Сырым ауданы әкімінің аппараты, 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан к., №8, анықтама үшін телефон: 8(71134)31276,    Е-mail: Akim_sirim@mail.ru

 

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы   «E-R-1» санаты, «E-R-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142461 (min) теңгеден  192366 (max) теңгеге дейiн.

 

Функционалдық мiндеттерi:

  • аудан азаматтарын мемлекеттік тілде білім беру мекемелерінде конституциямен кепілдендіріліген тегін орта білім алуын қамтамасыз ету;
  • аудандағы білім беру жүйесінің барлық бөлімдерінде ұлттық діни, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, аудан көлемінде үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету;
  • аудандағы білім жүйесін өзгертіп отыратын қоғамдық қажеттілікпен жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес әлеуметтік қорғау мен дамыту;
  • Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты;
  • білім беру саласындаға республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларды жүзеге асырудағы аудандық білім беру мекемелерінің жұмысына басшылық жасайды, облыс пен аудан әкімиятының қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді, білім беру жүйесін жетілдіру мен қорғаудың құқықтық негізі ретінде білім беруді жетілдірудің аймақтық бағдарламасын, аудан әкімдігі қаулыларының жобасын дайындайу;
  • білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, жүйесі мен саны жайында, кадрларды дайындау туралы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарына ұсыныстар дайындап аудан әкімиятына және облыстық білім басқармасына ұсыну;
  • аудандағы білім беру жүйесінің жайына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын анықтайды. Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы мен мемлекеттік білім беру стандартының сақталуына тексерулер жүргізу;
  • мемлекеттік емес білім беру мекемелерін дамытуға, мемлекеттік білім беру мекемлерінің жаңа үлгілерін ашуға, ақылы қосымша білім беру мен басқа да ақылы қызмет түрлерін жетілдіруге көмектесу;
  • бөлім білім беру қызметін лицензиялауды, ондай-ақ жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі және қосымша бағдарламаларын (арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғалардың сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
  • жалпы орта білім беру мазмұнының аймақтық мектеп компонентін жүзеге асыруға жағдай жасау үшін шаралар жасау;
  • облыстық білім басқармасымен келісе отырып, аудандағы мемлекеттік білім беру мекемелерін жабу, қайта құру, жаңадан ашу туралы аудан әкімиятына ұсыныс береді. Мектептер мен сыныптарды ашуды және азаматтардың ана тілінде оқуының басқа да үлгілерін, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті оқып үйренуді, шет тілін оқытуды ұйымдастыру;
  • аудан әкімімен келісе отырып, аудандағы білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындайды. Аудандағы білім беру мекемелерінің педагог кадрларға қажеттілігін анықтайды және толықтырады. Жас мұғалімдерді орнықтыру жұмысын жүргізеді, басшы лауазымдарға резерв қалыптастыру;
  • аудандығы білім беру мекемелерінің педагогтары мен басшыларының кәсіби біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді. Олармен әдістемелік жұмыс жасайды, белгіленген ережеге сай аттестация өткізу;
  • педагогикалық және басқару ісіндегі жаңалықтарға талдау жасайды, эксперименталдық алаңдар ұйымдастырады және бекітеді, ғылыми мекемелермен қарым-қатынаста болу;
  • халықты жұмыспен қамту қызметі, мекемелер мен ұйымдармен бірлесе отырып, жастарға кәсіби білім беру аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру;
  • жалпы білім беретін мекемелердегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, қызметкерлермен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі шараларының жүргізілуін,оқушы жастар мен балалардың өмірін қорғау мен денсаулығын нығайту жұмыстарына бақылау жүргізу;
  • жетім балалармен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, ақыл-ой жағынан және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балалар мен мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж басқа да балалардың оқу мен тәрбиесінде, еңбек пен әлеуметтік қалыптасыуында бала құқының сақталуы мен әлеуметтік қорғалуын ұйымдастыру жұмысын жүргізу;
  • оқушылар арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту бағытында, дене тәрбиесі мен БӘД, туризм бойынша оқу-материалдық базаны жетілдіру жұмыстарын жүргізу;
  • аудандық мұғалімдер кәсіподағы комитетімен бірлесе отырып педагог қызметкерлерді, оқушыларды әлеуметтік қорғау шараларын жасайды және аудан әкімиятына ұсыныс беру;
  • білім саласындағы негізгі қорды сақтау мен жетілдіру шараларын жүргізеді, білім беру мекемлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында ұсынбалар әзірлеп аудан әкімиятына береді, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерге жоспар-тапсырыс жасайды, бір орталықтан қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • аудан бюджеті бойынша, білім саласына қаралатын және жұмсалатын қаржы жобасын жасайды және аудан әкімиятына ұсынады, қарауындағы мекемелерді қаржыландырады, жалпыға бірдей білім қорын жасақтайды, білім беру мекемелеріннің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізу;
  • білім беру мекемелерінің қаржы-шаруашылық дербестігін нығайту мен дамытуға көмектеседі, білім беруді дамытуға ынталандыру;
  • аудандағы білім саласының анықтама-ақпараттың қамтылуы ұйымдастырады, жаңа ақпараттық жүйе жасап, баспа-редакторлық қызмет құру;
  • білім саласында жетістікке жеткен қызметкерлерді марапаттауды жүзеге асырады, белгіленген ережеге сай мемлекеттік наградалар мен құрмет белгілеріне ұсыну;
  • белгіленген заңдарға сай азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсынбаларын қарайды, азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізу;
  • білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін құрады және дамытады. Жұмыстары туралы жұртшылықты хабардар етіп отырады, білім беру мәселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында кеңірек көрінуіне ат салысу;

- барлық жұмыстары туралы аудан әкімдігі мен облыстық білім басқармасы алдында есеп беру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білім, гуманитарлық ғылымдар (филология, тарих) бойынша жоғары білім.

 

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      7) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдардағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 7 жұмыс күні ішінде, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланып отырған бос лауазым еңбек өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолм-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» эдектронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.

 

Қосымша ақпарат: Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минут.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

______________________

 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

________                                               ___________________________________

  (қолы)                                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының

3-қосымшасы

 

 

Форма

                       "Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
                   ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
                                   ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
             КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
                               ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата