Әлеуметтік сала                  

Жалпы жыл басынан округ аумағында 203 тұрбада 900 адам тұрады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар – 59, даярлық тобында – 8, мектеп оқушылары – 130, зейнеткерлер – 106, мүгедектер – 31, жұмыс іздеушілер есебінде тұрған – 64, студенттер – 55, жұмыс жасайтындар – 275, қалғандары өз шаруашылықтарымен айналысатындар және үй шаруасындағы жұмыссыздар.
Округ бойынша жыл басынан 28 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 4 адам жаңадан кәсіп ашса, 8 адам әлеуметтік жұмысқа орналасты, 4 адам ЖББ мектепке, 1 адам жалдамалы, 2 адам Қоңыр ФАП-не кіші қызметкердің орнына, 1 адам Тамды ШО 0,25 ставкамен медбикеге,  1 адам Тамды ШО тәрбиеші және 1 адам МАДС-қа, 1 адам жастар тәжирибесіне, 4 адам мал бақташылығына жұмысқа орналасты. 1 адам шаштараз ашып, өз кәсібін жалғастыруда. 40 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.
17 азаматқа жекелеген азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдер, 12  отбасына /31 бала/ балалар жәрдемақысы, 83 оқушы жалпы білім беру қорынан төленетін көмек /ыссы тамақ/  тағайындалды. «Мейірімді көктем» акциясы бойынша барлығы 75 адамға 142500 теңгенің көмегі көрсетілді. Яғни, наурыз, мамыр айларындағы даталы мерекелерде ас мәзірі, тыл еңбеккерлері мен «Алтын алқалы» аналарға сыйлықтар, аз қамтылған отбасыларына баспасөзге жазылу, азық-түліктен, отыннан көмек беру, Рамазан айында ораза тұтқан жандарға ауыз ашар беру  жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар қайырымдылық айлығы аясында қазан айының 06 күні орталық клубта қарттарымызға арнап «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік концерт өткізіліп және «Тамаша» кафесінде ас берілді.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында бір азаматша /Абишева.А/ «Игілік» бағдарламасымен 6 млн теңге несие алып, мал басын өсірумен айналысуда. «Береке» бағдарламасымен төрт  азамат 7 млн 600 мың тг несие алып 43 бас ірі қара малын бордақылауға қойды. Олар Т.Кажиахметов, И.Акшолаков, Т.Мағазов, Г.Жакипова және «Өрлеу» бағдарламасымен 7 отбасы /Өтепқалиева М, Габдуллин Ж, Згалиева С, Жангалиева Ж, Молдагалиев Б, Кайсагалиев А, Доскалиева Т/ 1 млн 129 мың 476 тг қаражатқа мал басын сатып алу ұйымдастырылды. 
Маусым айының 16 күні Қоңыр ауылында «Жерлестер форумы» өткізіліп, қараша айының 18-күні А.Жұмағалиев атындағы ЖББОМ-тің /жалпы орта мектеп болып құрылғанына/ 50 жылдық мерей тойы аталып өтіп, мектеп бітіргеніне 10, 15, 20 жыл толған түлектердің ұйымдастыруымен мектеп алдына ұстаздарға арналған ұстаздар тақтасы орнатылды. Мұның сыртында жылма-жыл Қоңыр мешіті, ескерткіш алаңы, амбулатория, балабақша, әкімшілік, клуб, кітапхана, Тамды МП, клубы мен кітапханасы, шағын орталығы ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, айналасын күтіп ұстап, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Бюджет және салық
«Жосалы ауылдық округ әкімі аппараты» ММ-не 2017 жылға бөлінген қаржы көлемі 14 млн. 748 мың теңге. Қаржы уақытымен игерілді.
Мүлік, жер, көлік салығынан 322 395 теңге жоспарланып, уақытында жиналып, тапсырылды.


