Әлеуметтік сала

Округте Қызылтаң, Шағырлой, Көздіқара, Жаңақоныс елді мекендері бойынша - 215 отбасы 1083 тұрғын бар, соның ішінде 2 татар ұлтының өкілі  мен 1081 қазақтар мекендейді. Зейнеткерлер-117. Мүгедектер саны-32.    
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1 отбасы 5 адам тартылды.  

Ауыл шаруашылығы

Округ бойынша жеке тұрғындар мен ауыл шаруашылық құрылымдарындағы ірі қара малы - 4166 бас, с.і. аналық сиыр-1750,  қой-ешкі  - 12726 бас,  жылқы - 2601 бас, түйе -4 бас және үй құстары 1235 басты құрайды.
Бүгінгі таңда ауылдық округте 21 шаруа қожалығы мен 1 ауылдық тұтыну кооперативі тіркелген.  Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру, мал басын асылдандыру және мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған.
2017 жылы  10  бас  асыл тұқымды аталық бұқа жаңартылып алынды.
Ауылдық округ бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмек субсидияларына  12 шаруа  қожалығы құжаттарын жинақтауда.   

Кәсіпкерлік саласы

Округте шағын және орта бизнестің дамуына толық жағдай жасалған. Ауылдық округтің экономикалық дамуына кіші және орта бизнес субьектілері салмақты үлес қосуда. Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласында 27 адам, 2 адам сауда- саттық саласында дүкендерде, 20 шаруа қожалықтары мен 2015 жылы құрылған заңды тұлға «Көздіқара»  АТК жұмыс жасауда.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде 1 жұма кәсіпкерлік негіздеріне 3 адам оқытылып, сертификаттарын алды.(Шагирова У, Абдуғалиев Е, Шуйншкалиев М)
«Игілік» бағдарламасы шеңберінде 5 адам құжаттарын дайындауда. Кәсіптік оқуда 1 адам ресми жұмыссыз Орал қаласында бухгалтерлікке
оқуда.  (С.Арыстанғалиев)
2  адам «Береке» бағдарламасы аясында  3 млн 900 мың  теңгеге шағын несие алып,  ірі қара малдарын бордақылаумен жұмыстануда. (Г.Абдуғалиева), (С.Каримов)              

Білім беру саласы

Округте  2 білім беру ошағы ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешені  мен Көздіқара негізгі мектебі.   ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешенінде-86 оқушы. МАДС-13, балабақшада-13, шағын орталықта-15 тәрбиеленуші бала болса, ал Көздіқара негізгі мектебінде- 37 оқушы, МАДС-6, шағын орталықта-13 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Жазғы демалыс лагерлерінде мектепшілік - 87 бала, аудандық демалыс лагерлерінде - 39 бала, облыстық «Дарын»  демалыс лагеріне 1 бала демалып, 2 мектептен Астана қаласындағы «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне 18 барып келді.

Денсаулық сақтау

Бұл салада  фельдшерлік акушерлiк пункт пен 1 фельдшерлiк пункт жұмыс жасайды.  
2017 жылдың 1 жартыжылдығында қабылданғаны - 640 адам. Жедел жәрдем көрсетілген - 56 адам, егілу, таңу емдерін - 45 адам. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша флюорогрфиядан 557 адам өтуі қажет. 6 ай ішінде 120 адам флюорографиялық тексерістен өтті, туберкулез ауруына шалдыққан адам округ бойынша тіркелмеген. Диспансерлік «Д» есепте үлкендер-170 адам, 17 сәби тіркелген. Күндізгі стацонарда емделгендер-106 адам. Скринингтен 25-70 жас аралығында 106 адам өтті. Тегін дәрі дәрмекпен қамтылғандар-120 адам. Есепте тұрған жүкті әйелдер-14. Жыл басынан бері 7 сәби дүниееге келді. Қайтыс болғандар саны-5. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

