Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы,  Бұлан ауылы 1969 жылы құрылған, аудан орталығы – Сырым ауданы, Округ орталығы-Бұлан ауылы , облыс орталығынан ара қашықтығы 128 шақырым.

Округ  аумағы – 49072 мың шаршы шақырым.

Ауыл шаруашылығы

Ауданымыз негізінде ауыл шаруашылығына бағытталған, соның ішінде мал шаруашылығы. 2017 жылдың  1 қаңтарына 10 шаруа қожалығы  тіркеліп отыр.
Мал шаруашылығында 2017 жылдың 1 қаңтарына  ірі қара мал –  684, қой мен ешкі барлығы – 3766, жылқы  -326,  үй құстары – 749 болып  отыр. Тұрғындардың келісімімен мал бағымы екі бағытқа бағылатын болды және әр мал басына басына 500 теңге ден деп шешілді.
Жануарларды бірдейлендіру, жылқыларды таңбалау жұмыстары сәуір айының 15 нен басталып  жүргізіледі. Бурцеллез қарсы 388 бас ірі-қара аналық малдан қан алынып оның 6 оң нәтеже берді, 212 бас ірі-қара қалғанынан қан алынып оның 3 еу оң нәтеже берді және 33 бас ірі-қара бұқа дан қан алынып барлығы таза нәтежие берді. 1529 бас ұсақ аналық тан қан алынып таза нәтежие берді, 170 бас ұсақ-мал қалғанынан қан алынып таза нәтежие берді және 68 бас қошқардан қан алынып таза нәтежие берді. Жылқыларды таңбалау жұмыстары жүргізіліп екі қожалықтын жылқылары таңбаланып және бір жеке тұрғынның жылқысы таңбаланды. Әр түрлі ауруларға қарсы ірі қара бас, ұсақ мал, жылқы малдары егілді. Сібір жарасы ауруына қарсы 950-ірі қара, ұсақ мал-1550 мал, 50-жылқы егілді. Қарасан ауруына қарсы 600-ірі қара мал егілді. Малдардын қанын алынуы, егілуі, таңбалануы толықтай жұмыстар жүргізілді және болашақтада жұмыстар жүргізіледі. 

Әлеуметтік сала

Бүгінгі таңда Бұлан ауылдық округінде 2 елді мекенде 2017 жылдың 1 қаңтарына  Бұлан -602,  Жамбыл – 348, барлығы 950 адам немесе  256 отбасы тұрады.  Соның ішінде мектеп жасына дейінгі  балалар - 102, мектеп жасындағы балалар / оқушылар/ -135 , студенттер-12, зейнеткерлер- 95,  тылда еңбек еткендер- 17 , әскер қатарында-2, мүгедектер -32, оның ішінде бала жасындағы мүгедектер-2. Ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған адамдар саны-18.                                          

Кәсіпкерлік саласы 

2017 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша ауылда 3 жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен 1 кәсіпкерге  көбейіуде  соның ішінде жұмыс жасайтындарының саны 3. Бұлан ауылы бойынша 5 азамат тіркеліп алдағы айларды несие алып мал өсірумен айналысуға ниет білдіріп отыр.  

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік желіні 1  фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, сондай-ақ 1 туберкулезге қарсы ауруханасы (заңды тұлға) кіреді.
Туғандар саны  3 адам,  қайтыс болғандар саны -1 адам .
2017 жыл басынан бері күндізгі емдеу бөлімінде -43 ауыл тұрғыны ем алды.  Үйге шақыртып ем алғандар саны 98 адамды құрайды.
Жоспар бойынша флюрографияға  1 тоқсанында түсуге тиіс адамдар саны 45  ауыл тұрғын болса соның 45-де түсіп  100% пайызға орындалып отыр. Диспансерлік есепте  тұрған  тұрғындар саны- 142.

