ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ
Жымпиты ауылдық округінде 1558 үйде 1755 жанұя тұрады. Оның құрамында 7059 адам бар. (с.і Жымпиты 5919, Өлеңті 1034, Бірінші май 106 адам)
Жымпиты ауылдық округі бойынша Жұмыспен қамту орталығында 20 адам ресми жұмыссыздар есебіне тіркелген, жұмыс іздеушілер саны – 344 адам.  
Жұмыспен қамту орталығы арқылы 44 адам жастар практикасына, 12 адам әлеуметтік жұмыс орнындарына, 52 адам кәсіптік оқуға жолданса, 139 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа ағымдағы жылдың 12- айында 564 адам тартылды. Мұның сыртында тұңғыш рет аудан орталығында 20 жұмыссыз жастар «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы құрылып, өз қызметін атқарды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1 отбасындағы 3 адамға 15,9 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 146 отбасындағы 370 балаға  7 млн  869,8 мың. теңге, тұрғын үй көмегі 37 отбасыға 1 млн 657,9 мың теңге төленді.
«Өрлеу» жобасы шеңберінде мал шаруашылығымен айналысу үшін 9 отбасыға шартпен 1 млн 614,9 мыңның ақшалай көмегі берілді.
Осыған қоса, аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында 33 отбасы  (130 адам) мекемелер мен кәсіпорындарға тоқсанына бір рет азық-түлікпен көмек көрсету үшін бекітілді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік материалдық төлемдер алушы 355 адамға 8млн 557,6 мың теңге төленді.
Аз қамтылған 556 отбасына 2 млн 213,1 мың теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.


МАЛ  ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Жымпиты ауылдық округі бойынша 49 шаруа қожалығы тіркелген. Соның ішінде 48-і мал өсірумен, 1 қожалық  бақша егумен айналасады. Ағымдағы жылдың есепті мерзімінде ірі қара - 8093 бас, соның ішінде аналығы –3703; ұсақ мал-12469 бас, с.і саулығы – 10131, Жылқы-2762бас, аналық- 1162, құс-2135, түйе-35, аналық -20.
Жоғарыда көрсетілген ірі қараның 4335 53,6%, 5324 ұсақ малы 42,7%,1842, 66,7% жылқы, 35 түйе шаруа қожалықтарына тиесілі.
2017 жылдың есепті кезеңіне ірі қарадан-2517, ұсақ малдан -8444, жылқыдан-794 төл алынды.Асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту бағытында «Құлан» бағдарламасымен «Эдельвейс-Партнер» ЖШС 13,2 млн. теңгеге 40 бас бие, 4 айғыр сатып алды.
Округ бойынша мал шаруашылығымен айналысатын 26 шаруа қожалығына үкімет тарапынан қаржылай көмек көрсетіліп 1677 бас аналық малына 16 млн 770 мың. теңге көлемінде субсидия төленді. «Әсем» шаруа қожалығы  «ҚазАгроҚаржы» ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1 МТЗ-82 тракторын сатып алды.
Мал дәрігерлік шаралар уақытында жоспарға сай жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары жоспар бойынша 2532 бас ірі қара болса, нақты бірдейленгені 4164 бас ірі қара бас, Бірдейлендіру ұсақ малының жоспары, қой- ешкі 10440 бас болса, нақты бірдейленгені 11240 бас, жылқы таңбалау  жоспары 457 бас болса, нақты таңбаланғаны 896 бас.
Бруцеллез ауруына 7887 ірі қара және 22633 бас ұсақ малдары   зерттеліп, соның  натижесінде 7 бас ұсақ, 117 бас ірі қара малы  бруцеллез ауруына шалдықты. Қазіргі таңда бруцеллез ауруына шыққан малдар жойылып, мал орындары бұқырланудан өтті. Округ бойынша 202 ит   жойылып,  жыл аяғына дейін итті жою жұмыстары  жүргізіледі.

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Аудан орталығында 472 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Олардың 33-і жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 49 шаруа қожалығы, 390 жеке кәсіпкерлер. Соның ішінде 44 сауда орындары, 11 тұрмыстық қызмет көрсету обьектілері, 10 қоғамдық тамақтану обьектілері халыққа қызмет көрсетуде. Аудан орталығында ұйымдастырылған  ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінде тұрғындарға арзандатылған бағамен ет, сүт, бау-бақша өнімдері сатылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы»  аясында округ бойынша 40 адам  бизнес жобаларын ұсынып, 1 адам 3,2 млн теңге несие алып ірі қара малдарын сатып алып жұмыстануда. Округте жеке кәсіпкер А.Кубиева Н.Қолғанатов көшесінің бойынан ветеринариялық дәріхана салып, Өлеңті ауылының тұрғыны М.Мустафиева өз қаражатына Жымпиты ауылының С.Датов көшесі бойынан қоғамдық тамақтану орны салынып халыққа қызмет көрсетуде, жеке кәсіпкер М.Шамарова өз қаражатына Амангелді көшесі бойынан киім-кешек дүкенін, ауыл тұрғыны Р.Искаков кондитерлік өнімдер сататын дүкен құрылысын, Б.Қаратаев көшесі бойынан жеке кәсіпкер Н.Удреев ет дүкені құрылысын, жеке кәсіпкер А.Нурмуханов ет және киім-кешек сататын дүкен құрылысын  салып жатыр.  Сонымен қатар, Абай көшесі бойынан ауыл тұрғыны Т.Шайхиев азық-түлік дүкенін, Нукешов Абай ет дүкенін салуда. Жол сервистік қызметті дамыту мақсатында Жымпиты ауылының тұрғыны Б.Хамидуллин өз қаражатына Орал-Шымкент халықаралық маңызы бар тас жолының бойынан асхана құрылысын салуда.