Ауыл шаруашылығы
Округтегі халықтың айналысатын басты шаруашылық саласы – мал шаруашылығы. Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалығындағы мал басының саны есептік кезеңге /01.01.2018 ж/ ауылдық округте 2824 бас ірі қара, с.і. 1271 сиыр, 3012 бас қой, 398 бас ешкі, 322 бас жылқы және 997 құс тіркелген. Соның ішінде 1428 бас ірі қара, 1495 бас қой, 49 бас ешкі, 193 бас жылқы, 143 бас құс ауыл шаруашылық құрылымдарының еншісінде.
Бүгінгі таңда ауылдық округте 13 ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген. Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру немесе мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған.   
Былтырғы жылдан бері «Қадыр-Жан-Қанат» ЖШС асыл тұқымды мал өсіру, егін салу, мал азығын дайындау бағытында құрылып, жұмыс жүргізуде. «Тамды» АШӨК-і мүшелерінің келісімімен тоқтатылып, басқа кооператив ашу жоспарлануда. ал «Даму Қоңыр» АШӨК-і Қоңыр ауылының ірі қара малдарына асыл тұқымды бұқа сатып алып, тұрғындардың мал басын асылдандыру  бағытында жұмыстануда. 
Биылғы жылы Рамазан, Талап, Қаратай, Азамат, Дос ШҚ-тары 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Қазіргі уақытта мерзімі келген, яғни шаруа қожалығында қолданыста екі жыл болған бұқаларды жеке табынға қосу жұмыстары ұйымдастырылды. Болашақта жеке тұрғындардың малын бір АШӨК-і етіп біріктіру жоспарлануда.
Ветеринариялық шаралар уақытында жүргізіліп тұрады. Биылғы жылы 5 бас ірі қара малы және 2 бас ұсақ малдан бруцеллез ауруы анықталып жойылды /«Жанқожа-С» ШҚ-1 бас сиыр, Б.Бактыгулов-1 бас сиыр/, /Т.Аюпов-1 бас қой және А.Жангалиев-1 бас ешкі/ малдан бруцеллез ауруы анықталып жойылды. Бірдейлендіру бойынша 478 бас ірі қара сырғаланып, базаға енгізілді, ал ұсақ малдан 1000 бас сырғаланып, базаға енгізілді және жылқы малынан 93 басқа таңба /тавро/ салынып, базаға енгізілді.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындары мен шаруашылықтар мал қыстағына дайын. «Қадыр-Жан-Қанат» ЖШС 50 га бидай, «Талап» ШҚ 100 га арпа, 200 га бидай егіп, өнімін жинап, ауыл тұрғындарына арзан бағамен сатты. Округ бойынша қолда бар ауыл шаруашылық малдарын қыстақтан шығынсыз алып шығуға 7440 центнер мал азығын дайындау қажет болса, Бүгінгі таңда 16450 га жер шабылып, 8225 тонна өнім алынып, жоспар 110,5 пайызды құрап отыр.

 

Шағын кәсіпкерлік саласы
 Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары өзінің кәсібін ашып, ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Округте шағын және орта бизнес біркелкі даму үстінде. Бүгінгі таңда 2 сауда нүктелері, 1 кафе тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

 

Білім беру саласы
«Қазақстанның болашағы – сапалы білімде» - деп Елбасы айтқандай оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында мектеп ұжымының еңбегі зор. Округте 1 білім беру ошағы еліміздің болашағы жастарға білім беруде. Жосалы орта мектебіне 2016-2017 оқу жылында 120  оқушы білім алды. Мектеп бітіруші түлектер саны-5. Төртеуі ҰБТ-ға қатысып 102 орташа бал жинады.
Мектепте 11-сынып негізінде 26-мұғалім, 23-кіші қызметкер еңбек етеді. Мұғалімдердің 1-жоғары, 12-бірінші, 9-екінші санатты, 4-санатсыз, 20-жоғары, 6-арнаулы орта білімді. 2017-2018 оқу жылында 1-11 сыныпта 130 бала, даярлық тобында-8 бала білім алып, шағын орталықта-7 бала, балабақшада-15 бала тәрбиеленуде. Ыссы тамақпен 83 оқушы қамтылды. Тамды ауылынан 21 оқушы тасымалмен оқиды. Оқу бір аусыммен оқылады. Жазғы  демалыс лагерлерінде аудан көлемінде-40 бала, мектепішілік лагерде-90 бала  демалды. Тамыз айында «Мектепке жол» акциясы ұймдастырылып 31-оқушыға 179 мың теңгенің оқу құралдары, ақшалай демеушілігі шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің қатысуымен жасалды. Жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуы жолында аянбай көмек жасайтын осындай ел сыйлайтын тұлғалардың қатары арта берсін деп ел атынан тілек айтқым келеді.

