Шолақаңқаты ауылдық округі бойынша 241 аулада 1020 ауыл тұрғыны тұрып жатыр.
Экономикалық белсенді халықтың 47 ресми жұмыссыздар есебінде тіркеліп тұр, олардың 43-і ақылы қоғамдық  жұмысқа тартылды.
Аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында «Баймұрат» шаруа қожалығымен 25 жанұяға тегін азық түлік түрлері берілді.
Аз қамтылған азаматтарды мал басымен қамтамасыз ету мақсатында биыл 5 жанұяға қайтарымсыз қаражат беріліп, оған мал басы сатып алынды.
Тыл еңбеккерлерінің денсаулықтарын жақсарту мақсатында 1 тыл еңбеккері «Ақжайық» шипажайына жолдама алып, демалып келді. Сонымен қатар Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне 1 зейнеткер және 20 оқушы тегін жіберілді.
2016-2017 оқу жылында 2 мектепте 107 оқушы білім алды, оның 4 мектепті аяқтап, арнаулы және жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжаттарын жинақтауда. Биыл ҰБТ-ға 1 оқушы қатысып, 73 балл жинады.
Округте 1 амбулатория, 3 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетіп келеді. Есепті кезеңде 491 адам флюрографиядан,125 адам скринингтен өткізілді.  Есепті кезеңде 8 сәби дүниеге келіп, 5 адам қайтыс болды.
Есепті кезеңде мәдениет және спорт саласы қызметкерлерімен 12 шара ұйымдастырылды. Бұл шараларға барлығы 398 адам қатысты.
Қазіргі уақытта округ бойынша 3444 бас ірі қара, 5546 бас қой, 242 бас ешкі, 1441 жылқы, 2 бас түйе, 31 шошқа, 2998 бас құс бар.
«Береке» бағдарламасы арқылы ауылдық округ бойынша 5 ауыл тұрғынына 16,4 млн.теңге бөлініп, олармен 86 бас еркек баспақтар сатып алынып, бордақылауға қойылды.
Суармалы алқаптарды қалпына келтіру мақсатында Шолақаңқаты өзеңі бойындағы су қоймасының шлюзін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 90 пайызы аяқталды. Бұл жұмыстарды атқаруға жұмыссыз жүрген 5 ауыл тұрғыны тартылып отыр. Шлюзді жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындары аулаларына өзең суын тартып алуға мүмкіндік болады, аулаларында бұрынғыдай бау бақша еге алады және балық шаруашылығының дамуына ықпал етіледі. Қазіргі уақытта көше бойы 2 км труба тартылып тұр, келесі жылы труба тарту жұмыстары әрі қарай жалғастырылады деп жоспарлануда.
Балық шаруашылығын дамыту мақсатында жеке кәсіпкер А.Айсагалиевамен Сегізүй ауылындағы жасанды су қоймасы қалпына келтіріліп 25,0 мың дана әр түрлі балықтардың шабақтары жіберілді.
Екінші тоқсанда ауылдық округ бойынша газификация жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда жоғары қысымды газ трубалары өткізіліп, газ тарату жәшіктері қойылды. Округ бойынша 17 жеке үйге көгілдір отын келіп тұр. Қалған келісім шарт жасақтаған үйлер қазан айында көгілдір отынға қосылады. Негізінен биыл округ бойынша 114 тұрғын үй , немесе барлық үйлердің 47 % газға қосылады деп жоспарлануда.
Ауылдық округ  аумағын күл коқыстан тазарту мақсатында жергілікті бюджет арқылы 1500 тонна қоқыс шығарылды.
Есепті кезеңде 5 (2 мал ұрлығы фактісі) қылмыс фактлері тіркеліп, олардың үшеуі ашылды.

Ауылдық округ әкімі                                               Т.Айткалиев