Мәдениет саласы бойынша

Округ аумағында  мәдени ағарту  саласына  келсек 1 мәдениет үйі,1 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 1 спорт әдіскері өздерінің жылдық жоспарларына сәйкес жұмыстарын атқаруда. «Кел Жаңа Жыл» балаларға арналған ертеңгілік шара өткізілді,   «Кадыр оқулары» поэзиялық кеш, «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» дөңгелек үстел, «Ауғанның от жалыны» ауған соғысының ардагері Хабиев Амантаймен ауыл жастары және мектеп оқушылары кездесті, «Жанында жүр жақсы адам» алғыс айту күні жастар арасында дөңгелек үстел оздырылды.
Сырым Датұлының 275 жылдығы, Алаш қозғалысының 100 жылдығы және Ж.Досмұхамедовтың 130 жылдығына арналған ауыл жастарына шаңғы жарысы, мылтық ату, балық аулау сайыстары өткізілді. 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінде ауылдың мекеме қызметкерлері арасында волейболдан, үстел теннисі, эстафеталық жарыстар өткізілді және Сырым Датұлының 275 жылдығына орай 1-ші маусым күні мемлекеттік қызметшілер арасында шағын фудболдан жарыс өтті. Округ бойынша спорттық шаралар-14 өткізілсе, мәдени шаралар-13 шара өткізілді, қамтылған адамдар саны 512.
Өткізілгкен  мәдени шара 13, қатысқан   адамдар саны-322. Спорттық шаралар-14, қатысқан адам  саны -265.  

Білім беру

Білім беру желісін 1 жалпы білім беретін  және 1 негізгі мектеп құрайды (135 оқушы), барлық мектепте мемлекеттік тілде оқытады. Мектептер компьтермен қамтылған, интернетке қосылған. Екі мектеп бойыншша  35 мұғалім білім беруде. Оқу жылында   108 бала ыссы тамақпен қамтылып отыр.
Мектеп жанынан 1 балабақша, 2 шағын орталық жұмыс  істеуде. Шағын орталықта  барлығы 33, балабақшада 20  бала қамтылуда,  3 тәрбиеші қызмет етуде. 2017 оқу жылы жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені бойынша оқу жылын 93 оқушымен бастап, 95 оқушымен аяқтап отыр. Оқу жылы бойынша 25 оқу озаты, 32 оқу екпіндісі өз білімдерімен нақтылап отыр. Мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде 22 педагог тынбай еңбектеніп келеді. Оның ішінде жоғары білімді 20 мұғалім, жоғары санатты-4 мұғалім, I санатты-9 мұғалім, II санатты-3 мұғалім мектептің оқу-тәрбие жоспарына сай жүйелі жұмыстанды. 2017 жылы мектеп саласында жоспарға сай шаралар оздырылды өткізілген шараларға тоқтала кетсек. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық білім беру ұйымдары арасында өткен «Туристік кедергілер» жарысында мектеп жас мұғалімдері III орынға  ие болды. Дүниежүзілік 28- қысқы Универсиадағы қатысушы спортшыларды қолдау мақсатында мергендер сайысында аудан біріншілігінде Арман Аманбайұлы II  орын дипломға ие болды. Ұстаздар күніне орай және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының өзін-өзі басқару күні қойылып, ұстаздар орнына бір күндік сабақ беріп өтті. Сонымен қатар «Ұстазға арналды жыр-әнім» және «Мәңгілік елдің ұстазы» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концерттік бағдарламаны «Жас Ұлан», «Жас Қыран» өзін-өзі басқару ұйымдары ұйымдастырып өткізді.

Елді мекенді абаттандыру

Қаңтар, Ақпан, Наурыз айларында көше жолдарын қардан тазарту және су жолдарын ашу жұмыстары «Кәрім» ШҚ және «Тагра» ЖШС Тазалық айлығы кезінде әр үй иесі өз ауласын, үй жай айналасын тазалау,сенбіліктерге қатысып тазалық жұмыстары жүргізілді. «Тагра» ЖШС келісіліп қыстай қордаланған тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмысы сәуір айының 20 нан бастап  ұйымдастырылып жүргізілді. 10т. 3500 теңгеден деп келісілді. Өткізілетін сенбіліктер кезінде 200 дана ағаш көшеттері отырғызылды.

Қылмыс

2017 жылы 3 айында мал ұрлығы және қылмыс тіркелген жоқ. 13 құқық  бұзушылық  анықталап , әкімшілік  хаттама  толтырылды. Салынған айыпұл көлемі түгелімен өндірілді.