Жымпиты ауылдық округінде ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында 1540 үйде 1754 жанұя тұрады. Оның құрамында 7014 адам бар. (с.і Жымпиты 5860, Өлеңті 1045, Бірінші май 109 адам)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамтуды арттыруға қатысты тапсырмасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөлініп келеді.
Аудан орталығында 472 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Олардың 33-і жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 49 шаруа қожалығы, 390 жеке кәсіпкерлер. Соның ішінде 44 сауда орындары, 11 тұрмыстық қызмет көрсету обьектілері, 10 қоғамдық тамақтану обьектілері халыққа қызмет көрсетуде.
Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктері арқылы округтегі шағын және орта бизнесті дамыту жаңа деңгейге шықты. Аудан орталығында ұйымдастырылған  ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінде тұрғындарға арзандатылған бағамен ет, сүт, бау-бақша өнімдері,  жалпы 22 903 225 млн. теңгенің өнімі сатылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы»  аясында округ бойынша 40 адам  бизнес жобаларын ұсынып, несие алуға ниет білдіріп отыр. Қазіргі таңда 1 адам тиісті құжаттарын тапсырып 3.2 млн теңге көлемінде несие алды. Округте жеке кәсіпкер А.Кубиева Н.Қолғанатов көшесінің бойынан ветеринариялық дәріханасын, Өлеңті ауылының тұрғыны М.Мустафиева өз қаражатына Жымпиты ауылының С.Датов көшесі бойынан қоғамдық тамақтану орнын құрылысын аяқтап іске қосса, жеке кәсіпкер М.Шамарова өз қаражатына Амангелді көшесі бойынан киім-кешек дүкенін, ауыл тұрғыны Р.Искаков кондитерлік өнімдер сататын дүкен құрылысын, Б.Қаратаев көшесі бойынан жеке кәсіпкер Н.Удреев ет дүкені құрылысын, жеке кәсіпкер А.Нурмуханов ет және киім-кешек сататын дүкен құрылысын  салып жатыр.  Сонымен қатар, Абай көшесі бойынан ауыл тұрғыны Т.Шайхиев азық-түлік дүкенін салуда. Жол сервистік қызметті дамыту мақсатында Жымпиты ауылының тұрғыны Б.Хамидуллин өз қаражатына Орал-Шымкент халықаралық маңызы бар тас жолының бойынан асхана құрылысын салып жатыр.
МАЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Жымпиты ауылдық округі бойынша 49 шаруа қожалығы тіркелген. Соның ішінде 48-і мал өсірумен, 1 қожалық  бақша егумен айналасады. Ағымдағы жылдың есепті мерзімінде ірі қара - 8300 бас, соның ішінде аналығы –3701; ұсақ мал-19920 бас, с.і саулығы – 11307, Жылқы-2858 бас, аналық- 1088, құс-2010, түйе-35, аналық -17.
Жоғарыда көрсетілген ірі қараның 4554-і 54,9%, 10349 ұсақ малы 51,9%, 1926, 67,4% жылқы, 35 түйе шаруа қожалықтарына тиесілі.
2017 жылдың есепті кезеңіне ірі қарадан-2517, ұсақ малдан -8444, жылқыдан-794 төл алынды.
Асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту бағытында «Құлан» бағдарламасымен «Эдельвейс-Партнер» ЖШС 13,2 млн. теңгеге 40 бас бие, 4 айғыр сатып алды.
Ауылдық жерде жұмыссыздықты азайту, ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында «Береке» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Аталмыш бағдарлама бойынша 38 жеке кәсіпкер 119.4 млн. теңге несие алып 442 бас ірі қара малын сатып алды. Округ бойынша мал шаруашылығымен айналысатын 26 шаруа қожалығына үкімет тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп 1677 бас аналық малына 16 770 000  млн. теңге көлемінде субсидия төленді. Жымпиты ауылдық округі бойынша 22.5 мың тонна мал азығы дайындалып, жоспар 102 % орындалды.  Мал азығын дайындау науқанында 60 трактор, 30 агрегат, 30 орақ жұмылдырылды. Шөп дайындау науқанын қарқынды жүргізу мақсатында «Әсем» шаруа қожалығы  «ҚазАгроҚаржы» ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1 МТЗ-82 тракторын сатып алды. Округ бойынша 60 гектар жерге картоп, 54 гектар жерге көкөніс, бау-бақша 19 гектар жерге егілсе, сәйкесінше 726 тонна картоп, 653 тонна көкөніс, 220 тонна бау-бақша өнімі алынды.
