Халқымыз «Ынтымақ – ырыс қазығы» деп бекер айтпаса керек. Алдымызға қойылған міндеттер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Бес институционалдық реформасының және Ұлт жоспары-100 нақты қадам шеңберінде және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында орындалуда.
Ауданымыздың даму тенденциясы тұрақты экономикасымен, дамып келе жатқан ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, әлеуметтік салаларымен сипатталады. 2016 жылдың қорытындысы Сырым ауданының тұрақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын көрсетеді.

Аудан бюджеті 2016 жылы 4164,6 млн. теңге көлемінде жоспарланған,  яғни 2015  жылғы аудан бюджетімен салыстырғанда                 18,3%-ға артық.   

Өзіндік кірістер бойынша жоспар 386,3 млн теңге болып белгіленсе, нақты  407,2 млн. теңге көлемінде немесе 20,9 млн. теңгеге артық орындалды. Өзіндік кірістердің жалпы кірістердегі үлесі – 9,7%-ды  (2015 жылы – 8,6%) құрады. Аудан бюджетінің әлеуметтік саланы қаржыландыруға бюджет қаражатының үлесі  62,8 пайызды құрайды. 2016 жылдың  ішінде аудан бюджетінің өзіндік кірістерін 2 рет нақтыланып,  барлығы 96,3 млн. теңгеге ұлғайтылды.
Ауданда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі  2016 жылдың 11 айында – 1,169,9 млн. теңге (2015 ж.–1,168,7 млн.  теңге), соның ішінде республикалық бюджет 622,3 млн. теңге, жергілікті бюджет 309,6 млн. теңге, меншікті қаражат 238,1 млн. теңге (жеке адамдар мен қожалықтардың үй-жайлары мен қора-қопсылары).
Ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылдың есепті кезеңіне (11 ай қорытындысымен) ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 6,6 млрд. теңгені құрады, с.і.  өсімдік шаруашылығы – 1,5 млрд. теңге болса,  мал шаруашылығы -  5,03 млрд теңге болып отыр.
Ауданда 387  агроқұрылым тіркелген, с.і. 359 ШҚ, 9 ЖШС және 19 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.
Ауыл шаруашылығы дақылдары 5380 га көлемінде егіліп, орташа өнімділігі әр гектарына 10,2 цн келді, барлық алынған өнім 5514 тн. Мал азықтық дақылдар 3245 га егіліп, әр гектарға орташа өнімділігі 25 цн келіп, барлық алынған біржылдық шөп 8113 тоннаны құрады. Мемлекет тарапынан егін шаруашылығына 18,2 млн. теңге субсидия төленді.
2016-2017 жылдың мал қыстағына 124,7 мың тонна мал азығын даярлау жоспарланған болса, 209,6 мың тонна мал азығы дайындалып, 168,1 пайызға орындалып отыр.
Аудан бойынша соңғы 5 жылда техника паркін жаңарту мақсатында 99 дана трактор, 26 дана шөп шапқыш, 63 дана шөп тайлағыш және 4 дана жатка алынып отыр, с.і. 2016 жылдың үлесінде 64 техника, с.і. 36 данасы лизинг арқылы, 28 данасы өз қаражатына сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында үстіміздегі жылға мал шаруашылығына 356,2  млн. теңге, өсімдік шаруашылығына 18,2 млн. теңге, «Казагромаркетинг» арқылы жаңадан алынған техникаларға инвестициялық субсидия көлемі 126,2 млн. теңге, вет.шараларға 62,3 млн. теңге, бруцуллез малдарды жоюға 42,3 млн. теңге бөлініп, барлығы 605,2 млн. теңгені құрап отыр.
Есепті кезеңге ірі қара малы 108,2 пайызға өсіп 43688 басқа жетті, ұсақ мал 108,3 пайызға өсіп 101857 басқа жетті, жылқы малы 118,9 пайызға өсіп 15218 басқа жетті
Ауыл шаруашылығы жануарларынан алынатын төлдер бұзау, қозы-лақ, құлын орташа есеппен 102,3 пайыздан 116,7 пайызға дейін өсіп отыр.
