Әлеуметтік сала

Округте Аралтөбе, Қызылағаш елді мекендері бойынша - 269 отбасы 1089 тұрғын бар. Зейнеткерлер-131. Мүгедектер саны-38.    
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1 отбасы тартылып 300 мың тенгеге 2 бас мал сатып алып жұмыстануда.  

Ауыл шаруашылығы

Округ бойынша жеке тұрғындар мен ауыл шаруашылық құрылымдарындағы ірі қара малы - 4029 бас, с.і. аналық сиыр-1952,  қой-ешкі  - 7313 бас,  жылқы - 812 бас және үй құстары 1373 басты құрайды.
Бүгінгі таңда ауылдық округте 31 шаруа қожалығы мен 1 ауылдық тұтыну кооперативі және 1 «Жымпиты» ЖШС тіркелген.  Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру, мал басын асылдандыру және мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған.
2017 жылы  7  бас  асыл тұқымды аталық бұқа жаңартылып алынды.
Ауылдық округ бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмек субсидияларына  17 шаруа  қожалығы құжаттарын жинақтауда.   

Кәсіпкерлік саласы

Округте шағын және орта бизнестің дамуына толық жағдай жасалған. Ауылдық округтің экономикалық дамуына кіші және орта бизнес субьектілері салмақты үлес қосуда. Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласында 31 адам, 6 адам сауда- саттық саласында дүкендерде, 31 шаруа қожалықтары мен «Жымпиты» ЖШС жұмыс жасауда.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде 1 жұма кәсіпкерлік негіздеріне 7 адам оқытылып, сертификаттарын алды.
3  адам «Береке» бағдарламасы аясында  6 млн 100 мың  теңгеге шағын несие алып,  27 бас  ірі қара малдар алып бордақылаумен жұмыстануда.

Білім беру саласы

Округте  2 білім беру ошағы ЖББ Аралтөбе орта мектебі мен Қызылағаш негізгі мектебі бар.   ЖББ Аралтөбе орта мектепте -89 оқушы. Шағын орталықта-25 тәрбиеленуші бала болса, ал Қызылағаш негізгі мектебінде- 39 оқушы, шағын орталықта-20 бала тәрбиеленуде.
Жазғы демалыс лагерлерінде мектепшілік - 45 бала, аудандық демалыс лагерлерінде - 12 бала, 2 мектептен Астана қаласындағы «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне 22 оқушы барып келді.
Денсаулық сақтау

Округ бойынша  амбулатория мен 1 фельдшерлiк пункт жұмыс жасайды.  
2017 жылдың 1 жартыжылдығында қабылданғаны - 480 адам. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша флюорогрфиядан 700 адам өтуі қажет. 6 ай ішінде 146 адам флюорографиялық тексерістен өтті, туберкулез ауруына шалдыққан адам округ бойынша тіркелмеген. Күндізгі стацонарда емделгендер-100 адам. Скринингтен 25-70 жас аралығында 156 адам өтті. Жыл басынан бері 7 сәби дүниеге келді. Қайтыс болғандар саны-3. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде жыл ішінде ана өлімінің және туберкулезден өлім-жітімнің бірде - бір фактісі тіркелген жоқ.

Мәдениет және спорт

Ауылдық округте 1 ауылдық мәдениет үйі және 1 модульдық  кітапханасы 1 кітапхана өздерінің жоспарлары бойынша мәдени-көпшілік шараларын,  атаулы мерекелерге арнап дөңгелек үстелдер, бұрыштар, буклетер, оқырмандармен кездесулер ұйымдастырып отырады.    
ҚР Рәміздерінің  25 жылдық, Сырым бабамыздың 275 жылдық, Алаш Үкіметінің 100 жылдық, Ж.Досмухамбетовтың 130 жылдық мерейтойларының шеңберінде бекітілген іс-шараларына сәйкес, 12 мәдени көпшілік спорттық шаралар өткізілді.

Байланыс және газдандыру жұмыстары

Округтің тұрғындары үшін  Beeline, Kceel ұялы байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр.
Округте 2016 жылдан бері табиғи газға 93 жеке үйлер мен барлық мемлекеттік мекемелерге толықтай өткізілді.

Елді мекендерді абаттандыру

Жыл басынан бері жарияланған санитарлық айлық аясында округ бойынша 8 рет сенбіліктер ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының өз есебінен 162  ауладан  «Себек»  ШҚ  техникаларының  күшімен барлығы 360 тонна көлемінде, сонымен қатар жергілікті бюджеттен бөлінген 300 мың тенгеге 1180 тонна күл – қоқыс полигонға шығарылды
Сонымен қоса, санитарлық айлық кезеңінде мектеп ауласы мен мемлекеттік мекемелер айналасына 250 түп жасыл желектер отырғызылды.