Жосалы ауылдық округі бойынша жалпы халық саны – 900 (Қоңыр – 727, Тамды-157, Кеңащы-8, Былқылдақ-28). Аула саны 251, бос тұрған аула саны-48 с.і. Қоңырда-35, Тамдыда-13.

Жалпы жыл басынан округ аумағында 203 тұрбада 900 адам  тұрады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар–67, даярлық тобында-11,  мектеп оқушылары–123, зейнеткерлер–105, мүгедектер–31,  жұмыс іздеушілер есебінде тұрған–53,  студенттер–50, жұмыс жасайтындар–275, қалғандары өз шаруашылықтарымен айналысатындар және үй шаруасындағы жұмыссыздар.

Әлеуметтік сала
Округ бойынша жыл басынан 19 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде үш адам жаңадан  кәсіп ашса,  сегіз адам әлеуметтік жұмысқа орналасты, екеуі мектепке босаған қызметкердің орнына, біреуі жалдамалы, біреуі Тамды ШО 0,25 ставкамен медбикеге, төртеуі мал бақташылығына жұмысқа орналасты. 32 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.
17 азаматқа жекелеген азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдер, 12  отбасына /31 бала/  балалар жәрдемақысы, 26 отбасы 70 оқушы жалпы білім беру қорынан төленетін көмек /ыссы тамақ/  тағайындалды. «Мейірімді көктем» акциясы бойынша барлығы 75 адамға 142500 теңгенің көмегі көрсетілді. Яғни, наурыз, мамыр айларындағы даталы мерекелерде ас мәзірі, тыл еңбеккерлері мен «Алтын алқалы» аналарға сыйлықтар, аз қамтылған отбасыларына баспасөзге жазылу, азық-түліктен , отыннан көмек беру, Рамазан айында ораза тұтқан жандарға ауыз ашар беру  жұмыстары ұйымдастырылды.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында бес азамат несие алуға құжаттар дайындауда. Н.Карімғалиева, Қ.Тажғалиева  тұрғын үйін кепілдікке қою үшін құжаттарын жасақтауда.  «Береке» бағдарламасымен үш азамат 3 млн 600 мың тг несие алып 21 бас ірі қара малын бордақылауға қойды. Олар Т.Кажиахметов, И.Акшолаков, Т.Мағазов. «Өрлеу» бағдарламасымен екі отбасы /Өтепқалиева М, Габдуллин Ж/ 612 мың тг қаражатқа мал басын сатып алу ұйымдастырылды.  /бір бұзаулы сиыр, 3 қашар, 1 қой малын сатып алып өсіруде/. 
Округ бойынша мүлік, жер салығынан   101 мың тг тапсырылып, жоспар 98 пайызға  орындалды.
Маусым айының 16 күні Қоңыр ауылында «Жерлестер форумы» өткізіліп, Орал қаласында, ауданда қызметте жүрген ауыл азаматтары арнайы келіп қатысып, «Туған жер бағдарламасы» аясында болашақта жасалатын жұмыстар жоспарланды.  Атап айтар болсақ мектеп бітіргеніне 10,15, 20 жыл толған түлектердің көмегімен мектептің айналасын абаттандыру, гүлзарлар, көшеттер отырғызу. Мектеп бітіргеніне 25, 30, 35 түлектердің көмегімен ауылдық клуб пен кафенің аралығындағы алаңға парк жасақтауға қаржы жинау, 40 жыл толған түлектерге ауылдың кіре беріс бетіне  «Жосалы ауылдық округі» белгісін орнату жұмыстарын ұйымдастыру. Мұның сыртында жылма-жыл Қоңыр мешіті, ескерткіш алаңы, амбулатория, балабақша, әкімшілік, клуб, кітапхана, Тамды МП, клубы мен кітапханасы, шағын орталығы ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, айналасын күтіп ұстап, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру назарға алынады. Бұлардың барлығы келер жылдың үлесінде.

Ауыл шаруашылығы
 Есепті кезеңге /01.06.2017 ж/ ауылдық округте 2779 бас ірі қара, с.і. 1459 сиыр, 3390 бас қой, 569 бас ешкі, 293 бас жылқы және 992 құс тіркелген. Соның ішінде 1828 ірі қара, 1149 сиыр, 1973 қой, 51 ешкі, 114 бас жылқы, 106 құс ауыл шаруашылық құрылымдарының еншісінде.
Бүгінгі таңда ауылдық округте 13 ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген. Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру немесе мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған.   
Былтырғы жылдан бері «Қадыр-Жан-Қанат» ЖШС асыл тұқымды мал өсіру, егін салу, мал азығын дайындау  бағытында құрылып, жұмыс жүргізуде. «Тамды» АШӨК мүшелерінің келісімімен тоқтап тұр, «Даму Қоңыр» АШӨК  Қоңыр ауылының ірі қара малдарына асыл тұқымды бұқа сатып алып,  тұрғындардың мал басын асылдандыру  бағытында жұмыстануда.  Биылша мал иелері мал бағымына бақташыға мал басына 400 тг төлейді, ал келер жылы АШӨК есебінен кетеді, яғни бақташыға мал басына ақша төлемейді.  Жеке мал бағымы көктемнің жай шығуына байланысты мамыр айынан бастап бағылуда. Қоңыр ауылынан төрт бағытта, Тамды елді мекенінен бір бағытта бақташылар шығарылды. Мал иелеріне бақташының алдына малдарын айдап апарып қосу, кешкісін өрістен келген соң қарсылап алып, аулаларына қамау, малды көшеге тастамау, малды уақытымен бақташыға қосу, еңбегін ай сайын төлеп отыру, малы кешкісін келмесе бақташыдан талап ету. Бақташымен қанша бас мал қосқаны және малбасының бірдейлендіру нөмірін, малдың түр-түсін көрсете отырып, келісім шартқа отыру, түнгі мезгілде малды міндетті түрде ауласына қамау немесе байлап қою қажеттігі туралы тағы да айтамыз.  
Биылғы жылы Рамазан, Талап, Қаратай, Азамат, Дос ШҚ-тары  9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Қазіргі уақытта мерзімі келген, яғни шаруа қожалығында қолданыста екі жыл болған бұқаларды жеке табынға қосу жұмыстары ұйымдастырылуда. Рамазан, ГауМар, Жанқожа, Қаратай ШҚ 6 бас асыл тұқымды бұқаны жеке табынға қосу үшін құжаттары жинақталуда. Жеке табынға қосқаны үшін ШҚ-на үкіметтен қаражат төленеді.
Болашақта жеке тұрғындардың малын бір АШӨК етіп біріктіру жоспарлануда.
Ветеринариялық шаралар уақытында жүргізіліп тұрады. Биылғы жылы 5 бас ірі қара малынан  бруцеллез  ауру анықталып жойылды /Жанқожа ШҚ, Бактыгулов Б/. Бірдейлендіру бойынша 178 бас ірі қара сырғаланып, базаға енгізілді, ал  ұсақ малдан 1000 сырғаланып, соның 300 басы базаға енгізілді.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындары мен шаруашылықтар мал қыстағына дайындық жұмыстарын бастады. «Қадыр-Жан-Қанат» ЖШС 50 га бидай, «Талап» ШҚ 100 га арпа, 200 га бидай екті.

