Ауыл шаруашылығы саласында округте 41 шаруа қожалығы тіркелсе, соның ішінде 33-де мал басы тіркелген.  Жеке тұрғындармен шаруашылық құрылымдарындағы мал басына тоқталсақ, ірі қара мал – 3093  бас болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға кеміді, қой мен ешкі барлығы – 9461 бас болып 6%,  жылқы – 1156 бас болып 10%-ға өссе, үй құстары – 467 өткен жылдың осы кезеңімен 15% кеміп отыр. 

Қыстақтарға 10800 тонна мал азығы дайындалып, 103%-ға  орындалды.  

Сонымен қатар, табындағы етті ірі қара малының тұқымын түрлендіру сапасын арттыру мақсатында «Мүтір» ШҚ - 1 бас,  «Жасқадыр » ШҚ – 1 бас,   «Сарсен» ШҚ – 2 бас, «Нұрлыхан» ШҚ - 2 бас,»Кеңес» ШҚ-2 бас, «Оңғарбай» ШҚ-3 бас, «Нұрқанат» ШҚ- 2 бас, «Жыралышығанақ» ШҚ-2 бас, «Камен» ШҚ-2  бас аталық бұқа алып  өз табындарына қосты.

 Ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында  «Сарсен» шаруа қожалығы 1 дана МТЗ-82,  «Алма» ШҚ 1 дана МТЗ-82 тракторын алды.  Сонымен қатар мал азығының өнімділігін арттыру мақсатында, Өлеңті көлдетіп суару жүйесіндегі басты имараттың 2017 жылы жөндеу жұмыстары аяқталды. Мал дәрігерлік, диагностикалық іс-шаралар жоспарлы түрде  жүргізілді.

 Әлеуметтік салада 91 адам (2016 ж. 84 адам) ақылы қоғамдық жұмыста болса«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 3 жас маман жұмысқа тартылды. (2016 жылы 3 адам) 

Округ бойынша балалар жәрдемақысы 21 жанұядағы 61 балаға 1,149,9,  «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 3 отбасы  12 адам 527мың теңге алды (2016 жылы 1 отбасы 6 адам 192 мың теңге алды)

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленген әлеуметтік материалдық төлемдер 55 адамға 8581,5 мың теңге көлемінде төленді. (2016 жылы 42 адамға 728,7)

Білім беру саласында 2 орта мектеп, мектеп жанынан 1 балабақша, 2 шағын орталық жұмыс  істеуде. ЖББ Қособа орта мектеп-балабақшасында  118 (2016 ж – 125) оқушы білім алуда. Оларға 32 мұғалім білім береді. ЖББ Жырақұдық орта мектебінде 79 (2016 ж – 81) оқушы білім алуда. Оларға 23 мұғалім білім береді.

Денсаулық саласы: Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт  жұмыс жасап тұр. Скринингтік тексерістен 640 адам (2016 жылы-648),   флюорографияға 754 адам (2016 жылы – 802) түсті.

Мәдениет және спорт саласында округте 46 (2016 жылы- 42) мәдени-көпшілік шаралар оздырылып, 3010 адам (2016 жылы -2940 ) қатысты.  Ауылдық кітапханалардағы  кітап қоры - 12386. Оқырман саны - 805.

Байланыс және газдандыру мәселесі жөнінде – көгілдір отын Қособа, Жырақұдық ауылдарының әлеуметтік  нысандарына түгел қосылды, Қособа, Жырақұдық ауылдары бойынша ауыл тұрғандары 173 (69 %) көгілдір отынмен қамтылған.

Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары - санитарлық тазалық айлығында абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізуде ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, үй маңдарындағы, көшелердегі күл-қоқыстарды шығарып, тазартты. «Тагра» ЖШС  техникасымен округ аумағынан 700 тонна күл-қоқыс шығарылып, сенбілік аясында 120 түп ағаш көшеттері отырғызылды.   

 

 

Қособа ауылдық округінің әкімі                                           Ж.Сатаев