Аудан бойынша 11 шаруашылықта 1660 бас асыл тұқымды аналық мал тіркелген. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1456 бас ірі қара сатып алынып, 154%-ға орындалды, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1376 бас қой сатып алынып, 188%-ға орындалды, «Құлан» бағдарламасы бойынша 333 бас жылқы алынып, 107%-ға орындалды. 
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге келетін болсақ есепті кезеңге (11 ай қорытындысымен) 4196,2 тонна ет, 12757,3 тонна сүт, 1 миллион 540 мың   дана жұмыртқа, 219,2 тонна жүн өндіріліп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырмалы түрде қарағанда 100,3 пайыздан 106,9 пайызға дейін  өсіп отыр.
Аудан бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасының шебер жоспарлары шеңберінде 2016 жылға 5 бағыты бойынша 20 жоба жасақталды. Олар, мал азығы өндірісінің дамуы бағытына 6  шаруашылық қатысты, жобалардың жалпы құны 8,4 млн. теңге. Етті мал шаруашылығы саласын дамытумен 4 шаруашылық  құрлымы айналысуда, құны 143,5 млн. теңге.  Жылқы шаруашылығы дамуы бағытына 4 шаруашылық қатысып,  құны  23,8 млн. теңгені құрады. Қой шаруашылығы дамуы  бағытына 4 шаруашылық қатысып, құны 5,1 млн. теңгені және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытына 2 шаруашылық қытысып, жобалар құны 1,8 млн. теңгені құрады. Бағдарлама шеңберінде 15 тұрақты жұмыс орны ашылды.
2015 жылы 13 селолық тұтыну кооперативтері құрылып жеке қосалқы шаруашылықтардың 1500 бас аналық малдары біріктірілсе, 2016 жылы қосымша 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, жекелердің 2160 бас аналық ірі қара малдары 72 бас асыл тұқымды бұқалармен қамтылып, мемлекет тарапынан 38,8 млн. теңге субсидия төленді.
2016 жылдың соңында қолданысқа енгізілген «Береке» бағдарламасына ниеттенуші 38 жеке кәсіпкердің құжаттары дайындалды және аудан бойынша 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы  8 кәсіпкерге 18,2 млн. теңге несие берілді.
Аудан бойынша ветеринариялық шараларға тоқталсақ, бруцеллез ауруына серологиялық зерттеу жұмыстары жылдық жоспар бойынша ірі қара 56624 бас, ұсақ мал 127587 бас  зерттеліп,  орындалулары 100  пайызды құрады. Зерттелген ірі қара малдың 355-нен ауру анықталып, жұғу пайызы 0,6%-ды, ұсақ малдың 74-нен аурулар анықталып, жұғу пайызы 0,06%-ды құрады.
Бірдейлендіру жұмыстары шеңберінде  25609 бас ірі қара, 68162 бас ұсақ мал, 84 бас түйе сырғаланса, 2527 бас жылқы таңбаланды.
Ауданымыздың шағын және орта бизнес саласында1079 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген болса, олардың 350-і ауыл шаруашылығында, 31-құрылыс, 134-көлік және байланыс, 303- саудада,   261- басқа салаларда қызмет атқаруда.
Аталған бизнес субъектілері қазіргі таңда ауданымыздың 2203 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олар, ауыл шаруашылығында -1175, саудада-375, құрылыста-178, көлік және байланыс саласында-97 және басқа салаларда -378 адам еңбек етуде. Жаңадан 146 кәсіпкерлік субъектілері тіркелді (2016 жылдың 11 айымен). 2015 жылдың осы  кезеңмен салыстырғанда жаңадан тіркелген кәсіпкерлер саны 37,7 пайызға артты. Шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 3,5 млрд.теңге, яғни 86,7 пайызды құрады. Осы сала бойынша салық түсімі есептік кезеңде 53,3 млн. теңгені құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 71,3 пайызды құрады.
2016-2020 жылдарға арналған  шағын және орта бизнес саласының даму жоспары бойынша 2016 жылға жоспарланған 7 жобаның 6 жобасы жүзеге асылырылды, құны 110,0 млн.теңге, 37 тұрақты жұмыс орындары ашылды. Қалған 1 жоба (1 жеке кәсіпкер, Бұлдырты ауылдық округі) ағымдағы жылдың ақпан айында іске қосылады деп күтілуде, ашылатын жұмыс орны 5-еу. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы 98 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 708,7 млн.теңге көлемінде несие берілген (2016 жылдың 11 айымен). 
