Бұлдырты ауылдық округінде 2017 жылдың ІІІ (9 ай қорытындысымен) тоқсанында атқарылған жұмыстар .
Бұлдырты ауылдық округі ауданымыздағы іргелі округтердің бірі. Округімізде қазіргі уақытта 3002 тұрғын өмір сүруде.
2017 жылға округ бойынша 1 522 452  теңге салық жинау жоспарланған болса,  9 айда: мүлік салығының жоспары 114 078 теңге болса ол 100 пайызға орындалды,  жер салығының жоспары 107 634 теңге болса, ол да 100 пайызға орындалды, көлік салығының жоспары 1 300 740 теңге болса, оның 513 448 теңгесі жиналып, 39,5 пайызға орындалып отыр.
Округіміздің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан бұл саланы дамытуға үлкен көңіл аударылуда.
Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту бойынша биылғы жылы  82-маркалы 1 трактор әкелінді. Жалпы округке соңғы үш жылда МТЗ маркалы жаңа 12 трактор, 2-пресс, 3-кун, 2-косилка, 1-камаз сатып алып алынды.
«Береке» бағдарламасы аясында биылғы жылдың 9 айында 9 адам 20 млн 650 мың теңге несие алып, оған 85 бас бұқашық сатып алды. Қазіргі таңда бұрыннан мал бордақылаған 7 адам алдынғы бордақылауға қойылған малдарын  сатып, орнына қайта мал алуда. 
Мал басын бірдейлендіруге ірі қараға берілген 418 дана құлақ сырғасы сырғаланып, ұсақ малға берілген 3300 сырғаның барлығы тағылды. Жылқы малын таңбалау жоспары 460 бас болса, соның 355 басы таңбаланып, 77 пайызға орындалды.
Округ бойынша 9 айда 5428 бас ірі қарадан қан алу жоспары 100 % орындалды. Ұсақ малдан тоқсандық жоспар 7921 бас болса жоспар толығымен орындалды.  Бруцеллезге зерттелген ірі қара малдан 133 бас, ұсақ малдан 28 бас анықталып, барлығы заңға сәйкес жойылды.
Өткен жылмен салыстырғанда малда өсім байқалып, ірі қара мал 380 басқа, жылқы 10 басқа өсіп отыр.
2017 жылдың 1 шілдесіндегі мал санағы бойынша ірі қара мал 6860 басты, қой 10571 басты, ешкі 2682 басты, жылқы 2178 басты, түйе 4 басты құрап, құстар 1899 дана болып отыр.
Ауыл тұрғындарын бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында «Қожағұл» шаруа қожалығының жетекшісі Куанышев Байжан биылғы жылы  3 га жерге қарбыз, қауын, картоп, пияз екті.
Мал басын көбейту бағытында биылғы жылғы несие алуға 14 адам ниет білдіріп отыр. Қазіргі таңда 6 адамның мүліктерін кепілдікке қойып, несие алуға құжаттарын рәсімдеп, қаржының түсуін күтуде.
Тұрғындарды әлеуметтік қолдау мәселесі де басты назарда.  Биылғы жылы 9 айда 13 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды. Ресми тіркелген 253 жұмыссыз азаматтың 130 ы қоғамдық ақылы жұмысқа тартылды. 81 адамға 1 млн 650,9 тенге материалдық көмек берілді. 103 отбасыдағы 269 балаға 4 млн 672,2 т 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы төленді.
Тұрақты жұмысқа 9 айда  10 адам алынды.
Биылғы оқу жылында Бұлдырты орта мектебінде 372, Көгеріс негізгі мектебінде 41 оқушы білім алуда. 2017 жылы Бұлдырты орта мектебі бойынша 46 бала бітіріп, оның 5 алтын белгі, 1-уі ерекше аттестат иегері атанды. Бұл і жалпы округіміз үшін қуанышты жәйт. 
Қазіргі таңда балалардың жазғы уақытын тиімді ұйымдастыру  мақсатында Бұлдырты орта мектебі жанындағы «Балдәурен» лагерінде ауылдың оқушыларынан 5 кезенде 264 бала қамтылса, аудандық «Достық» демалыс лагерінде 49 оқушы демалды.
«Денсаулық» бағдарламасының индекаторларын жергілікті жерде жүзеге асыру мақсатында биылғы жылдың 9 айында  Скринингтен 946 адам өтсе, 960 адам профилактикалық тексеруден өтті. 1283 адам флюрографияға түсті.
Биылғы жылдың 9 айында айында округ бойынша 36 сәби дүниеге келсе, 37 ана жүктілік бойынша есепке алынып отыр.
Аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуларымен өткізілген сенбіліктер кезінде 1100 тонна күл қоқыстар арнайы белгіленген орынға шығарылды.
Биылғы жылы бөлінген қаржыға сәйкес Көгеріс елді мекенінен қордаланып қалған 400 тонна күл қоқыс шығарылса, Бұлдырты ауылында орналасқан қатты тұрмыс қалдықтарын төгетін полигон айналасы тазартылды.
Өткен жылы ауылымызға көгілдір отын келді. Қазіргі таңда газге Бұлдыртыда 136 үй, Көгерісте 15  үй, Қарақұдықта 3 үй қосылып тұр.
2017 жылдың 9 айында округ бойынша 17 қылмыстық оқиға тіркелді. Соның ішінде 4 қылмыс  ашылып, 13 қылмыс ашылмай отыр.     
96 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 135 005 теңге айыппұл салынды.  Соның ішінде өндірілгені 100 пайыз. Осының ішіндегі 2 шетел азаматтары. Бұлардың материалдары сотқа жолданды.
Қазіргі таңда округ бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебіне 4 санаты бойынша барлығы 16 адам кезекте тұруына орай, осы мәселені шешу үшін Бұлдырты ауылынан 20 тұрғын үйдің орнына инженерлік-комминкациялық жүйелерді жайластыру жұмыстарына 20,7 млн теңге бөлініп, толығымен жұмыстар аяқталды. Сол 20 үйдің орнына мемлекет тарапынан биылғы жылы 10 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал, қалған 10 үйдің орнына жеке тұрғын үй салуға тілек білдірген азаматтардың құжаттары жинақталды. Осы участоктерді тұрғын үй құрылыс бастау үшін рәсімдеу жұмыстары  аяқталу қарсаңында. 
Округтегі обектілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында ЖББ Бұлдырты орта мектебінде оқушылардың тәртібін қадағалау үшін 13 дана бейнекамера орнатылған.
Округтегі діни ахуалды бірқалыпты ұстап, ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сырым елі» газетінде  2017 жылдың 9 тамызы күні Екпе алудың маңыздылығы жөнінде мақала жарияланды.
2017 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының бұйрығымен ауылымызға Тулебаев Сарсенбай Бодықұлы тағайындалып, қазіргі уақытта жұмыс жасап жатыр. Ауылда өлім-жітім болған жағдайда имам қатысып, діни жоралғылар жасап, дәстүрлі дінді үнемі насихаттап жүреді. Ол имамның тағайындалуымен ауылымызда мешітке барып, намазға қатысатын адам саны көбейіп, теріс ағымда жүрген азаматтар мешітте имамның берген тәртібімен, дәстүрлі дініміздің талаптары бойынша құлшылық етеді.