Сырым ауданы әкімінің аппараты, 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан к., №8, анықтама үшін телефон: 8(71134)31276,    Е-mail: Akim_sirim@mail.ru

 

Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының жоспарлау және есеп бөлімінің бас маманы (уақытша – негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыста) «E-G-3» санаты, «E-G-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69903 (min) теңгеден  94148 (max) теңгеге дейiн.

 

Функционалдық мiндеттерi:

- ауылдық округі әкімі аппаратында алынатын шешімдердің  жобаларын дайындауға ҚР заңдарына және Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының регламенттеріне сәйкес қажетті құжаттарды толық ұсынуға;

- өз саласы ауылдық округ әкіміне келіп түскен және әкім қабылдауында болған, жеке және заңды тұлғалардан  түскен арыз-шағым, өтініштерге  уақытылы жауап жобасын дайындауға жауапты;

- Жымпиты ауылы бойынша салық жинауды қамтамасыз етеді, тұрғындарға ескертпелер тарату, түскен төлемдерді бюджетке өткізу, салық органына есебін беру;

- туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

- қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

- ауылдық округтегі мәдени ескерткіштер мен қорымдарды күтіп ұстауды ұйымдастыру;

- статистикалық есепті уақытында жүргізеді;

- ауылдық округ көлемінде өткізілетін мәдени шараларды ұйымдастыру (клуб, кітапханалармен жұмыс);

 - ауылдық округ көлемінде үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау (діни бірлестіктер);

- ауылдық округ әкімі аппаратының құжаттарын мұрағатқа тапсырылуына жұмыстанады, мұрағатқа тапсыратын құжаттардың сақталуына жауап береді және мұрағатқа уақытылы тапсыруын ұйымдастырады;

 - құқық қорғау органдарымен жұмыстанады;

- мемлекеттік құпияны жария етпеу;

- бас маман болмаған жағдайда оны алмастырады;

- ауылдық округ әкімінің өткізетін жиналыстарын және комиссиялардың жұмысын өз саласы бойынша ұйымдастыру және хаттамалар толтыру;

- ауылдық округ бойынша әскери міндеттілерді әскер қатарына шақыруды ұйымдастыру;

- дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;  (cпорт клубымен  жұмыс);

- өзінің жұмысын ұйымдастыру, азаматтарды қабылдау жұмысында тәжірибесі болу, мониторинг және аналитикалық ақпараттық әдістерімен түрлерін білу;

- ұжыммен адамдармен жұмыс істей білу, жан-жақты байланыс қарым-қатынаста болу, білімін үнемі жетілдіруге ынталану.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласының (экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтары) бойынша жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім рұқсат етіледі.

 

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.

 

Қосымша ақпарат:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының 

       2-қосымшасы

Нысан 

_______________________

 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш 

Мені______________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________

__________________________________________________________________

 

________                                               ___________________________________

  (қолы)                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.