Жазғы маусымда аудан орталығында 17 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері оздырылса, облыста өткен 2 жәрмеңкеге аудан тұрғындары белсене қатысып, барлығы 24,9 млн. теңгені құрайтын 480,6 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін саттыққа шығарды.  
Шағын кәсіпкерлікті дамытуда іскери тәжірибе алмасудың орны бөлек, бұл тұрғыда ауданымызда «СЫРЫМ-INVEST-2016» кәсіпкерлер форумы өткізіліп, форумның жұмысына облыс аудандары мен көршілес Ақтөбе және Атырау облыстарының кәсіпкерлері қатысты. Форум барысында «Everest» жаңа супермаркеті  және «Үш ата» кафесінің ашылу шарасы өткізілді. Мүның сыртында 2016 жыл соңында «Тоқсоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 40 адамға арналған «Мерей» қоғамдық моншасы және Қосарал ауылынан азық-түлік, шаруашылық дүкендері іске қосылды.
Ауданның құрылыс саласында 31 жеке тұрғын үй пайдалануға беріліп, жалпы алаңы 3879,0 шаршы метрді құрады, 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 107,3 пайызға орындалып отыр. Сондай-ақ, 6 жеке қоғамдық ғимарат (дүкен, кафе,) пайдалануға берілді. Жалпы құны- 65,5 млн.теңге.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Жымпиты ауылынан 93 тұрғын үйлер алаңына инженерлік –коммуникациялық жүйелерін дамыту құрылыс жұмыстары жүргізілді, құрылыс жұмыстарының құны 77,2 млн.теңге, жүргізілген  инженерлік жүйелерінің ұзындығы 20,623 км.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің арнайы қорынан бөлінген қаржысы есебінен  Бұлдырты ауылынан 20 тұрғын үйлер құрылысы алаңына инженерлік-коммуникациялық жүйелерін дамыту құрылысы жұмыстары жүргізілді, құрылыс жұмыстарының құны 19,2 млн. теңге, инженерлік жүйелерінің ұзындығы 3,12 км.

Әлеуметтік нысандарды газбен жабдықтау бойынша Бұлан, Жамбыл, Қызылағаш, Аралтөбе, Қоңыр, Тамды, Көгеріс, Бұлдырты, Қарақұдық және Көздіқара елді мекендеріндегі әлеуметтік нысандарды газдыру жұмыстары 219,0 млн. теңгеге жүргізіліп, 36 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қосылды. Сонымен қатар, Тоғанас, Аңқаты, Қарағанды, Құспанкөл, Жаңаөңір және Сасықкөл елді мекендеріне  газ желісін тарту жұмыстары басталып, үстіміздегі жылы жалғасатын болады.
Ауданның көлдетіп суармалы жерлерін қалпына келтіру мақсатында Өлеңті көлдетіп суармалы жүйесінің бас имараты 18,0 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Шолақаңқаты өзенінің су жіберу құрылғысын қайта жаңарту жұмыстарына 20,6 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Бөлінген қаржылар толығымен игерілді. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы жалғасатын болады.
Ауыз сумен қамту жұмыстарына тоқталсақ, аудан бойынша орталықтандырылған ауыз су жүйесінің ұзындығы 193,098 км құрайды. 2016 жылдың басында орталықтандырылған су құбырын пайдаланушы тұрғындар саны  15210 адамды құраса, өткен жылы Бұлан ауылына 4,2 млн. теңгеге Шідерті өзенінен Бұлан ауылына дейін ауыз су құбыры тартылса, 2 млн. теңгеге Қазақстан елді мекенінде 3 ауыз су беру нүктесі іске қосылып, қазіргі уақытта сапалы ауыз сумен қамтылған тұрғындар саны 16010 адамды құрады.   
Көгілдір отынмен қамту жұмыстары бойынша қазіргі уақытта  ауданның 22 елді мекені көгілдір отынға қосылды, қамтылған аула саны 2538 аула, 62,2% (тұрғындардың 92%). Өткен жылы 10 елді мекенге көгілдір отын қосылды.
  Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ЖББ Қособа орта мектебінің  күрделі жөндеу жұмыстарына 31 адам тартылды.  Мұның сыртында 11 жобаға Үкіметтің арнайы резервінен бөлінген және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 30 адам уақытша жұмыстарға орналастырылды.
Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша 31 адамға 60 млн. теңге несие берілді. Аудан мекемелеріне жолданған 77 жас маманның 30-ы адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында өткен жылы «Жастар кадрлық резерві» жобасы қолға алынып, іріктеуден өткен 8 жастың 2-і мемлекеттік қызметке орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 46 адам жолданса, Ақылы қоғамдық жұмысқа 1669 адам тартылды. Ашылған жаңа жұмыс орындарының саны – 667, с.і. тұрақты-439, уақытша-228.
Әлеуметтік салада табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұратын 675 отбасында 3483 адам болса, 2015 жылмен салыстырғанда отбасы саны 1,9%-ға азайып отыр.  Атаулы әлеуметтік көмек 14 отбасындағы 45 адамға төленді,  отбасы саны  48,3 %-ға азайған, балалар жәрдемақысымен 478 отбасының 1211 баласы қамтылып, отбасы саны 0,6 %-ға көбейіп отыр.
Тұрғын үй көмегі 48 отбасыға 1,5 млн. теңге көлемінде төленіп, көмек алушылар саны 8,3 пайызға, сомасы 25,3 пайызға көбейіп отыр.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік материалдық төлемдер алушы 929 отбасына 19,5 млн. теңге төленіп, төлем алушылар саны  1,7%-ға, сомасы 8,7%-ға  көп. Аз қамтылған отбасыларға көрсетілген қайырымдылық және ізгілік көмектер 1465 отбасына 9,4 млн. теңгеге көрсетілді. 2015 жылмен салыстырғанда көмек алушылар 8,7%-ға, қаржысы 39,6 пайызға көбейіп отыр.
2016 жылдың екінші жарты жылдығыннан бастап «Өрлеу» жобасы жүзеге асып 11 отбасының 61 адамына 2,2 млн.теңге шартты ақшалай көмек көрсетілді.
«Ақжайық» шипажайына 28 тыл еңбеккері мен 5 зейнеткер демалып келсе, 32 мүмкіндігі шектеулі жан Шучье қаласы «Алмаз» шипажайына емделуге барып келді.
Ауданның денсаулық сақтау саласы желісін 1 орталық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 19 медициналық пункт. Саладағы қызметкерлер саны 410 адам,  с.і. жоғары білімді дәрігерлер – 32, орта буын қызметкерлері – 175 және әртүрлі мамандар – 203 адам. 2016 жылы ауданға 3 дәрігер (Аралтөбе, Бұлдырты, Жымпиты ауылдарына) және 20 медбике келіп, жұмысқа орналасты. Аудан бойынша туу көрсеткіші 301-ді құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға көбейіп отыр. Тұрғындардың қан жүйесі ауруымен, қант диабеті ауруымен, өңеш-асқазан ауруымен ауруларының алдын алу мақсатында 4900-ден астам адам тексеруден өткізіліп, олардың 242-нен ауру анықталып, сауықтыру жұмыстары жүргізілді. Флюорографиялық тексерістен 11300-ден астам адам өткізілді. Жылжымалы медициналық кешен 57 елді мекенде болып, 20 мыңнан астам адамды тексерістен өткізді, олардың ішінде 3500-ден астамы балалар.
Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында 21,3 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар мен 2 УАЗ автокөлігі сатып алынды (Бұлдырты, Жымпиты ауылдары қамтылды).
Ауданның білім беру жүйесін 13 орта, 6 негізгі, 3 бастауыш - барлығы 22 және 2 мемлекеттік балабақша, 3 қосымша білім беру мекемелері, барлығы 27 бірлік құрайды. Сонымен қатар, кәсіптік білім беру бағытында Сырым колледжі жұмыс атқаруда, онда 138 студент білім алуда.
Саланы қаржыландыруға саласына 2015 жылға 1,5 млрд. теңге бөлінсе, 2016 жылы 2,1 млрд. теңге қаралды.