Шағын кәсіпкерлік саласы
 Округте шағын және орта бизнес біркелкі даму үстінде. Бүгінгі таңда 5 сауда нүктелері, 1 кафе тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

Білім беру саласы
Округте 1 білім беру ошағы еліміздің болашағы жастарға білім беруде. Жосалы орта мектебіне 2016-2017 оқу жылында 120  оқушы білім алды. Мектеп бітіруші түлектер саны-5. Төртеуі де ҰБТ-ға қатысып 102 орташа бал жинады. Маусымдық кезеңде екі аусыммен 1-7 сынып оқушыларына жазғы  демалыс лагерлері ұйымдастырылуда. Оған 80 оқушы қамтылады.

Денсаулық саласы
Округ бойынша 1 фелдакушерлік , 1 медициналық пункттер ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Ауылдық дәрігерлік амбулатория 5 керуеттік күндізгі ем қабылдау,  алғашқы көмектің дәрі-дәрмектерін сататын дәріханамен жабдықталған. Биылғы жылы скринингалық тексеруден 101 адам  өтті. Флюрографиялық  тексеруден ауданнан 35 адам  өтті. Күндізгі стационардан  60 адам тегін ем алды. Бір жасқа дейінгі бала саны-5. Есептегі жүкті әйелдер саны – 8.

Мәдениет және спорт
Округте 2 кітапхана,  2 клуб  бар.   2017 жылға кітаптар қоры 40709 дана. Оқырмандардың жалпы саны 560 адам. Мәдени ошақтар материалдық техникалық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Округтегі спорт өкілі  волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, күрес, дойбы т.б. ойын түрінен  спорттық шараларды жоспарға сай өткізіліп тұрады.

Ауыз су және газдандыру жұмыстары
Бүгінгі таңда ауыл ішінде 10 нүктеден су беріліп отыр.  Округ бойынша әлеуметтік нысандар мен 60 тұрғын үй, яғни 30 пайыз көгілдір отынға қосылған.  Мамыр айынан бастап «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су жүргізу басталды. Қазіргі кезде  су тарту жұмыстарының 60 пайызы орындалды. 

Байланыс, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары
Ауылдық округке сандық станциясы қойылып, байланыс сапасы жақсарды. Қазіргі уақытта 144 нүктеде телефон желісі жұмыс жасауда. «Beelinе» ұялы байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасауда.
Аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуларымен 7 рет сенбіліктер өткізіліп жеке көлік иелеренің көмегімен сенбілікте 6 тонна, жекелерден 200 т күл қоқыстар арнайы белгіленген орынға шығарылды. 140 түп көшет отырғызылды, 180 түп ағаш түптеліп, әктелді. Боздақтарға арналған ескерткіш тақта сырланып жаңартылды. Бұның сыртында елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету  бағдарламасы аясында  «Сырым» МКҚК арқылы  маусым айындың аяғында тазарту жұмыстары жүргізіліп, Қоңыр полигонының аумағы жайластырылады. Келер жылы Тамды полигон аумағын жайластыру, ор қазу немесе қоршау орнату жоспарлануда.
Ауыл тұрғындары тұрғын үйлерінің айналасын өз күштерімен абаттандырып, ауыл келбетін түзетуге атсалысуда.
Ауыл көшелерін жарықтандыруда қазіргі кезде Қоңыр ауылының 8 көшесінде, Тамды ауылының 2 көшесіне көше жарықшамдары орнатылған. Ауылдық округтің әл-ауқатын көтеру бағатындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Қоғамдық тәртіп
Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында 1 учаскелік инспектор жұмыс жасауда. Осы есепті кезеңге округ көлемінде  қылмыстық іс тіркелген жоқ, 11 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталып құқық бұзушылықтарға түрлі деңгейде әкімшілік шаралар қолданылды.
Округтегі тоқсан сайын өтетін қоғамдық келісім кеңесінің отырысында ауылдағы қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі тыныштықтың бұзылмауы, маскүнемдіктен азаматтарды алшақтату барысында кеңес өткізіліп тұрады.