Ауыл шаруашылығы саласы бойынша округте 27 қожалық, 1 ЖШС,  1 тұтынушылар кооперативі тіркеліп тұр, олар негізінен мал өсіріп, мал азығын дайындаумен айналысады.
01.01.2018 жылына  ірі қара мал басы саны 4516 бас, с.і. аналық сиыр  2236 бас, қой мен ешкі   10988 бас, жылқы  1869 бас, үй құстары 642  болып есептеліп отыр. Сәйкесінше ірі қара мал 14 пайызға өссе, ұсақ мал 3,5 пайызға азайса, жылқы 15 пайызға, құс 1,5 пайызға өсіп отыр. Қыстақтарға 13214 тонна мал азығы дайындалып, 103 пайызға орындалды.
Округте 2 шаруа  қожалығы лизингке 2 трактор сатып алса, 3 шаруа қожалығы өз қаражаттарына ауылшаруашылық техникаларын сатып алды.
Мал басын көбейту мақсатында «Игілік» бағдарламасы аясында Сахбалиев М, Хасан М әрқайысы 6 млн қаржыға, «Береке» бағдарламасы бойынша И.Абугалиев 1 млн 800 мың теңге қаржыға мал сатып алып жұмыстануда.
Мал дәрігерлік,  ветеринариялық, диагностикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес  жүргізілді.


Шағын және орта кәсіпкерлік саласына келетін   болсақ,  бүгінгі  таңда  2 сауда нүктесі, 1 кафе жұмыс  жасап  тұр.
Әлеуметтік салада округ бойынша балалар жәрдемақысы 42 жанұядағы 111 балаға, сомасы 2 199,8  теңге төленді, ал атаулы әлеуметтік көмек 1 отбасындағы 4 адамға,  сомасы 291,7 теңге төленді.  «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 4 жанұя, 19 адамға 1 млн 090 мың теңге қаражат бөлініп оған  6 ірі қара, 1 жылқы, 13 ұсақ мал сатып алып өсірілуде.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен, әлеуметтік материалдық төлемдер 45 адамға 1 млн 046 мың теңге көлемінде төленді.
Санаторлық-курорттық емделуге Жаңақала ауданына 3 адам, «Бурабай» санаториясында 2 адам барып демалды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 2017 жылы 89 адам тартылды. 2017 жылы «Жастар практикасынан» 6 жас маман тартылды. Әлеуметтік жұмыс орнына «Азат» қожалығы 2 адамды жұмысқа тартты.


Білім беру саласында  1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп жұмыс істеуде. Орта мектепте 2017-2018 оқу жылында 181 оқушы білім алса, даярлық тобында 20 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Мектеп жанындағы интернатта 10 оқушы тәрбиеленуде. Ыстық тамақпен 115 бала қамтылып отыр.
 ЖББ Сырым орта мектеп-балабақша кешені күрделі жөндеуден өтті.
Жетікөл бастауыш мектебінде 10 оқушы, даярлық тобында 4 тәрбиеленуші бар. Ыстық тамақпен 100% қамтылған. Жетікөл бастауыш  мектебі ағымдағы жөндеуден өтті.


Денсаулық саласы: Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт жұмыс жасап тұр.
Жыл басынан 747 адам флюорографияға түскен (100%), скринингтік тексеруден 230 адам өтті, жылжымалы медициналық кешен арқылы 282 адам тексерілді. 19 сәби дүниеге келді, 9 адам қайтыс болды.
Мәдениет және спорт саласы -  округте 200 орындық мәдениет үйі бар. Мәдениет саласында барлық мерекелік іс-шаралар ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерімен өз деңгейінде жоспарлы түрде ұйымдастырылып келеді. 2017 жылы мәдениет үйінің айналысы қоршалып, алдына төсем жол төселіп, сырты ағымдағы жөндеуден өтті.
Ауыл кітапханасындағы  кітап қорына  жыл бойына 256 жаңа кітап қосылып, барлығы 19272 кітапты құрап отыр. Оқырмандар саны – 620 адам. 


Газдандыру мәселесі жөнінде - Қосарал, Жетікөл ауылдарының әлеуметтік  нысандарының жылыту жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр. Бүгінгі таңда округ бойынша 141 үй,  с.і 124 үй Қосарал ауылында, 17 үй Жетікөл ауылында көгілдір отынға қосылды.


Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары – санитарлық  тазалық жұмыстары нәтижесінде округ аумағынан  2480 тонна күл-қоқыстар шығарылды.  Бұл жұмыстарға 500 мың теңге қаржы жұмсалды. 
Ағымдағы жылы жергілікті мүлік салығынан, жер салығынан, көлік салығынан және коммуналдық тұрғын үйлер пәтерақысынан түскен 497 200 теңге қаржы әкімшілік ғимаратының алдына таспа жол төсеумен, мүгедектердің кірме жолын қайта жабдықтауға және техникалық су құбырыны жүйесінің жоба құжаттарын жасақтаумен, көше шамдарының жабдықтарын алуға жұмсалды.

 

Жетікөлауылдықокругінің әкімі                                  С.Габдуллин