2016-2017 оқу жылында аудан бойынша 22 жалпы білім беретін мектепте  2943 оқушы білім алуда. Осы білім беру мекемелерінде барлығы 475 педагог (2015-2016 оқу жылы - 483) қызмет етеді. 2016-2017 оқу жылында ауданға биылғы оқу жылында ауданға 23 (2015-16 оқу жылы 17) жас маман келсе, соның 12-сі жоғары, 11-і арнаулы орта білімді мамандар.
  Аудан бойынша 3 мектеп жанында интернатта 43 бала тәрбиеленуде (2015 жылы - 39 бала).Сонымен қатар, 3 мектепте 79 оқушыға күнделікті тасымал ұйымдастырылуда (2015 жылы - 92 оқушы).
Тасымалданатын оқушылардың оқуына қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы ЖББ Бұлдырты орта мектебіне ПАЗ автобусы алынып берілді. Бүгінгі күні аудан бойынша күнделікті тасымалды ұйымдастыратын үш мектеп 100 пайыз автокөлікпен қамтылып отыр.
Қазіргі таңда оқушылардың 62,3 пайызы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Бүгінгі күні ауданның барлық тәрбиеленушілер санынан алғанда 3-6 жасқа дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту 98,5%-ды құраса, 1-6 жасқа дейінгі балаларды қамту 65,4%-ды құрады. 
Жазғы демалыстың қорытындысы бойынша биылғы жылы аудан көлемінде  2688 оқушы  қамтылып, 97%-ды құрады (2015 жылы - 2482 оқушы, 96,2 пайыз). Аудан бойынша 3 қосымша білім беру мекемелерінде 1502 оқушы тәрбиеленуде. Өткен 2015-2016 оқу жылында ҰБТ-ның  қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш – 81,05 баллды құрады. Өз білімдерін қорғаған 2 түлек «Алтын белгі» иегерлері атанды.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ЖББ Қособа орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілді, құны 158,3 млн. теңге. Мұның сыртында абаттандыру, жиhаздар алуға жергілікті бюджеттен 4,5 млн. теңге қаржы жұмсалды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Жыл сайын мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. 2016 жылы да осы мақсаттағы жұмыстар жалғасын тауып, 76 млн. теңгеге автокөлік, компьютерлер, бейнекамералар, интерактивті тақталар, асхана жабдықтары, спорттық инвентарьлар және т.б. жабдықтар алынып берілді.
Ауданның мәдениет саласы желісін 1 аудандық, 8 ауылдық мәдениет үйлері, 5 ауылдық клубтар, Жымпиты, Бұлан  халық театрлары, «Ақ ниет» әжелер ансамблі, балалар саз аспаптар оркестрі, «Жауқазын», «Аружан» үлгілі би ансамбльдері мен «Ибалы» би тобы құрайды.
2016 жылы 501 мәдени шараға 87500 адам қатысты, 2015 жылмен салыстырғанда шаралар саны 44-ке, көрермендер саны 3000 адамға артық. Өткен жылы өткізілген барлық мәдени-көпшілік шаралар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында оздырылды.
Мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында 14,5 млн. теңгеге Бұлдырты, Шағырлой, Тасқұдық, Қоңыр, Аралтөбе, Талдыбұлақ мәдениет үйлері жаңадан музыкалық жабдықтармен және Талдыбұлақ мәдениет үйі сахна жабдығымен қамтылды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шенберінде жалпы құны 8,8 млн. теңгеге Аралтөбе, Талдыбұлақ мәдениет үйлерінің ғимараттары ағымдағы жөндеуден өтті.
Аудан көлемінде 250 спорттық шаралар оздырылып, 5921 тұрғындар қамтылды. Жымпиты ауылы Сырым саябағындағы теннис кортының көгал алаңы 2,5 млн. теңгеге жаңартылды. Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне 3,7 млн. теңгеге жаңадан Газель автокөлігі алынып берілді.
Жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына келсек, ауданымызда 196 км республикалық, 132 км облыстық және 296 км аудандық маңыздағы жолдар бар. Бұлдырты ауылына дейінгі 12 шақырым кірме жолға және  Жымпиты-Қаратөбе бағытындағы жолдың                                 55 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды.
Аудан орталығында 2015-2016 жылдары С.Сейфуллин, Абай, Х.Есенжанов, М.Қаратаев, Амангелді, С.Датов көшелерінің жолдарына (ұзындығы 7,2 км.) орташа жөндеуден өтсе, Мұхит, Қажмұқан көшелерінің жолдарына (0,898 км.) жөндеу жұмыстары басталды. 2017 жылы жұмыстар жалғасатын болады.
