Ауыл шаруашылығы саласында 21 ауыл шаруашылық құрылымдары, 20 шаруа қожалықтары және 1 ЖШС тіркелген. 

Биылғы жылғы көктемгі далалық жұмыстарға  шаруашылық  құрылымдары 2526 (1998)  га жерге егін салды, оның 1930 (1550) га бидай, 98 га арпа, 25 га (20) га тары, 473 (428)  га суданка  егілді.
Шаруашылықтың барлық санаттарында 1748 бас ірі қара (1894), с.і.760 сиыр (1073), 2042 бас ұсақ мал (2241), 489 бас жылқы және (407) және 1724 құс (1553) тіркелген.

Шағын және орта бизнес саласында 3 сауда нүктесі, 1 мейрамхана халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетуде. «Береке» бағдарламасы бойынша 7 азамат 10 млн.650 мың теңгенің несиесін алды.

Халықты әлеуметтік қолдау – округ бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа 40 азамат тартылып, 7 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, уақытша жұмыс орындарына 13 адам, жастар тәжірибесімен 2 жас жолданды. Округтегі 7 отбасының 23 баласына 300 мың 258 теңгенің мемлекеттік жәрдемақысы берілді.

Білім беру саласы - округ бойынша Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені мен Қазақстан негізгі мектебінде барлығы 128 оқушы білім алуда. Мұның сыртында мектепке дейінгі тәрбиемен 47 бүлдіршін қамтылған. Сонымен қатар, 77 бала ыстық тамақпен қамтылған. ҰБТ-ге 3 мектеп түлегі қатысып, натижесінде орташа көрсеткіш  85,3 баллды құрады. «Мектепке жол» акциясы аясында 43 балаға 196 мың 360 теңгенің көмегі көрсетілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Талдыбұлақ ауылында фельдшерлік акушерлік пункт, Қазақстан ауылында медпункт жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Округте жыл басынан бері 19  бала дүниеге  келді. Скринингтен 155, флюорографиялық тексерістен 504 адам өтті.

Мәдениет және спорт саласы бойынша округте 1 мәдениет үйі және 2 кітапхана бар.  Округтегі  өткізілген 16 мәдени шараларға 412 адам қатысты. Өткізілген спорттық шаралар саны 11, қатысқандар саны 184 адам. Кітапханалардағы кітап қоры – 12670, оқырмандар саны – 650 адам. Жаңа әдебиеттер саны – 120 кітап.

Газдандыру жұмыстары және ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша ауылдық округтегі әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар Талдыбұлақ, Қазақстан ауылдары  бойынша 144 үй көгілдір отынмен қамтылған. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Талдыбұлақ ауылында 134 үй таза ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы Қазақстан ауылында ескі ауыз су мұнарасы ауыстырылды. Қазақстан-Киров бағытындағы бөгет бөгелді.  

Абаттандыру. Санитарлық-тазалық жұмыстары аясында бөлінген қаржыға күл – қоқыс орындары тазартылса, округтегі өткізілген сенбіліктер нәтижесінде ауыл маңы тазартылып, реттелді.Қосымша 9 көше жарықшамдары орнатылды. Ауылдың ішкі көшелеріне қиыршық тас төселіп, ауыл маңындағы бөгет бөгелді.

Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі                          Ж.Мұхамбетжанов