру;

- еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау ;

- әлеуметтік еңбек мәселелері, соның ішінде жұмыспен қамту, еңбекті қорғау мүгедектер туралы заңдарға сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар, жәрдемақылар бер бөлігі жөнінде аудандық бағдарламалар әзірлеуге қатысу;

- еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталу мәселелері бойынша меншікті нысанына қарамастан ұйымдармен үйлесімді іс-әрекет жасау, өндірістік объектілерді салу және қайта құру үшін алдын-ала сақтық бақылау жүргізу, өндірісте зақымға ұшырағандарға және олардың отбасының мүшелеріне келген зиянының орнын толтыру;

- әртүрлі санаттағы және топтағы тұрғындардың , мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік демографиялык қажетін ескеріп, халықты әлеуметтік қамсыздандыру шараларын дамытуға қатысу;

- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші  бағдарламалардың әкімші қызметін орындау;

- азаматтардың арыз шағымдарын, ұсыныстарын қарау, ол бойынша қажетті шаралар алу азаматтарды қабылдау және оларға бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша кеңес беру;

- облыстың және басқа да өкімет органдарымен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдарымен мәселелерді бірлесіп шешу үшін өзара әрекет  жасау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білім (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының (әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау ісі), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру(медицина), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, техникалық ғылымдар және технологиялар (өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау) бойынша жоғары білім.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.  

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.  

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат: Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минут.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

_______________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________                                               ___________________________________

  (қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.