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Округте 2 жалпы білім беретін орта мектепте биыл 1063 бала оқып оқу жылын аяқтады. Оқу жылында ыссы тамақпен 613 қамтылды, жалпыға бірдей орта білім қорынан  2,093500 теңгенің көмегі берілді.  Жазғы лагерлермен 562 бала қамтылса, Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 48 оқушы барып келді. Мектепалды  даярлық  тобында 123 бала оқиды.  Мектепті биыл 63 түлек бітіріп, соның ішінде  48 түлек ҰБТ қатысып, орташа балл 80,0 балды құрады.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Округ аумағында 1 орталық аурухана,  1 фельдшерлік акушерлік пункті және 1 медициналық пункті халыққа қызмет көрсетуде. Бұнда қазіргі таңда 24 дәрігер мен 109 кіші мед. қызметкерлері қызмет жасайды. Жыл басынан 1202 адам ем алды, скринингтен 923, флюорографиялық тексерістен 3586 адам өтті. Онкологиялық есепте тұрғандар саны 62 адам. 2017 жылдың 12 айында 146 сәби дүниеге келді.

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ
Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана (1 аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, 1 балалар кітапханасы, 1 Өлеңті ауылдық кітапханасы), 2 музей, 2 стадион, 2 спорт алаңы, 2 спорт зал, 1 спорт кешені, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 саябақ бар.
Жыл басынан жоспарға сай мәдени-спорттық шаралар өткізілуде. 2017 жылы 12 айында  62 спортық шара өткізіліп,  3622 адам қатысты, көпшілік мәдени шара бойынша 173 шара өткізіліп, барлығы 48100 көрермен қамтылды.

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
Бүгінгі таңда үй салуға жер телімін сұраушылар кезегінде 451 адам тіркеуде тұр. Өткен жылы «Қарасу» мөлтек ауданында ауыз су, жарық, табиғи газ желілері жүргізілген 93 жер учаскесінің 35-на тұрғын үй құрылысын салу және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін шешім қабылданды. «Атамекен», «Астана», «Береке» көше атаулары берілді.  Сол ауданнан бір пәтерлі 14 тұрғын үй құны 140 млн теңге тұратын құрылысы аяқталып 2017 жылы 16 желтоқсан айында ауыл тұрғындарына қолданысқа берілді .

 

САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Аудан орталығы көшелерінің тазалығы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтармен қамтамасыз етіліп келеді. Сонымен қатар округтегі қордаланған қоқыс үйінділерін шығару үшін жергілікті бюджеттен 612,2 мың  теңге бөлініп, 2440 тонна қоқыс шығарылды. Биылғы жылдың 12 айында тазалық айлығы шеңберінде өткен сенбіліктерге округке қарасты 62 мекеменің 1927 қызметкерлері қатысып, сенбілік айлығы өткізілді. Айлық аясында орталық көшелерден, өзен жағалауы мен сай-салалардан жалпы көлемі 85 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар полигонға шығарылып, оған 25 техника жұмылдырылды. Ауыл ішкі көшелеріне 560 мың теңгеге  пластикалық ыдыстар салуға арналған 25 данна темір жәшігі орнатылды. Айлық кезінде аудан орталығындағы саябақтарға 758 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Соның ішінде Өлеңті өзенінің ескі  көпір мен жаңа көпір аралығынан саябақ орны белгіленіп, ол жерге 120 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Ағымдағы жылдың мамыр айында 980,0 мың теңгеге жалпы орта білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінен Өлеңті ауылына кірме жолға дейін өрнектастан көлемі 228 шаршы метр болатын  жаяу жүргіншілер жолы салынды. С.Датов көшесі қиылсынан Исаев көшесіне  11 млн. 243 мың теңгеге бөлініп 760 шаршы метр жаяу жүргіншіге арналған жол жұмыстары аяқталды. Н.Қолғанатов, Х.Асадуллин көше жолдарына 1 шақырым 880 метрге асфальтты-бетонды құны 176, 1 млн теңгеге төсеу  жұмыстары аяқталды. Өлеңті ауылының Д.Кусупкалиев көшесіне газ құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Биылғы жылы тұрғындарды техникалық су мен қамту бағытында Өлеңті ауылы мен «Қарасу» шағын ауданы көшелеріне құбырлар жүргізілді. Жымпиты, Өлеңті ауылдарының көшелеріне түн мезгілінде жарық беру уақытымен атқарылып келеді және ағымдағы жылы 100 энергия үнемдегіш жарық шам орнатуға құны 7,1 млн теңге жобалық- сметалық құжаттары дайын.

 

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
Ауылдық округте заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінде 4 учаскелік полиция инспекторы және олардың 2 көмекшісі жұмыс жасайды. Есепті мерзім ішінде 65 қылмыс тіркеліп, оның 34-і ашылды. Тіркелген қылмыстардың ашылу көрсеткіші  52,4  пайызды құрайды. Округ бойынша тіркелген 10 мал ұрлығы фактісінің 2-і, яғни 20 пайызы ашылған.
Округ бойынша мал жеті бағытқа шығады. Соның 5 бағытында мал бақташылары бар, ал қалған 2 бағытта малдар өз еркімен қараусыз жайылады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 12 бейне бақылау камерасы орнатылған, оның 9-ы Жымпиты ауылында, 3-і Өлеңті ауылында орналасқан. 

 

Жымпиты ауылдық округінің әкімі                          А.Баяндыков