Мемлекеттік қызметтің беделі


Мемлекеттің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруда кәсіби мемлекеттік аппараттың кадрлық әлуеті  үлкен рөлді атқарады.
Мемлекеттік аппарат сапалы жұмыс істеу үшін, жаңғыртылған халықаралық үздік тәжірибені ескере отырып, ашықтық принциптеріне негізделіп қоғам алдында есеп беретін және шапшаң өзгерген уақытта тез шешім қабылдауды қажет етуіне байланысты барлық мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестациядан өткізу дұрыс деп есептеймін.
Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның бірінші реформасында кәсіби мемлекеттік аппарат құруды ашық айтылған. Дамыту арқылы өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыруға тиіс, заманауи кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін біздің мемлекеттік қызметшілер кәсіби деңгейімізді, жеке қасиеттерімізді толық анықтауға аттестация қажет болды.
Аттестацияның мақсаты тиімділік, ашықтық және есептілік, ең бастысы мінсіз мемлекеттік қызметті  көрсету.
Аттестацияның 3 кезеңдеріне әзірленгенде жұмыстарыма ой жүгіртіп, талдау жасадым, ауылдық округі әкімі ретінде мен кешенді  аттестатаудан өткеннен кейін оң серпіліс алдым. 
Өзім аттестацияның нәтижесіне ризамын, ал әріптестеріме  аттестаттауды сәтті тапсыруларын тілеймін.

 

Қ.Тулепов,
Жымпиты ауылдық округінің әкімі


Тізім (.doc)