Мәдениет және спорт

Ауылдық округте 1 ауылдық мәдениет үйі және 2 кітапханасы өздерінің жоспарлары бойынша мәдени-көпшілік шараларын,  атаулы мерекелерге арнап дөңгелек үстелдер, бұрыштар, буклетер, оқырмандармен кездесулер ұйымдастырып отырады.    
8 маусым күні Шағырлой ауылдық кітапханасы модульдық кітапхана жүйесіне қосылды.
ҚР Рәміздерінің  25 жылдық, Сырым бабамыздың 275 жылдық, Алаш Үкіметінің 100 жылдық, Ж.Досмухамбетовтың 130 жылдық мерейтойларының шеңберінде бекітілген іс-шараларына сәйкес, 14 мәдени көпшілік спорттық шаралар өткізілді.
Ағымдағы жылдың 19 маусым күні «Туған жер» бағдарламасы аясында Шағырлой ауылында «Жерлестер форумы» өткізіліп, оған Шағырлой ауылының мектеп түлектері мен шаруа қожалық жетекшілері қатысты. Олар ауылды көркейту жұмыстары жайында жоспар құрып, ауыл жастарына спорт алаңын салып беру жөнінде шешім қабылдады.

Байланыс және газдандыру жұмыстары

Округтің 98% тұрғыны байланыс нүктелерімен қамтылған. Beeline ұялы байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр.
Округте 2014 жылдан бері табиғи газ жеке үйлер мен мемлекеттік мекемелерге өткізіліп келеді. Қазіргі уақытта толықтай табиғи газга Шағырлой ауылында 85 үй, Көздіқара ауылында 14 үй қосылған.

Елді мекендерді абаттандыру

Жыл басынан бері жарияланған санитарлық айлық аясында округ бойынша 8 рет сенбіліктер ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының өз есебінен 82  ауладан  «Ауыл»  ШҚ  техникаларының  күшімен  2884 тонна көлемінде күл - қоқыстар шығарылып, 7  аулаға ескертулер берілді. 
Сонымен қоса, санитарлық айлық кезеңінде мектеп ауласы мен мемлекеттік мекемелер айналасына 100 түп жасыл желектер отырғызылды.

Қоғамдық тәртіп

Округ бойынша 6 ай ішінде мал ұрлығы бойынша екі қылмыстық іс тіркеліп, қаралды. Оның біреуі ашылды. 26 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 107 777  теңге айыппұл салынды. Қоғамдық тәртіп сақтау бағытында 1 учаскелік инспекторы жұмыс жасауда. 

ИНФОРМАЦИЯ О ПРОДЕЛАННОЙ РАБОТЕ ПО Саройскому СЕЛЬСКОМУ ОКРУГУ ЗА 6 МЕСЯЦЕВ 2017 ГОДА
Социальная сфера

В населенных пунктах округа Кызылтан, Шагырлой, Коздикара, Жанаконыс насчитывается 215 семьях  1083 человек насиления. Пенсионеров-117, инвалидов-32. По программе «Орлеу» кредитом обеспечена 1 семья из 5 человек.

Сельскохозяйственная сфера

По округу личном подсобном и сельскохозяйственном хозяйстве  КРС – 4166 голов, в том числе коров-1750 голов, МРС- 12726 голов, лошадей -2601 голов, 4-верблюда, 1235-домашных птиц. На сегодняшний день в сельском округе  насчитывается около 21 к/х, 1 (СПК) сельский потребительский кооператив. Все работы направлены на разведении скота, увелечение роста поголовья, улучшение генофонда КРС подготовку  корма, селекционные работы.
За 6 месяцев 2017 году покуплены 10 новых племенных быков – производителей.
По сельскому округу 12  крестьянских хозяйств сдали документы на получение субсидий от государства.