Денсаулық саласы
Қазіргі уақытта округ бойынша 1 фельдшерлік акушерлік пункт, 1 медициналық пункт ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Ауылдық дәрігерлік амбулатория 5 керуеттік күндізгі ем қабылдау,  алғашқы көмектің дәрі-дәрмектерін сататын дәріханамен жабдықталған. Биылғы жылы скринингалық тексеруден 101 адам өтті. Жылжымалы Флюрографиялық тексеруден 483 адам өтті. Күндізгі стационардан 180 адам тегін ем алды. Бір жасқа дейінгі бала саны-14. Есептегі жүкті әйелдер саны-5.
Күндізгі бөлімде қабылдау, емдеу, егу, үй аралау жұмыстары жүргізіледі.
Тамды МП-де 1 медбике. 1-техникалық қызметкер, 1-аула күтуші бар. Күндізгі бөлімде қабылдау, емдеу, егу, үй аралау жұмыстары жүргізіледі. Желтоқсан айының 28-күні шақырту бойынша округімізге Бұлдырты ауылдық округінің дәрігерлері келіп, тексеру өткізді.


Мәдениет және спорт
Округте 2 кітапхана, 2 клуб бар. 2017 жылға кітаптар қоры 40709 дана. Оқырмандардың жалпы саны 560 адам. Мәдени ошақтар материалдық техникалық жабдықтармен біркелкі қамтамасыз етілген. Округтегі спорт өкілі волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, күрес, дойбы т.б. ойын түрінен спорттық шараларды жоспарға сай өткізіліп тұрады. Қайсар спорт клубының ұйымдастыруымен тамыз айының 30-күні ұлағатты ұстаз, спорт ардагері Айтқалиев Тілекбай Салауұлының құрметіне арналған волейболдан аудандық турнир өткізілді. Сонымен қатар қараша айының 25-26 күндері Шәкірттерінің ұйымдастыруымен Жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Елеубай Бейбітжан Қаментайұлын еске алуға арналған самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық турнир өткізілді.

Ауыз су және газдандыру жұмыстары
Округ бойынша әлеуметтік нысандар мен 65 тұрғын үй көгілдір отынға қосылған. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су жүргізу жұмыстары басталып, қараша айының соңында жұмыс толығымен аяқталып, ауыл тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілді.

Байланыс, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары
Ауылдық округке сандық станциясы қойылып, байланыс сапасы жақсарды. Қазіргі уақытта 144 нүктеде телефон желісі жұмыс жасауда. «Beelinе» ұялы байланыс жүйесі қалыпты жұмыс жасауда.
Аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуларымен 7 рет сенбіліктер өткізіліп жеке көлік иелеренің көмегімен сенбілікте 6 тонна, жекелерден 200 т күл қоқыстар арнайы белгіленген орынға шығарылды. 140 түп көшет отырғызылды, 180 түп ағаш түптеліп, әктелді. Боздақтарға арналған ескерткіш тақта сырланып жаңартылды. Бұның сыртында елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету  бағдарламасы аясында  «Сырым» МКҚК арқылы маусым айының аяғында тазарту жұмыстары жүргізіліп, Қоңыр полигонының аумағы жайластырылады. Келер жылы Тамды полигон аумағын жайластыру, ор қазу немесе қоршау орнату жоспарлануда.
Ауыл көшелерін жарықтандыруда қазіргі кезде Қоңыр ауылының 8 көшесінде, Тамды ауылының 2 көшесіне көше жарықшамдары орнатылған. Ауылдық округтің әл-ауқатын көтеру бағатындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Қоғамдық тәртіп
Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында 1 учаскелік инспектор жұмыс жасауда. Осы есепті кезеңге округ көлемінде 7-қылмыстық іс тіркеліп, оның 2-і ашылып, қалған 5 қылмысқа қатысты қылмыстық-іс қозғалып тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 70 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталып, құқық бұзушылықтарға түрлі деңгейде әкімшілік шаралар қолданылды.
Округтегі тоқсан сайын өтетін қоғамдық келісім кеңесінің отырысында ауылдағы қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі тыныштықтың бұзылмауы, маскүнемдіктен азаматтарды алшақтату барысында кеңес өткізіліп тұрады. Сонымен қатар А.Бактыгулов; А.Гайсагалиев және Ж.Жусуповалардың отбасылық істерін /ұрысу т.б/ округтегі қоғамдық келісім кеңесінің отырыстарында қарап, бір-бірімен келістіру, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өзара келісімге келіп шешілді. 
Округтегі діни ахуал бір қалыпты.
Ауылдық округ әкімі аппараты өз жұмысын бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырады. Жыл ішінде 20 азаматтың өтініші /15 жазбаша, 5 ауызша/ қабылданып, уақытымен жауап берілді. Жыл ішінде ауыл әкімінің 11 шешімі, 64 өкімі алынды.

 

Жосалы ауылдық округінің әкімі                               Қ.Ғабдешов