Сырым ауданы әкімінің аппараты, 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан к., №8, анықтама үшін телефон: 8(71134)31276,    Е-mail: Akim_sirim@mail.ru

1.Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы   «E-R-1» санаты, «E-R-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142461 (min) теңгеден  192366 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:

  • аудан азаматтарын мемлекеттік тілде білім беру мекемелерінде конституциямен кепілдендіріліген тегін орта білім алуын қамтамасыз ету;
  • аудандағы білім беру жүйесінің барлық бөлімдерінде ұлттық діни, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, аудан көлемінде үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету;
  • аудандағы білім жүйесін өзгертіп отыратын қоғамдық қажеттілікпен жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес әлеуметтік қорғау мен дамыту;
  • Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты;
  • білім беру саласындаға республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларды жүзеге асырудағы аудандық білім беру мекемелерінің жұмысына басшылық жасайды, облыс пен аудан әкімиятының қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді, білім беру жүйесін жетілдіру мен қорғаудың құқықтық негізі ретінде білім беруді жетілдірудің аймақтық бағдарламасын, аудан әкімдігі қаулыларының жобасын дайындайу;
  • білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, жүйесі мен саны жайында, кадрларды дайындау туралы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарына ұсыныстар дайындап аудан әкімиятына және облыстық білім басқармасына ұсыну;
  • аудандағы білім беру жүйесінің жайына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын анықтайды. Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы мен мемлекеттік білім беру стандартының сақталуына тексерулер жүргізу;
  • мемлекеттік емес білім беру мекемелерін дамытуға, мемлекеттік білім беру мекемлерінің жаңа үлгілерін ашуға, ақылы қосымша білім беру мен басқа да ақылы қызмет түрлерін жетілдіруге көмектесу;
  • бөлім білім беру қызметін лицензиялауды, ондай-ақ жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі және қосымша бағдарламаларын (арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғалардың сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
  • жалпы орта білім беру мазмұнының аймақтық мектеп компонентін жүзеге асыруға жағдай жасау үшін шаралар жасау;
  • облыстық білім басқармасымен келісе отырып, аудандағы мемлекеттік білім беру мекемелерін жабу, қайта құру, жаңадан ашу туралы аудан әкімиятына ұсыныс береді. Мектептер мен сыныптарды ашуды және азаматтардың ана тілінде оқуының басқа да үлгілерін, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті оқып үйренуді, шет тілін оқытуды ұйымдастыру;
  • аудан әкімімен келісе отырып, аудандағы білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындайды. Аудандағы білім беру мекемелерінің педагог кадрларға қажеттілігін анықтайды және толықтырады. Жас мұғалімдерді орнықтыру жұмысын жүргізеді, басшы лауазымдарға резерв қалыптастыру;
  • аудандығы білім беру мекемелерінің педагогтары мен басшыларының кәсіби біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді. Олармен әдістемелік жұмыс жасайды, белгіленген ережеге сай аттестация өткізу;
  • педагогикалық және басқару ісіндегі жаңалықтарға талдау жасайды, эксперименталдық алаңдар ұйымдастырады және бекітеді, ғылыми мекемелермен қарым-қатынаста болу;
  • халықты жұмыспен қамту қызметі, мекемелер мен ұйымдармен бірлесе отырып, жастарға кәсіби білім беру аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру;
  • жалпы білім беретін мекемелердегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, қызметкерлермен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі шараларының жүргізілуін,оқушы жастар мен балалардың өмірін қорғау мен денсаулығын нығайту жұмыстарына бақылау жүргізу;
  • жетім балалармен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ақыл-ой жағынан және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балалар мен мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж басқа да балалардың оқу мен тәрбиесінде, еңбек пен әлеуметтік қалыптасыуында бала құқының сақталуы мен әлеуметтік қорғалуын ұйымдастыру жұмысын жүргізу;
  • оқушылар арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту бағытында, дене тәрбиесі мен БӘД, туризм бойынша оқу-материалдық базаны жетілдіру жұмыстарын жүргізу;
  • аудандық мұғалімдер кәсіподағы комитетімен бірлесе отырып педагог қызметкерлерді, оқушыларды әлеуметтік қорғау шараларын жасайды және аудан әкімиятына ұсыныс беру;
  • білім саласындағы негізгі қорды сақтау мен жетілдіру шараларын жүргізеді, білім беру мекемлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында ұсынбалар әзірлеп аудан әкімиятына береді, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерге жоспар-тапсырыс жаайды, бір орталықтан қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • аудан бюджеті бойынша, білім саласына қаралатын және жұмсалатын қаржы жобасын жасайды және аудан әкімиятына ұсынады, қарауындағы мекемелерді қаржыландырады, жалпыға бірдей білім қорын жасақтайды, білім беру мекемелеріннің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізу;
  • білім беру мекемелерінің қаржы-шаруашылық дербестігін нығайту мен дамытуға көмектеседі, білім беруді дамытуға ынталандыру;
  • аудандағы білім саласының анықтама-ақпараттың қамтылуы ұйымдастырады, жаңа ақпараттық жүйе жасап, баспа-редакторлық қызмет құру;
  • білім саласында жетістікке жеткен қызметкерлерді марапаттауды жүзеге асырады, белгіленген ережеге сай мемлекеттік наградалар мен құрмет белгілеріне ұсыну;
  • белгіленген заңдарға сай азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсынбаларын қарайды, азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізу;
  • білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін құрады және дамытады. Жұмыстары туралы жұртшылықты хабардар етіп отырады, білім беру мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында кеңірек көрінуіне ат салысу;

