Ауылшаруашылығы саласы: Округтің ауылшаруашылық құрылымдары негізінен егін және малшаруашылығымен айналысады. Округте 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 7 шаруа қожалығы бар.

Мал азығы 3900 тоннна жинақталып, орындалуы 105,5%-ды құрады.

Округте – 1171 бас ірі қара, соның ішінде 584 бас сиыр, 1398 бас қой мен ешкі, 734 бас жылқы, 1700 құс тіркеліп, сәйкесінше ірі қара 184 басқа, ұсақ мал 162 басқа, жылқы 89 басқа өсіп отыр.

«Береке» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғыны Т.Ахметкалиев 1,5 млн теңге несие алып 8 бас ірі қара малын сатып алып, бордақылауға қойып жұмыстануда.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында «Қарабура» және «Маһарша» ШҚ малды асылдандыру бағытында жұмыстанып, 180 бас малға мемлекеттен 4,3 млн. теңге субсидия алды.

Аудан орталығында өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкесіне ауыл тұрғындары өз өнімдерін сатылымға шығарды.

Шағын және орта бизнес: Аудандық Кірістер басқармасында округте 4 кәсіпкер тіркелген. Тасқұдық ауылында 2 жеке кәсіпкер ауыл тұрғындарын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуде.

Әлеуметтік салада тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 18 адам, ресми жұмыссыздар есебінде 9 адам тұр, 15 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Мемлекеттік балалар жәрдемақысы 4 отбасының 16 баласына тиісті 364,6 мың теңге көлемінде тағайындалды. Қайырылымдық көмек бойынша округтегі жағдайы төмен 4 отбасыларға, жалғыз басты қарияларға, 130 мың теңге көлемінде әртүрлі деңгейдегі көмектер көрсетілді.

«Мейірбандық күндері мен қарттар күніне» ауыл қарттарына арнап қазан айында ас берілді.

Білім саласы: ЖББ Тасқұдық негізгі мектебінде 45(2016 жылы - 43) оқушы білім алуда. Мектеп жанындағы балабақшада 17(2016 жылы - 20) бала тәрбиеленуде. Балаларға 17(2016 жылы - 18) ұстаз білім беруде.

Тасқұдық орта мектебі жанынан аз қамтылған, көп балалы отбасының 32 бала ыстық тамақпен қамтылған. Жалпыға бірдей білім қорынан 19 балаға 58 900 теңгенің киім кешектері берілді.

«Мектепке жол» акциясы аясында ауылшаруашылық құрылымдары, жеке кәсіпкерлер, округтегі мекеме қызметкерлері демеушілік көрсетіп 65 000 теңгеге мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасының 17 балаларына оқу құралдары табыс етіліп және қаржылай көмектер көрсетілді.

2017 жылғы оқу жылы бойынша ЖББ Тасқұдық негізгі мектебіне бастауыш пәндерінен жаңадан 2 жас маман жұмысқа орналасты.

Денсаулық сақтау саласында округ көлемінде 1 медициналық пункт жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау саласы бойынша дәрігерлердің қарауында ересектер 322, балалар 86. Тегін дәрімен қамтылған ересектер – 44 (2016 жылы – 41) адам, балалар – 3 (2015 жылы - 5). Флюорографияға түскендер саны - 196 адам.

Мәдениет және спорт саласы: Тасқұдық ауылында 1 мәдениет үйі бар. Округ бойынша 39 мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жоспар бойынша өткізілді. Кітап қоры 14 000, келген жаңа әдебиеттер саны 86 кітап.

Санитарлық тазалық және абаттандыру: Аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, жеке көлік иелерінің техникаларының көмегімен күл-қоқыстар арнайы белгіленген орынға шығарылды.

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңнамасында көзделген кірістер қаражатын пайдалану бойынша қазіргі уақытта 341,0 мың теңге қаржы түсті. Округ бойынша қолма-қол ақшаны бақылау есеп шотына түскен қаржыны жергілікті қауымдастық кеңес мүшелерімен кеңесіп, ауылдың игілігіне қажетті жұмыстарына жұмсалуда. Қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен қаржыға ауылға кіреберіс аялдама әктеліп, «Белгісіз жауынгер» саябағының қоршауы сырланды. Қалған қаржыға әкімшілік ғимаратының сыртқы қоршауы жаңартылды.

Сонымен қатар абаттандыру бағытында 475,0 мың теңгеге Тасқұдық ауылының (С.Датұлы, Т.Рысқұлов, Жаңақұрылыс т.б.) көше жолдарына құрылыс материалдарын (ақ бор тас) төсеу жөнінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді. Жеңімпаз мердігер «Надиров Т» ЖК тиісті жұмыстарды атқарды.

Елтай ауылдық округі әкімінің м.у.а:                   Б.Иманкулов