ХАЛЫҚТЫ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚОРҒАУ
Жымпиты ауылдық округі бойынша 2017 жылдың 1 қазанына Жұмыспен қамту орталығында 52 адам ресми жұмыссыздар есебіне тіркелген, жұмыс іздеушілер саны – 384 адам.  
Жұмыспен қамту орталығына 2017 жылдың 9 айында жұмыспен қамту мәселесі бойынша 247 адам жолықты. Жолыққан адамдардың ішінен: 39 адам жастар практикасына, 12 адам әлеуметтік жұмыс орнындарына, 67 адам кәсіптік оқуға жолданса, 73 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа ағымдағы жылдың 9 айында 263 адам тартылды. Мұның сыртында тұңғыш рет аудан орталығында 20 жұмыссыз жастар «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы құрылып, өз қызметін атқарды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1 отбасындағы 3 адамға 16 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 139 отбасындағы 353 балаға  5,857 мың теңге, тұрғын үй көмегі 35 отбасыға 1,391 мың теңге төленді.
«Өрлеу» жобасы шеңберінде мал шаруашылығымен айналысу үшін 8 отбасыға және көрпе-көпшік жасаумен айналысуға 1 отбасыға шартпен 2486,524 мыңның ақшалай көмегі берілді.
Осыған қоса, аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында 33 отбасы  (130 адам) мекемелер мен кәсіпорындарға тоқсанына бір рет азық-түлікпен көмек көрсету үшін бекітілді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік материалдық төлемдер алушы 313 адамға 7,135 мың теңге төленді.
2017 жылдың 1 шілдесіне аз қамтылған 233 отбасыға 1,376 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Округте 2 жалпы білім беретін орта мектепте биыл 1063 бала оқып оқу жылын аяқтады. Оқу жылында ыссы тамақпен 613 қамтылды, жалпыға бірдей орта білім қорынан  2,093 млн. теңгенің көмегі берілді.  Жазғы лагерлермен 562 бала қамтылса, Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 48 оқушы барып келді. Мектепалды  даярлық  тобында 123 бала оқиды.  Мектепті биыл 63 түлек бітіріп, соның ішінде  48 түлек ҰБТ қатысып, орташа балл 80,0 балды құрады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Округ аумағында 1 орталық аурухана,  1 фельдшерлік акушерлік пункті және 1 медициналық пункті халыққа қызмет көрсетуде. Бұнда қазіргі таңда 24 дәрігер мен 109 кіші мед. қызметкерлері қызмет жасайды. Жыл басынан 1078 адам ем алды, скринингтен 1652, флюорографиялық тексерістен 2740 адам өтті. Онкологиялық есепте тұрғандар саны 60 адам. 2017 жылдың 9 айында 111 сәби дүниеге келді.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана (1 аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 1 балалар кітапханасы, 1 Өлеңті ауылдық кітапханасы), 2 музей, 2 стадион, 2 спорт алаңы, 2 спорт зал, 1 спорт кешені, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 саябақ бар.
Жыл басынан жоспарға сай мәдени-спорттық шаралар өткізілуде. 2017 жылы 9 айында  38 спортық шара өткізіліп,  1735  адам қатысты, көпшілік мәдени шара бойынша 87 шара өткізіліп, барлығы 8900 көрермен қамтылды.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
Ауылдық округте заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінде 4 учаскелік полиция инспекторы және олардың 2 көмекшісі жұмыс жасайды. Есепті мерзім ішінде 33 қылмыс тіркеліп, оның 24-і ашылды. Тіркелген қылмыстардың ашылу көрсеткіші  72,7  пайызды құрайды. Округ бойынша тіркелген 9 мал ұрлығы фактісінің 2-і, яғни 22,0 пайызы ашылған.
