Ауыл шаруашылығы саласында 01.01.2017 жылы округ бойынша ірі қара малы 3111 бас,  қой мен ешкі  9367 бас, жылқы 2198 басты құраса, 01.01.2018 жылы мал басы ірі қара малы 3748 басты құрап 637 басқа (120%), қой мен ешкі 9609 басты құрап 242 басқа (102%), жылқы 2425 басты құрап 227 басқа (110%) өсіп отыр.

Бүгінгі таңда ауылдық округте 23 шаруа қожалығы мен 1 заңды тұлға ауылдық тұтыну кооперативі тіркелген.  Шаруашылықтардың барлығы дерлік қазіргі кезде мал өсіру, мал басын асылдандыру және мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысуға бағытталған. 2017 жылы шөп өнімділігі жақсы болып, 30 трактор, 38 орақ, 45 адам қатысып, қыстаққа 117680 центнер мал азығы дайындалды, жоспар 102 пайызға орындалды.
2017 жылы  10  бас  асыл тұқымды аталық бұқа жаңартылды.               
Ауылдық округ бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмек субсидияларына  12  шаруа  қожалығы құжаттарын тапсырып,  тиісті қаржыларын алды.
Бруцеллез ауруына  2017 жылы 2200 бас ірі қара тексеріліп, оң нәтиже бергені 26 бас, 4120 бас  ұсақ мал тексеріліп, оң нәтиже бергені 70 бас ет комбинаттарына тапсырылды.
Ауру ошақтары шыққан 10 аула 3620 шаршы метр мал қоралары мен ауыл тұрғындарының аулалары өз есептерінен арнаулы бұқырлайтын автокөлігі  шақыртылып бұқырланады.      
Округте ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстары да жоспарлы түрде жалғасып, 3230 бас ірі қара мен 11200 ұсақ малдары сырғаланып, 2199 бас жылқы таңбаланып(биыл 300 бас таңбаланды), қажетті мәліметтері компьютерлік базаға енгізілді.      

 
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 30 адам, 2 адам сауда-саттық саласында дүкендерде, 23 шаруа қожалықтары мен 2015 жылы құрылған заңды тұлға «Көздіқара»  АТК жұмыс жасауда.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде 1 жұма кәсіпкерлік негіздеріне 3 адам оқытылып, сертификаттарын алды.
Кәсіптік оқуда /10 айға/ ресми жұмыссыз 1 адам Орал қаласында бухгалтерлік оқуын бітіріп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шағырлой ауылдық «Казпошта» бөлімшесіне жұмысқа орналасты.
1 адам «Игілік» бағдарламасы аясында  6 млн.теңгеге несие алып,  жылқы малдарын сатып алды.
4 адам  «Береке» бағдарламасы аясында 11 млн теңгеге шағын несиелер алып, 60 бас ірі қара малдарын сатып алып, бордақылаумен жұмыстануда.


Әлеуметтік салада округ бойынша жыл басынан ақылы қоғамдық жұмыстарға 88 адам, уақытша жұмыстарға 25 адам және 6 адам тұрақты жұмысқа орналасты.  «Жастар тәжірибесі» бойынша 1 жас маман  тартылып, қазіргі таңда Сырым аудандық ветеринарлық зертханасына тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына «Босағам» шаруа қожалығына 10 айға 2 адам алынды.
Аз қамтылған, жалғыз басты 5 отбасына шөп дайындаушы жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтары барлығы 100 ц. шөп (құны 125 000 теңге болатын)тегін таратылып берілсе, 61 адамға 5,7 млн. теңгенің материалдық көмегі берілді.
Аз қамтылған 72 отбасына 422,0 мың теңге көлемінде  қайырымдылық және ізгілік  көмектер көрсетілді.
Балалар жәрдемақысы 13 отбасындағы 30 балаға 536,1 мың теңгеге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақы төленді.


Білім беру саласында округте 2 білім беру ошағы Абай орта мектебі мен Көздіқара негізгі мектептерінде 43 ұстаз оқушыларға білім берсе, аталған мектептерде биылғы оқу жылында 124 оқушы білім алуда.
Шағырлой ауылындағы  «Айгөлек» балалар бақшасында 23 бүлдіршін тәрбиеленсе, 18 бүлдіршін шағын орталықта және 12 бүлдіршін Көздіқара орта мектебі жанындағы шағын орталықта тәрбиеленуде.
Жазғы демалыс лагерлерінде мектепшілік - 87 бала, аудандық демалыс лагерлерінде - 39 бала, 2 мектептен Астана қаласындағы «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне 18 бала барып қайтты.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында, барлығы 70 мың теңгенің көмектері 18 отбасының балаларына берілді. 