- барлық жұмыстары туралы аудан әкімдігі мен облыстық білім басқармасы алдында есеп беру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білім, гуманитарлық ғылымдар (филология, тарих) бойынша жоғары білім.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

  1. Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының жоспарлау және есеп бөлімінің бас маманы (уақытша – негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыста) «E-G-3» санаты, «E-G-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69903 (min) теңгеден 94148 (max) теңгеге дейiн.

 

Функционалдық мiндеттерi:

- ауылдық округі әкімі аппаратында алынатын шешімдердің  жобаларын дайындауға ҚР заңдарына және Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының регламенттеріне сәйкес қажетті құжаттарды толық ұсынуға;

- өз саласы ауылдық округ әкіміне келіп түскен және әкім қабылдауында болған, жеке және заңды тұлғалардан  түскен арыз-шағым, өтініштерге  уақытылы жауап жобасын дайындауға жауапты;

- Жымпиты ауылы бойынша салық жинауды қамтамасыз етеді, тұрғындарға ескертпелер тарату, түскен төлемдерді бюджетке өткізу, салық органына есебін беру;

- туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

- қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

- ауылдық округтегі мәдени ескерткіштер мен қорымдарды күтіп ұстауды ұйымдастыру;

- статистикалық есепті уақытында жүргізеді;

- ауылдық округ көлемінде өткізілетін мәдени шараларды ұйымдастыру (клуб, кітапханалармен жұмыс);

 - ауылдық округ көлемінде үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау (діни бірлестіктер);

- ауылдық округ әкімі аппаратының құжаттарын мұрағатқа тапсырылуына жұмыстанады, мұрағатқа тапсыратын құжаттардың сақталуына жауап береді және мұрағатқа уақытылы тапсыруын ұйымдастырады;

 - құқық қорғау органдарымен жұмыстанады;

- мемлекеттік құпияны жария етпеу;

- бас маман болмаған жағдайда оны алмастырады;

- ауылдық округ әкімінің өткізетін жиналыстарын және комиссиялардың жұмысын өз саласы бойынша ұйымдастыру және хаттамалар толтыру;

- ауылдық округ бойынша әскери міндеттілерді әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру;

- дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;  (cпорт клубымен  жұмыс);

- өзінің жұмысын ұйымдастыру, азаматтарды қабылдау жұмысында тәжірибесі болу, мониторинг және аналитикалық ақпараттық әдістерімен түрлерін білу;

- ұжыммен адамдармен жұмыс істей білу, жан-жақты байланыс қарым-қатынаста болу, білімін үнемі жетілдіруге ынталану.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының (экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтары) бойынша жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім рұқсат етіледі.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Қосымша ақпарат: Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минут.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

_______________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

________                                               ___________________________________

  (қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.