Сфера бизнеса

В развитии экономики сельского округа вносят значительный вклад мелкие и средние субъекты бизнеса. На сегодняшний   день заняты бизнесом 27 человек, из них 2 человека имеют торговые точки магазины, 20 к/х и с 2015 года начал работать юридическое лицо СПК «Коздикара». В  рамках реализации государственной программы «Развития продуктивной занятости и массового предпринимательства» основам предпринимательства  3 безработных обучались в течении одной недели и получили сертификаты. (Шагирова У, Абдгалиев Е, Шуйншкалиев М)
По программе «Игілік» 5 человек готовят документы на получение кредита.  По техническому обучению городе Уральске 1 человек  обучается на бухгалтера. (Арыстангалиев С)
В текущем году по программе «Береке» 2 человек получили 3 млн 900 тысяч тенге кредита и купили 22 голов бычков.(Г.Абдугалиева),(С.Каримов)

Сфера образование

В округе работают две школы- Абайская средняя общеобразовательная школа-детсад и Коздикаринская основная  школа.
В Абайской СООШД насчитывается -86 школьников, в дошкольно- подготовительном классе-13, в детсаде-13 детей, в малом центре-15 воспитанников.
Коздикаринской основной школе- 37 учеников, в дошкольно-подготовительном классе-6, в малом центре воспитываются 13 малышей.
В летние каникулы при школьном лагере отдыхали-87, районных лагерях отдыха отдыхали -39 учеников. Один ученик отдохнул в областном лагере «Дарын». Из двух школ округа международной выставке «ЭКСПО» в городе Астане побывали 18 школьников.     

Сфера здравоохранения

В этой сфере работает  фельдшерный акушерский пункт и фельдерный пункт. 1 полугодии  2017 году  всего обратились -640 человек. Из них 56  людям оказано первая помощь, 45 – получили медицинскую помощ. По плану за текущий год должны пройти флюорографию 557, за 6 месяцев прошли обследование 120 человека, больных туберкулезом по округу не зарегистрировано. На диспансерном  «Д» учете стоят взрослые-170 человек, дети- 17. В дневном стационаре 106 человек получили лечение. 106 человек в возрасте 25-70 лет прошли скрининг. Бесплатными лекарственными препаратами по рецептам обеспечены 120 человек. На учете беременных стоят-14 женщин. С начало года родились -7 новорожденных. За 6 месяцев умерло-5 человек. Смерти матери и ребенка не зарегистрировано.

Культура и спорт

В селе работает 1 сельский клуб и 2 сельские  библиотеки проводят по плану культурно-массовые мероприятия, круглые столы, встречи организуют выставки.
8 июня текущего года сельской библиотеки Шагырлой открылась модульная библиотека.
Провели 14 культурно-массовых, спортивных мероприятий посвященные к 25 летию Символам РК, 275 летию С.Датулы, 130 летию Ж.Досмухамбетова и другие значимые праздники.
19 июня текущего года по программе «Туған жер» в с Шагырлой проведен форум «Жерлестер форумы» где участовавли выпускники с Шагырлой и руководители  крестьянских хозяйств округа. Они  обсудили дальнейши план работы по благоустройству аула и решили построит спортивную площадку для молодежи села.

Связь и газификация

98 % жителей обеспечены связью, работает сотовая связь «Beeline».
По округу с 2014 года природный газ подключен в частные дома и государственные учреждения. В данное время полностью подключены к природному газу 85 домов в  с Шагырлой, 14 домов в с Коздикара.

Благоустройство населенных пунктов

С начало года по округу в рамках объявленного  санитарного месяца организовано 8 субботников,  вывезено 2884 тонн мусора  в полигон транспортными средствами КХ «Ауыл», предупреждено 7 дворов.
Наряду с этим во время весеннего санитарного месяца было посажено 100 зеленых насаждений в школьных и государственных учереждениях.

Общественный порядок

Всего по округу за 6 месяцев зарегистрировано и рассмотрено 2 преступных дел по скотокрадству, 1 дело раскрыто.  26 человек привлечены к административной ответственности и оштрафованы  на 107777 тенге. Для соблюдения общественного порядка работает 1 участковый инспектор.