«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 

Сырым ауданы әкімінің аппараты, 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан к., №8, анықтама үшін телефон: 8(71134)31276,    Е-mail: Akim_sirim@mail.ru

 

Сырым ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас инспекторы «E-3» санаты, «E-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 102466 (min) теңгеден  138214 (max) теңгеге дейiн.

 

Функционалдық мiндеттерi:

  • мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу;
  • мемлекеттік қызметшілерінің шектеу, ант қабылдауларын үйлестіру;
  • мемлекеттік қызметшілердің шектеулерін сақтауларына бақылау жасау;
  • тәртіптік комиссияның жұмысын жүргізу;
  • конкурстық комиссия жұмысын ұйымдастыру;
  • аппарат қызметкерлерінің, дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің аттестациядан өту мерзімдерін анықтау, аттестациялаудан өткізу үшін материалдар әзірлеу; аттестациялық комиссияның жұмысын үйлестіру;
  • мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына тиісті жазбаларды енгізу;
  • салық органдарына мемлекеттік қызметкерлердің табысы жөнінде декларацияларын тапсыруларын қадағалау;
  • мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстарын үйлестіру;
  • аудан бойынша көп балалы аналардың мемлекеттік наградаға ұсынылғандардың құжаттарын жинақтап, облыс әкімі аппаратына ұсынылуын мемлекеттік наградаларды тапсыруларын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік наградаға ұсынған адамдарға награда қағаздарын әзірлеу;
  • аудан әкімі аппаратының дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптарын жасақтау және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің БҚО бойынша басқармасына бекітуге ұсыну;
  • кадр қозғалысы есебін жүргізу, дайындау;
  • «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі жұмысын жүргізу;

өз саласы бойынша аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап жобасын дайындау.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

            Жоғары білім.

Білім, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызметтер, ветеринария, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар салаларының мамандықтары

 

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.

 

Қосымша ақпарат: Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минут.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік            

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының              

       2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

_______________________

 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

________                                               ___________________________________

  (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.