Әлеуметтік сала

Округте Қызылтаң, Шағырлой, Көздіқара, Жаңақоныс елді мекендері бойынша - 215 отбасы 1083 тұрғын бар, соның ішінде 2 татар ұлтының өкілі  мен 1081 қазақтар мекендейді. Зейнеткерлер-117. Мүгедектер саны-32.    
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2 отбасы 8 адам тартылды.  

Ауыл шаруашылығы

Округ бойынша жеке тұрғындар мен ауыл шаруашылық құрылымдарындағы ірі қара малы - 4166 бас, с.і. аналық сиыр-1750,  қой-ешкі  - 12726 бас,  жылқы - 2601 бас, түйе -4 бас және үй құстары 1235 басты құрайды.
Бүгінгі таңда ауылдық округте 21 шаруа қожалығы мен 1 ауылдық тұтыну кооперативі тіркелген.  Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру, мал басын асылдандыру және мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған.
2017 жылы  10  бас  асыл тұқымды аталық бұқа жаңартылып алынды.
Ауылдық округ бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмек субсидияларына  12 шаруа  қожалығы құжаттарын жинап, тапсырды.   

Кәсіпкерлік саласы

            Округте шағын және орта бизнестің дамуына толық жағдай жасалған. Ауылдық округтің экономикалық дамуына кіші және орта бизнес субьектілері салмақты үлес қосуда. Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласында 27 адам, 2 адам сауда- саттық саласында дүкендерде, 20 шаруа қожалықтары мен 2015 жылы құрылған заңды тұлға «Көздіқара»  АТК жұмыс жасауда.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағытына сәйкес, яғни  бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету аясында 2 адам 1С бухгалтер, газ оператор мамандығына Орал қаласында оқып келді.(Кажияхметов А, Есендияров Ж). Сонымен қоса осы бағдарлама шеңберінде 1 жұма кәсіпкерлік негіздеріне 3 адам оқытылып, сертификаттарын алды.(Шагирова У, Абдуғалиев Е, Шуйншкалиев М). Кәсіптік оқуда 1 адам ресми жұмыссыз Орал қаласында бухгалтерлік курсын оқып, бітірді.  (С.Арыстанғалиев)
3 адам «Береке» бағдарламасы аясында  7 млн 300 мың  теңгеге шағын несие алып,  41 бас ірі қара малдарын бордақылаумен жұмыстануда. (Г.Абдуғалиева), (С.Каримов), (Мырзагалиев Б)         

Білім беру саласы

Округте  2 білім беру ошағы ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешені  мен Көздіқара негізгі мектебі.   ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешенінде-86 оқушы. МАДС-13, балабақшада-13, шағын орталықта-15 тәрбиеленуші бала болса, ал Көздіқара негізгі мектебінде- 37 оқушы, МАДС-6, шағын орталықта-13 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Жазғы демалыс лагерлерінде мектепшілік - 87 бала, аудандық демалыс лагерлерінде - 39 бала, облыстық «Дарын»  демалыс лагеріне 1 бала демалып, 2 мектептен Астана қаласындағы «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне 18 барып келді. ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешені  мен Көздіқара негізгі мектебінде мектепке жол акциясы аясында  «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» қайырымдылық марафоны өткізіліп, аз қамтылған отбасынан шыққан 35 балаға 127 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Денсаулық сақтау

Бұл салада  фельдшерлік акушерлiк пункт пен 1 фельдшерлiк пункт жұмыс жасайды.  
2017 жылдың 9 айында қабылданғаны - 946 адам. Жедел жәрдем көрсетілген - 102 адам, егілу, таңу емдерін - 128 адам. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша флюорогрфиядан  526  адам өтуі қажет. 9 ай ішінде 526 адам флюорографиялық тексерістен өтті, туберкулез ауруына шалдыққан адам округ бойынша тіркелмеген. Диспансерлік «Д» есепте үлкендер-178 адам, 18 сәби тіркелген. Күндізгі стацонарда емделгендер-189 адам. Скринингтен 25-70 жас аралығында 115 адам өтті. Тегін дәрі дәрмекпен қамтылғандар-208 адам. Есепте тұрған жүкті әйелдер-6. Жыл басынан бері 16 сәби дүниееге келді. Қайтыс болғандар саны-3. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

Мәдениет және спорт

Ауылдық округте 1 ауылдық мәдениет үйі және 2 кітапханасы өздерінің жоспарлары бойынша мәдени-көпшілік шараларын,  атаулы мерекелерге арнап дөңгелек үстелдер, бұрыштар, буклетер, оқырмандармен кездесулер ұйымдастырып отырады.    
8 маусым күні Шағырлой ауылдық кітапханасы модульдық кітапхана жүйесіне қосылды.
ҚР Рәміздерінің  25 жылдық, Сырым бабамыздың 275 жылдық, Алаш Үкіметінің 100 жылдық, Ж.Досмухамбетовтың 130 жылдық мерейтойларының шеңберінде бекітілген іс-шараларына сәйкес, 18 мәдени көпшілік спорттық шаралар өткізілді.
Ағымдағы жылдың 19 маусым күні «Туған жер» бағдарламасы аясында Шағырлой ауылында «Жерлестер форумы» өткізіліп, оған Шағырлой ауылының мектеп түлектері мен шаруа қожалық жетекшілері қатысты. Олар ауылды көркейту жұмыстары жайында жоспар құрып, ауыл жастарына спорт алаңын салып беру жөнінде шешім қабылдады.

Байланыс және газдандыру жұмыстары

Округтің 98% тұрғыны байланыс нүктелерімен қамтылған. Beeline ұялы байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр.
Округте 2014 жылдан бері табиғи газ жеке үйлер мен мемлекеттік мекемелерге өткізіліп келеді. Қазіргі уақытта толықтай табиғи газга Шағырлой ауылында 86 үй, Көздіқара ауылында 20 үй қосылған.

 

Елді мекендерді абаттандыру

Жыл басынан бері жарияланған санитарлық айлық аясында округ бойынша 15 рет сенбіліктер ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының өз есебінен 82  ауладан  «Ауыл»  ШҚ  техникаларының  күшімен  2890 тонна көлемінде күл - қоқыстар шығарылып, 7  аулаға ескертулер берілді. 
Сонымен қоса, санитарлық айлық кезеңінде мектеп ауласы мен мемлекеттік мекемелер айналасына 100 түп жасыл желектер отырғызылды.

Қоғамдық тәртіп

Округ бойынша 9 ай ішінде мал ұрлығы бойынша 3 қылмыстық іс тіркеліп, қаралды. Оның біреуі ашылды. 29 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 142500  теңге айыппұл салынды. Қоғамдық тәртіп сақтау бағытында 1 учаскелік инспекторы жұмыс жасауда.