«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 

Сырым ауданы әкімінің аппараты, 090900, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан к., №8, анықтама үшін телефон: 8(71134)31276,    Е-mail: Akim_sirim@mail.ru

 

Жымпиты ауылдық округ әкімі аппаратының жоспарлау және есеп бөлімінің басшысы есепшісі «E-G-2» санаты, ««E-G-2»» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 101580 (min) теңгеден  137505 (max) теңгеге дейiн.

 

Функционалдық мiндеттерi:

  • ауылдық округі әкімі аппаратында алынатын шешімдердің жобаларын дайындауға ҚР заңдарына және Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының регламенттеріне сәйкес қажетті құжаттарды толық ұсынуға;
  • ауылдық округ әкімі аппартының жылдық шығыс жобасын әзірлеу, бекітуге ұсыну;
  • тиісті бекітілген штаттық кесте бойынша уақытылы қызметкерлердің еңбекақыларын есептеу, тиісті төлемдерді зейнетақы корларына, әлеуметтік төлемдерді және салық төлемдерін уақытылы аудару;
  • қаржы және аппарат есебіндегі құнды заттардың есебін жүргізу, сақталуына бақылау жасау, жыл аяғында инвентаризация өткізу;
  • өз саласы бойынша ауылдық округ әкіміне келіп түскен және әкім қабылдауында болған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап жобасын дайындауға жауапты;
  • жұмсалған қаржы құжаттарының дұрыс рәсімделуін, олардың заңдылығын, қаржының мақсатты және дұрыс жұмсалуын жүзеге асыру;
  • бухгалтерлік, стастистикалық есептерді және салықтық, экологиялық декларацияларды уақытылы тапсыру;
  • бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған жалдаудан түскен ақшаны түсуін бақылау;
  • бюджеттің атқарылуы бойынша мемлекеттік мекеменің есеп айырысу құжаттарын уақытылы ұйымдастыру;
  • мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
  • ауылдық округ көлеміндегі көшелерді жарықтандыру мен абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінетін қаржыларды құжаттар әзірленгеннен кейін уақытында аудару, жұмсалуын қадағалау;
  • ауылдық округ әкімінің өткізетін жиналыстарын және комиссиялардың жұмысын өз саласы бойынша ұйымдастыру және хаттамалар толтыру;
  • Жымпиты ауылдық округі бойынша салық және басқа да бюджетке түсетін түсімдердің орындалуын қадағалау;
  • бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталған жалдаудан түскен ақшаны түсуін бақылау;
  • бюджеттің атқарылуы бойынша мемлекеттік мекеменің есеп айырысу құжаттарын уақытылы ұйымдастыру;
  • мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
  • ауылдық округ көлеміндегі көшелерді жарықтандыру мен абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінетін қаржыларды құжаттар әзірленгеннен кейін уақытында аудару, жұмсалуын қадағалау;
  • ауылдық округ әкімінің өткізетін жиналыстарын және комиссиялардың жұмысын өз саласы бойынша ұйымдастыру және хаттамалар толтыру;
  • мемлекеттік құпияны жария етпеу;
  • бас маман болмаған жағдайда оны алмастырады;
  • өзінің жұмысын ұйымдастыру, азаматтарды қабылдау жұмысында тәжірибесі болу, мониторинг және аналитикалық ақпараттық әдістері мен түрлерін білу;
  • ұжыммен адамдармен жұмыс істей білу, жан-жақты байланыс қарым-қатынаста болу, білімін үнемі жетілдіруге ынталану.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

            Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім;

            Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласының қаржы, есеп және экономика  мамандықтары.

 

Құзыреттер бойынша талаптар:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Сырым ауданы әкімі аппаратында өтеді.

 

Қосымша ақпарат: Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минут.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік 

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының  

       2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

_______________________

 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені_________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

________                                               ___________________________________

  (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.