Округте Қосарал, Жетікөл, Ағоба, Қарақұдық елді мекендері бойынша  – 263 отбасы 1188 тұрғын бар. Зейнеткерлер  95. Мүгедектер саны 38 адам, 5-і бала жастан, 3 адам – І топ, 18 адам – ІІ топ, 12 адам – ІІІ топта. 
Бүгінгі   таңда   «Өрлеу»   бағдарламасына    6 отбасы 31 адам тартылды.
Ауыл шаруашылығы
Округтің экономикалық  негізгі бағыты - мал шаруашылығы болып табылады. Округте 27 қожалық, 1 ЖШС тіркеліп тұр, олар негізінен мал өсіріп, мал азығын дайындаумен айналысады. Жеке тұрғындармен шаруашылық құрылымдарындағы мал басы саны - ірі қара мал – 4700 бас, с.і. аналық сиыр – 2200 бас, қой мен ешкі – 14500 бас, жылқы – 1970 бас,  түйе – 2 бас және үй құстары –  715 басты құрайды.  
Шағын кәсіпкерлік саласы
Бүгінгі таңда 2 сауда нүктесі, 1 кафе бар.
Ауылдық округ әкімі  аппаратымен   2017 жылдың 9 айында ауыл тұрғындарынан мүлік салығы 46200 тенге, жер салығы 44800тенге  жиналып бюджетке тапсырылды, барлығы 99 % ға орындалып отыр.
Білім беру саласы
Округте 2 мектеп – орталықта жалпы білім беретін Сырым орта мектебі балабақша кешені  және Жетікөл ауылында бастауыш мектеп жұмыс істейді. ЖББ Сырым  орта мектебінде –182 оқушы. МАДС-21, балабақшада 36, шағын орталықта 20 тәрбиеленуші бала бар. Жетікөл бастауыш мектебінде – 9 оқушы, МАДС–5, шағын орталықта–15 бүлдіршін тәрбиеленуде. Жетікөл бастауыш мектебі ағымдағы жөндеуден өтті. ЖББ Сырым орта-мектеп балаблақша кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары 1 қарашада толық аяқталады.
Денсаулық саласы
Округте арнаулы автокөлікпен, телефон байланысымен жабдықталған дәрігерлік амбулатория және 1 медициналық пункт жұмыс жасап тұр.
Ауылдық амбулаторияның 5 керуетті күндізгі емдеу бөлімінде жыл басынан  290 адам ем алды, үйден ем алғандар саны 20 адам. Диспансерлік есепте 261 ересек, 60 бала тіркеліп тегін дәрі-дәрмек, ем алып отыр. Жоспар бойынша жыл бойына 695 адам флюорографияға түсуге тиіс болса, 9 айда 621 адам түскен, туберкулезбен есепте тұрғандар жоқ.
Туу жасындағы (15-49 жас аралығындағы) әйелдер саны 209 адам болса, бүгінгі күні  есепте 14 жүкті әйел тіркеуде тұр, жыл басынан бері 9 сәби дүниеге келді.
Жыл басынан қайтыс болғандар саны 9 адам.
Мәдениет және спорт
  Ауылдық округте 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана бар. Мәдени-спорттық шаралар жоспарлы түрде өз деңгейінде ұйымдастырылып келеді. Қаңтар айында Сырым Датұлының 275 жылдығы қарсаңында «Ел бірлігін ойлаған Сырым батыр» атты әдеби – сазды кеш барысында Сырым бабамыздың рухына тағзым ете отырып Ғ.Мүсіреповтың «Болашаққа аманат»  қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Кеш соңында осы шараға қатысушы қонақтар Сырым баба туралы өз пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта кіндік қаны тамған жерінде бабаға арналып ескерткіш орнатылатындығын жеткізді.
Аналар мерекесі, Ұлыстың Ұлы күні наурыз, Жеңіс күні көріністер мен  концерттер қойылып, футбол, волейбол, тенис ойындарынан турнирлар, ұлттық спорттық ойындардан (аударыспақ, арқан тартыс, қол күресі) жарыстар жоспарлы түрде өткізілді.
Жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді бойына сіңіру мақсатында қолбасшы батыр, би, шешен Сырым Датұлынының 275 жылдығына арналған «Айбынды жігіттер–2017» аудандық байқауына ауылдық округ атынан Төкеш Сырымбек қатыстырылып, байқаудың барлық шарттарын жоғары дәрежеде орындап, жүлделі 1-ші орынға ие болды. 
Сырым Датұлының 275 жылдығына арналып Жетікөл ауылдық округінде ас беріліп, рухына құран бағышталды. Асқа қатысушы аудан қонақтар, ауыл үлкендері Сырым баба туралы естеліктермен бөлісті, шара барысында патриоттық әндер шырқалып, Сырым баба туралы өлеңдер оқылды. Қосарал мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өткізіліп, айналасы қоршалып алдына төсеме  төселді.
Елді мекендерді абаттандыру
Санитарлық тазалық айларында ауыл тұрғындары белсенділік танытып өз қаражаттары есебінен 150 тұрғын үй маңдарындағы қыстан жиналған 3000 т  күл-қоқыстарын «Тагра» ЖШС және шаруа қожалықтары мен жеке техникалармен  арнайы полигондарға шығарылды.
Елді мекендердегі санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жалғастыру мақсатында 500 мың тенге қаржы бөлінді, «Тагра» ЖШС ұтып алып, қатты, қауыпсыз қалдықтарды шығаратын полигондарды жинақтап, абаттандыру және иесіз қалдықтар, қордаланған қоқыстар шығарылды.
Биыл ауылымызда барлығы 250 түп ағаш көшеттері отырғызылды, соның ішінде 150 түп орталық саябаққа отырғызылды, оның 60 түбін өз қаражатына сатып әкеліп кәсіпкер Б.Күсесов отырғызды.
«Туған жерге тағызым» бағдарламасы аясында Атырау қаласында тұратын жерлес кәсіпкерлеріміз Б.Күсесов, Т.Удреев  балабақша ауласына құны      1 млн 200 мың  теңге тұратын ойын алаңын жабдықтады. 

Алдағы өткізгелі отырған Сырым батырдың 275 жылдығына орай ауылға кіре берісте арка жасалмақшы, бұл жұмысты жерлесіміз кәсіпкер А.Әлімбетов  іске асырмақшы және «Сырым» МКК-сы  аудан орталығына қатынасатын тас жолдың қыс мезгілінде қар басатын ауылға кіре беріс жерлерін биіктетіп, жазда жаңбырда батпақ болып автокөліктерді жүргізбейтін бөліктеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізбекші.
Қылмыс пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету
2017 жылдың   9   айында    округ   бойынша 4 қылмыстық іс (мал ұрлығы)  тіркеліп, 2 ашылды.
Құқық бұзушылық фактісі бойынша 57 әкімшілік хаттама толтырылып, әртүрлі шаралар алынды. Соммасы 149755,5 теңге айыппұл салынды. (92,4% өндірілді).