Ауылшаруашылығы саласында округ бойынша 49 шаруа қожалығы, мал шаруашылығымен айналасушы 2 несие серіктестігі, 1 ауылдық тұтыну кооперативі тіркелген. 

Биыл барлығы 5717 га жерге дәнді, майлы және мал азықтық дақылдар себіліп,1387 тонна жаздық бидай,1809 тонна арпа, 2,1 тонна арпа  алынды. Мал басын мал азығымен қамту мақсатында округ бойынша 102796 цн шөп дайындалды.
Есепті кезеңде ауылдық округ бойынша 3506 бас ірі қара малы, 5563 бас қой-ешкі, 1538 бас жылқы, 2 түйе, 27 бас шошқа және 2464 құс тіркелген, соның ішінде шаруа қожалығының меншігінде 2409 бас ірі қара малы, 4203 бас қой-ешкі, 1340 бас жылқы, 2 бас түйе, 814 құс тіркелген. 2016 жылмен салыстырмалы түрде алсақ, ірі қара малы 2%, жылқы 7% өскені байқалып, ал қой басы 4 %, ешкі басы 3 %, құстың саны 18 % кеміген.
Суармалы алқаптарды қалпына келтіру мақсатында Шолақаңқаты өзеңі бойындағы су қоймасының шлюзін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда атқарылуға тиіс жұмыстар толықтай аяқталды. Бұл жұмыстарды атқаруға жұмыссыз жүрген 5 ауыл тұрғыны тартылды. Сонымен қатар алдағы уақытта  ауыл тұрғындардың аулаларына өзең суын тартып алуға мүмкіндік болады, аулаларында бұрынғыдай бау бақша еге алады және балық шаруашылығының дамуына ықпал етіледі. 2017 жылы көше бойы 2 км труба тартылып тұр, биыл труба тарту жұмыстары әрі қарай жалғастырылады деп жоспарлануда.
Ауылымыздың шаруа қожалықтары жыл сайын өздерінің техникалық базасын жаңартып келеді, 2017 жылы 1 кун, 1 шөпшапқыш сатып алынды.
Ауылшаруашылық малдарды бірейлендіру мақсатында өткен жылы 235 бас жылқыға таңба басылып, 800 бас ірі қара малына сырға салынды. Малдәрігерлік жұмыстар жүргізіліп нәтижесінде 5 ірі қара малы бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталып, жойылды. Өткен жылы 72 бұралқы иттер атылып, жойылды.

Шағын және орта бизнес саласында 5 сауда нүктелері,                       2 қымыз өндіру цехы қызмет жасап келеді. Аз қамтылған азаматтарды мал басымен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы «Өрлеу» бағдарламасына сәйкес  9 жанұяға қайтарымсыз 1660570 теңге қаражат бөлініп, оған 11 ірі қара малы, 14 қой, 9 ешкі сатып алынды. Ал 2016 жылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында округтің 4 аз қамтылған отбасыларына барлығы 4 ірі қара малы, 5 қой алынып берілген болатын.
2017 жылы «Береке» бағдарламасы арқылы ауылдық округ бойынша 5 ауыл тұрғынына 16,4 млн.теңге бөлініп, олармен 86 бас еркек баспақтар сатып алынып, бордақылауға қойылып, қазіргі уақытта  36 басы етке тапсырылды. 

Әлеуметтік сала: Бүгінгі таңда округтегі 5 елді мекенде 237 отбасы, 1019 тұрғын бар. Есептік кезеңде барлық қаржы көздерінен 7826,4 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетілді, соның ішінде 25 отбасына (63 бала) 1379,8 млн. теңге көлемінде балаларға арналған жәрдемақы, 62 отбасыға 475 мың теңге көлемінде қайырылымдық көмек, жекелеген санаттағы 32 азаматқа 641,8 мың теңге әлеуметтік төлемдер, 132 балаға 5 329,8 млн.теңге көлемінде  жалпы білім беру қорынынан көмек көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда көмек 1,156 млн.теңгеге артып отыр.
Өткен жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 44 адам тартылды. Сонымен қатар 41 адам әр түрлі мерзімдерге бюджеттік мекемелермен және шаруа қожалықтармен жұмысқа тартылды.

Білім саласы: Ауылдық округ бойынша 1 жалпы білім беретін орта және 1 бастауыш мектебі жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда 2 мектепте 110 оқушыға 33 мұғалім білім беруде. ЖББ В.И.Шубин атындағы орта мектеп жанындағы интернатта 14 оқушы тәрбиеленуде. Сондай-ақ, округте 4 шағын орталық жұмыс жасайды, оларда 47 бала тәрбиеленуде. 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1 оқушы қатысып, 73 балл жинады. 2016 жылы бұл көрсеткіш 71,8 балл болған. Мектеп жанындағы жазғы демалыспен 79 оқушы қамтамасыз етілді.

Денсаулық сақтау саласы: Округте тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында Тоғанас дәрігерлік амбулаториясы, Аңқаты, Қарағанды, Құспанкөл фельдшерлік пунктері қызмет көрсетеді. Жыл басынан дүниеге 9 сәби өмірге келді, 6 адам қайтыс болды. Есепті кезеңде 125 адам скринингтен, 521 адам флюрографиядан өткізілді.

Мәдениет және спорт салалары:  2017 жылы барлығы 15 мәдени, 12 спорттық шаралар өткізілді, 551 адам қатысты. Округ бойынша 2 ауылдық клуб, 3 кітапхана жұмыс жасап келеді. Кітапханалардың кітап қоры 33500 дана, 2017 жылы кітапханалар жаңадан 400 кітаппен толықтырылды.

Инфрақұрылым: 2017 жылдың екінші тоқсанында ауылдық округ бойынша газификация жұмыстары басталып, желтоқсан айында аяқталған болатын.  Қазіргі таңда округ бойынша 112 жеке үйге көгілдір отын келіп тұр, немесе барлық үйлердің 47 % газбен қамтылып отыр. Өткен жылы есеп беру кездесу жиынында мектеп ұжымынан округте 4–G мобилдік байланыс қондырғысын қондыру туралы өтініш түскен болатын, сол өтінішті орындау мақсатында  3–G қондырғысы орнатылып, мобилдік байланыстың сапасы жақсартылды. Ауылдық округ  аумағын күл коқыстан тазарту мақсатында жергілікті бюджеттен 843,0 мың теңге бөлініп 2400 тонна қоқыс шығарылды.


Қылмыс туралы: Округ бойынша 12 қылмыстық істер тіркеліп, олардың 5 –і ашылды (ашылу деңгейі 41 %). Қылмыс саны 25 % көбейіп отыр. Жыл басынан 43 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталып, 180,0 мың теңге айппұл салынып, оның 140,0 мың теңгесі өндірілді.

 

Шолақаңқаты ауылдық округ әкімі                   Т.Айткалиев