Әлеуметтік сала: Округ бойынша екі елді мекенде Аралтөбе және Қызылағаш ауылдарында 1089 тұрғын бар. Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан 12 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Округ бойынша «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен - 2 адам алты ай мерзімге жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа комиссия шешімі бойынша кезекпен 85 адам жұмысқа тартылды. Маусымдық жұмыспен 17 адам қамтылды.

Мемлекеттік жәрдемақы округтің 22 отбасының 65 баласына барлығы 1млн.364 мың теңге тағайындалды. Қайырымдылық айлығы аясында 107 азаматқа қайырымдылық шаралары көрсетіп 385 мың теңге материалдық көмек берілді.

Ауыл шаруашылығы: округте «Жымпиты» ЖШС, 34 - шаруа қожалығы, 14 - жеке кәсіпкер жұмыстануда. Шаруашылықтар негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

Округ бойынша қысқы мал азығын дайындау шаруашылық жетекшілермен бірлесіп, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жасалған жұмыстар нәтижесінде 9120 тонна мал азығы дайындалып, округ мал азығымен қамтамасыз етілді. 340 гектар жерге жаздық дәнді дақыл егіліп 374 тонна өнім алынды.

Ауданда өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде ауылдық округ тұрғындары қатынасып өз өнімдерін ұсынды. Округ бойынша мал шаруашылығы жақсы дамып келеді.Округте 3848 бас ірі қара, соның ішінде 1902 бас сиыр, 5258 бас қой мен ешкі, 859 бас жылқы, 1314 құс тіркеліп сәйкесінше ірі қара 122 %-ға өсіп, ал ұсақ мал 1 %-ға азайып, жылқы 127 %-ға құс 112 %-ға көбейіп отыр. Округтің 14 шаруа қожалықтары құжаттарын тапсырып 20 млн. 220 мың теңге демеу қаржы алып, 15 бас асыл тұқымды аталық мал сатып алды.

Шағын және орта бизнес саласындағы 47 субъектілерде барлығы 112 адам жұмыс жасайды. Жаңадан тіркелген субъектілер саны 6. Округте тұрғындарға қызмет көрсету мақсатында 6 дүкен жұмыс жасайды.

Білім беру саласында ЖББ Аралтөбе орта және Қызылағаш негізгі мектептерінде - 148 оқушы білім алуда. Мектепалды даярлық тобында 18 бала, шағын орталықта 40 бала тәрбиеленуде. Екі мектеп те ағымдағы жөндеуден өтті. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан тегін тамақпен Аралтөбе орта мектебі бойынша - 39, Қызылағаш негізгі мектебі бойынша 37 оқушы қамтылып отыр. Оқушыларға 38 ұстаз білім беруде. Жазғы демалыс лагерлерінде мектепшілік - 45 бала, аудандық демалыс лагерлерінде - 12 бала, 2 мектептен Астана қаласындағы «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне 22 оқушы барып келді.

Денсаулық саласы: Округ бойынша 1 амбулатория,1 медициналық пункт ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Аталмыш есептік кезеңге 10 сәби дүниеге келді. Флюорографикалық тексерістен 716 адам өтті. Ауыл тұрғындары профилактикалық тексеруден жоспарға сәйкес өткізілді.

Мәдениет және спорт: округ бойынша жыл бойы 46 мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жоспар бойынша өткізілді. Округте ауылдық модельді кітапхана ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетуде. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында, ауылымыздың түлегі, продюсер, медиа менеджер Алпамыс Шаримовтың ұйымдастыруымен «Бастау» тобының концерттік бағдарламасы халық назарына ұсынылды. Округімізде волейбол, күрес, стол теннисі, шағын футбол жақсы дамып келеді. Округте бірінші рет мекемелер арасында және Қызылағаш ауылының командасының қатынасуымен спорттың 6 түрінен күзгі спартакиада ұйымдастырылды. Қазан айында «Ауыл күні» кең көлемде аталып өтілді. Бұл шараға шаруашылық құрылымдар мен ауыл тұрғындары белсене атсалысты.

Байланыс және газдандыру жұмыстары

Округтің тұрғындары үшін Beeline, Kceel ұялы байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр.

Округте 2016 жылдан бері табиғи газға барлық әлеуметтік нысандар мен 101 ауыл тұрғындары үйлерін толықтай қостырды. Биылғы жылы Аралтөбе ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 270 млн. тенгеге су желісі жаңартылып нәтижесінде ауылдың әлеуметтік нысандармен барлық үйлері ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Санитарлық-тазалық және абаттандыру аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, шаруа қожалықтары техникаларының көмегімен күл-қоқыстар арнайы полигонға шығарылды.

Аралтөбе ауылдық округінің әкімі Ә.Мұхитов