Денсаулық сақтау саласында  2 фельдшерлiк пункт, 1 фельдшерлік акушерлiк пункт жұмыс жасайды.  Флюорографиялық тексеруден 526 адам (100%), күндізгі стационарда емделгендер 189 адам, скринингтен 25-70 жас аралығында өткен 115 адам, соның ішінде ауру анықталғаны - 4 адам, «Д» есепке 1 адам алынды. Тегін дәрі –дәрмекпен қамтылғандар-208 адам. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Дүниеге 17 сәби келсе, қайтыс болғандар саны 4 адам.


Мәдениет және спорт саласында 1 ауылдық мәдениет үйі бар.  Округтің 2 кітапханасындағы кітап қоры 22 267 кітап, оқырман саны 663 адам.  Кітапханалар мен мәдениет үйі өздерінің жоспарлары бойынша атаулы мерекелерге арнап дөңгелек үстелдер, оқырмандармен кездесулер ұйымдастырып отырады.
8 маусым күні Шағырлой ауылдық кітапханасы модульдік кітапхана жүйесіне қосылды.
ҚР Рәміздерінің 25 жылдық, Сырым бабамыздың 275 жылдық, Алаш Үкіметінің 100 жылдық, Ж.Досмуханбетовтың 130 жылдық мерейтойларының шеңберінде бекітілген іс-шараларына сәйкес, 23 мәдени көпшілік спорттық шаралар 923 тұрғындардың қатысуымен өтті. 2017 жылы тамыз айында өткен аудандық «Ақбидай» спорттық ойындарында округіміздің командасы бірінші орынды  иеленді.
Аудан жастарының «Өрле ауылым!» жобасы аясында ауылдық округте мәдени көпшілік іс шарасы өтті.
ЖББ Көздіқара негізгі мектебінің оқушыларынан құралған «Көздіқіра» КТК тобы республикалық, облыстық, аудандық  ойындарға қатысып,  жетістіктерге қол жеткізді.
2017 жылдың 19 маусым күні «Туған жер» бағдарламасы аясында Шағырлой ауылында «Жерлестер форумы» өткізіліп, оған Шағырлой ауылының мектеп түлектері мен шаруа қожалық жетекшілері қатысты. Форум барысында ауылды көркейту жұмыстары жайында жоспар құрып, ауыл жастарына спорт алаңын салып беру жөнінде шешім қабылдады.


 Газдандыру, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары - елді мекендерді газдандыру мәселесі бойынша Шағырлой ауылында  88 үй,  Көздіқара елді мекенінінде 25 тұрғын үй мен әлеуметтік бюджеттік мекемелер көгілдір  отынға қосылды.
Шағырлой ауылының таза ауыз су құдықтары 2010 жылдан «Жасқайрат» нүктесінен су тұщытқыш станциясы арқылы тұщытылып, ауылға жіберіліп тұрады.
Аудан және ауылдық округ әкімдерінің есеп беру жиналысынада көтерілген ұсынысы бойынша  «Сырым» КҚК арқылы қосымша 1 су нассосы қондырылып, қазіргі таңда бір қалыпта жұмыс жасауда..
Жыл басынан ауыл округ тұрғындарының және «Ауыл» ШҚ техникаларының күшімен  3884 тонна көлемінде күл - қоқыстар шығарылды. 
Есепті кезеңде 1120 ауылдық округ тұрғындарының қатысуымен 18 рет сенбіліктер ұйымдастырылды. ЖК «Надиров Т» мекемесінің техникалары арқылы санитарлық тазалыққа бөлінген 500  мың теңгеге қаражатқа күл қоқыс төгетін полигон аймағы тазартылып, ішіндегі үйінділер үйіліп жинастырылды.
Ауылдық округтің «Ыдырыс» қорымының айналасы тума - туыс, ағайындарының ұйымдасып, қаржы жинауының арқасында, қоршалды.  


Қоғамдық тәртіп- қоғамдық тәртіп сақтау бағытында 1 учаскелік инспекторы жұмыс жасауда.  2017 жылы  4 қылмыстық оқиға тіркелді, соның ішінде 2-уі ашылды.             
2017 жылы 51 азамат  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 201 941  теңге айыппұл салынып, соның ішін 70 339 теңгесі өндіріліп,  қалған  131 602 теңге сот орындаушыға мәжбүрлеп өндіруге жіберілді. (63,0 %)

 

Сарой ауылдық округінің әкімі                                     А.Жакиев