Округ бойынша мал жеті бағытқа шығады. Соның 5 бағытында мал бақташылары бар, ал қалған 2 бағытта малдар өз еркімен қараусыз жайылады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 12 бейне бақылау камерасы орнатылған, оның 9-ы Жымпиты ауылында, 3-і Өлеңті ауылында орналасқан.  Оның ішінде Жымпиты ауылында 8 бейнекамера жұмыс жасап тұр.
ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
Бүгінгі таңда үй салуға жер телімін сұраушылар кезегінде 430 адам тіркеуде тұр. Өткен жылы «Қарасу» мөлтек ауданында ауыз су, жарық, табиғи газ желілері жүргізілген 93 жер учаскесінің 26-на тұрғын үй құрылысын салу және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін шешім қабылданды. Жер телімі иелерімен жаңа көшелерге атау беру жөнінде жиналыс өткізіліп, нәтижесінде «Атамекен», «Астана», «Береке» көше атаулары таңдап алынды.  Сол ауданнан бір пәтерлі 14 тұрғын үй құрылыс жұмыстары жартылай аяқталды.
СУМЕН ҚАМТУ
Жымпиты, Өлеңті ауылдары «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза ауыз сумен қамтылған. Жымпиты мен Өлеңтідегі 1503 үйдің - 1484 үйге су кірді, яғни 98,7 пайыз.  Бірінші май елді мекені ауыз суды ауыз су құдығынан пайдаланып отыр. Аудандық дезинфекциялық станциясы бөлімі арқылы, ауыз су құдықтарын залалсыздандыру жұмыстары жүргізуде. Биылғы жылы тұрғындарды техникалық су мен қамту бағытында Өлеңті ауылы мен «Қарасу» шағын ауданы көшелеріне құбырлар жүргізілді.

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ
Жымпиты-Өлеңті ауылдары табиғи газбен қамтылған. Барлық әлеуметтік нысандар толық газ желісіне қосылған.  1540 тұрғын үйдің 1406-ті немесе 91,3 пайызы табиғи газдың игілігін көруде. Бірінші май елді мекеніндегі 29 тұрғын үйдің 7-і көгілдір отынға қосылған. Өлеңті ауылының Д.Кусупкалиев көшесіне газ құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ
Аудан орталығы көшелерінің тазалығы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтармен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар округтегі қордаланған қоқыс үйінділерін шығару үшін жергілікті бюджеттен 612,2 мың  теңге бөлініп, 2330 тонна қоқыс шығарылды.   
Биылғы жылдың 9 айында тазалық айлығы шеңберінде өткен сенбіліктерге округке қарасты 62 мекеменің 1927 қызметкерлері қатысты, сенбілік айлығы жалғасуда. Айлық аясында орталық көшелерден, өзен жағалауы мен сай-салалардан жалпы көлемі 85 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар полигонға шығарылып, оған 25 техника жұмылдырылды. Ауыл ішкі көшелеріне 560 мың теңгеге  пластикалық ыдыстар салуға арналған 20 данна темір жәшігі орнатылды. Айлық кезінде аудан орталығындағы саябақтарға 738 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Соның ішінде Өлеңті өзенінің ескі  көпір мен жаңа көпір аралығынан саябақ орны белгіленіп, ол жерге де ағаш көшеттері отырғызылды. Ағымдағы жылдың мамыр айында 980,0 мың теңгеге жалпы орта білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінен Өлеңті ауылына кірме жолға дейін өрнектастан көлемі 228 шаршы метр болатын  жаяу жүргіншілер жолы салынды. С.Датов көшесі қиылсынан Исаев көшесіне дейін қыркүйек айында 11млн.243 мың теңгеге 760 шаршы метр жаяу жүргіншіге арналған жол жұмыстары жүргізілуде.
АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ
Қазіргі кезде Жымпиты ауылдық округі бойынша ұзындығы 27,2 шақырымды құрайтын жалпы қолданыстағы 46 көше жолдары бар. Соның ішінде 12 шақырымы асфальтты-бетонды жолдар, 15,2 шақырымы кесекті-гравильді жолдар. 2015-2017 жылдары 375,0 млн. теңгеге 8,1 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Н.Қолғанатов, Х.Асадуллин көше жолдарына 1 шақырым 880 метрге асфальтты-бетонды төсеу  жұмыстары жүргізілуде.