АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ

Ауыл шаруашылығы саласындағы 44 шаруашылық құрылымдарында (34-ШҚ, 2-ЖШС,8-ЖК) 71 адам (2016 жылы – 65 адам) жұмыс жасауда. Биылғы жылы округ бойынша барлық дәнді дақылдар көлемі 1100 га. құрап (500 га. бидай, арпа 600 га.), орташа өнімділік 16,6 центнерден келіп отыр. Барлық алынған өнім 1830 тонна. Округтегі мал басы санына тоқталатын болсам бүгінде ірі қара 3950 басты құрап 81 басқа, жылқы 1357 басты құрап, 1 басқа артып, ұсақ мал 6146 басты құрап, 853 басқа, азайып отыр. Округте 2 шаруашылық (Мансур-Жаһан, Беркәлі шаруа қожалықтары) асыл тұқымды мал басын өсірумен айналысуда. Олардағы мал басы саны 196 басты құрап отыр. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауды тиісінше пайдалана отырып, жеке қосалқы шаруашылықтағы мал өнімдерінің сапасын жақсартуға үлкен мән берілуде. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» орындау мақсатында «Береке» бағдарламасы бойынша округте 8 жеке кәсіпкер мемлекеттен 19 900 000 теңге несие алып, 86 бас ірі қара малын сатып алды. Округте мал азығы қорын жинақтау мақсатында 13300 тонна мал азығы дайындалып, жоспар 102,5% орындалды. Жинақталған мал азығы мал қастағына толық жеткізілді.

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 13 кәсіпкерлік субъектілері (1 шаштараз, 7 сауда нүктелері, 1 наубайхана, 2 кафе, 1 тігін ательесі, 1 пластикалық терезе жасау орны) болса, онда 29 адам жұмыс жасайды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА Округ бойынша жалпы халық саны – 1463 адам, 2016 жылмен салыстырғанда 252 адамға азайып отыр. Өткен жылы 21 адам жұмыс орнына соның ішінде: 3 адамға тұрақты, 18 адамға уақытша жұмыс орнына орталық арқылы жолдама беріліп жұмысқа қабылданды. Қоғамдық жұмысқа 113 адам тартылды. «Өрлеу» бағдарламасы шеңберінде 3 отбасына (16 адамға) 526 900 теңге қаржылай көмек көрсетіліп, нәтижесінде 1 бас ірі қара малы, 13 ұсақ мал сатып алынды. Бағдарламаға тартылған азаматтар ресми жұмыссыз ретінде тіркеліп, 4-уі тұрақты, 1-уі ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, сонымен қатар 1 азаматша кәсіптік білім алуға жолданды. Жыл ішінде барлық қаржы көздерінен мектепке жол, мейірбандық айлығы аясында және жалпыға бірдей білім беру қорынан 1 105 000 (2016 жылы - 477 500 теңге) теңгеге қаржылай көмек көрсетілді. Бұдан бөлек 45 отбасына (98 бала) 1 795 200 теңге көлемінде балаларға арналған жәрдемақы берілді, 22 адамға 220 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар онкологиялық ауруға шалдыққан 3 адамға – 102 105 теңге, туберкулез ауруына шалдыққан 7 адамға – 238 100 теңге көмек берілді.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ БОЙЫНША

Округтің 2 білім беру (1 орта, 1 бастауыш мектеп) ошақтарында мектеп алды даярлық сыныбындағы оқушыларды қоса алғанда 271 (2016ж.-243) оқушы білім алуда. Оның ішінде Қарағанды ауылынан 14 бала тасмалмен оқытылады. 2017 жылы жазғы демалыспен 271 оқушының 176-сы (2016 жылы - 167), яғни 65% қамтылды. Ыстық тамақпен 144 (2016 жылы - 139) оқушы қамтылып, 53% құрап отыр. Мектеп жанындағы балабақша мен шағын орталықтарда 30 бала тәрбиеленуде. Оқушыларға 43 педагог білім беруде. Сондай-ақ өткен жылы М.Қаналиев атындағы жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешеніне 5 жаңа комьпютер, 20 парта, 22 тақта, 5 дана интерактивтік тақта алынып берілді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен бөлінген 1 800 000 теңге қаржыға Алғабас орта мектебінің алдыңғы жақ бетінің қоршауы жаңартылды және 2 800 000 теңгеге мектеп алдына өрнек тас төселді. 2017 жылы 21 оқушы мектепті аяқтап, өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеуге 8 түлек қатысып, орташа балл – 74,3 (2016 жылы - 73,1) балды құрады, 2 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Түлектердің 3-уі грант иегері, 4-уі жоғарғы оқу орындарына ақылы түрде және 13-і колледжде білім алуды жалғастыруда.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Тұрғындардың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу, ауру анықталған науқастарға уақытылы ем-дом шараларын жүргізу жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Округте 1 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың 12 айында округ бойынша флюорографиялық тексерістен 972 адам өткізілді (2016 жылы - 850), профилактикалық тексеруден-980 адам (2016 жылы - 938), сондай-ақ қан тамыр аурулары, қант диабеті, онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында скринингтік тексерумен 213 адамды (2016 жылы - 170) қамтыдық.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ

Округіміздің мәдениет саласында 1 мәдениет үйі 2 кітапхана жұмыс жасайды. Өткен жыл ішінде 88 мәдени-көпшілік шаралар оздырылып, 8445 көрермен қамтылды. Сондай-ақ батыр әрі шешен, дала кемеңгері Сырым Датұлының 275 жылдығы, Батыс Алашорда Үкіметінің жетекшісі Жаһанша Досмұхамедовтың 130 жылдығы және Алашорда Үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуы аясында кітапханаларда кітап көрмелері, танымдық сағаттар оздырылып, мәдениет үйінде «Ақырап-25» КТК жеке концерті және «Айкөркем» би тобының 10 жылдық кеші сонымен қатар КСРО және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті азаматы, жерлесіміз Берген Мақсот Қабышұлының мерейлі 70 жасы аталып өтті.

АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Алғабас ауылы бойынша қазіргі таңда 1 су ұңғымасы арқылы 9 шүмекке су барып тұр. Бұдан бөлек ауыл тұрғындарының 40% үйлеріне ауыз су құбыры тартылған. Округ орталығы Алғабас ауылында 4 әлеуметтік нысандар мен 204 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылды. Сондай-ақ Жаңаөңір ауылында ауыл ішілік газ құбырлары тартылып, 5 тұрғын үйді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүргізілуде.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

Округ бойынша 22 қылмыс (2016 жылы-25) тіркеліп, олардың 12 –і ашылды (2016 жылы-4) ашылу деңгейі 55%, 10 ашылмаған қылмыстың 9–ы мал ұрлығы фактісіне қатысты. Жыл басынан 112 әкімшілік хаттама толтырылып (2016 жылы-71), 185 947 теңге айппұл салынып, оның 40,15% өндірілді. 8 әкімшілік хаттама жеке сот ордаушыға жіберілді.

 

Алғабас ауылдық округінің әкімі                        М.Хасанов