Мұның сыртында ұзындығы 2,6 км. болатын Жымпиты ауылішілік 4 көше жолдарына, яғни Х.Есенжанов, О.Исаев, М.Маметова, Ә.Молдағұлова көшелерінің жолдары  21,4 млн. теңгеге қиыршық тас аралас құм төсеу жұмыстары жүргізілді.  
Қазіргі уақытта, аудан орталығындағы Қолғанатов, Асадуллин көше жолдарының (1,88 км.) құрылысына ЖСҚ жасақталды.  Сонымен қатар, Исаев, Өлеңті ауылына кірме жол, Байжанов, Досмұхамедов, Жұмағалиев, Қазақстан, Мендалиев көшелерінің жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақталуда, жалпы ұзындығы 5,25 шақырым.
Аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға 2016 жылы облыстық бюджеттен 26 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. 2017 жылдың қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау жұмыстары бойынша 2 айға бір көзден сатып алу тәсілімен келісім-шарт жасалатын болады. 
Елді мекендерді жарықтандыру электр желілерін жөндеу жұмыстарына тоқталсақ, Алғабас ауылдық округіне қарасты электр желісіне 53 бағана қойылып, ішінара жөндеу жұмыстары және Қызылағаш, Қазақстан, елді мекендеріне қарасты электр желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»  бағдарламасы шеңберінде Жымпиты ауылына 100 дана, Бұлдырты ауылына - 33 дана, Бұлан ауылына - 22 дана электр үнемдеуіш жарық шамдар  орнатылды. Алғабас, Бұлдырты, Шолақаңқаты, Қособа ауылдық округтеріне 37 дана жарық шамдар берілді.
Санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарына тоқталсақ, Жымпиты ауылы Сырым колледжінен ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепке дейін өтетін жаяу жүргіншілер жолы (аумағы 1150 шаршы метр) абаттандырылса, М.Қаратаев, Амангелді, С.Датов көшелерінің жаяу жүргіншілер жолдарын жасақтау жұмыстары аяқталды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Аралтөбе, Бұлдырты ауылдық округтерінің  саябақтары абаттандырылып, Бұлдырты, Жымпиты ауылдарындағы саябақтарда «Street worcout» алаңдары жасақталды. Ауданның тірек елді мекендері қатарындағы Алғабас ауылында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында спорт алаңы жасақталды.
Аудан көлемінде санитарлық-экологиялық айлық аясында 1200 түп аға көшеттері отырғызылып, 441 тонна (сенбілік кезінде) қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сенбіліктерге 5135 адам (33 техника) қатыстырылды.
Ауданымызда қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 38 және                        1 сарқынды суға арналған полигондар бар, аталмыш полигондарға 44 гектар жер телімі бөлінген. Осы тұрғыда 2016 жылдың сәуір айынан бастап аудан көлеміндегі ең ауқымды болып табылатын Жымпиты ауылы аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын «Асқарова» ЖК-не сенімгерлік басқаруға берілді. Полигонның жан-жағын реттеу, абаттандыру жұмыстары 2,5 млн. теңгеге жүргізілді.  Жымпиты ауылындағы сұйық  полигонды қоршау жұмыстарына 287 мың теңге жұмсалды.  
Ауылдық округтердегі иесіз күл-қоқыстарды шығаруға барлық ауылдық округтерге 300 мың теңгеден қаржы бөлініп, полигондардың аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ауданның қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне тоқталсақ,  өткен жылы 191 қылмыс тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда 43 қылмысқа азайып отыр.  2016 жылы тіркелген қылмыстардың 103-і ашылып, 54%-ды құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 12,1 пайызға өскен. Тіркелген қылмыстардың ішінде 75-і мал ұрлығы, олардың 20-сы ашылды. Аудандық ішкі істер бөлімі мен аудандық мекемелердің бірлесуімен 2016 жылдың 1 қыркүйек 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы оздырылды. Шара барысында 16 рет рейдке шығу ұйымдастырылып, 78 шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етуді және далада бағымдағы малдарды қараусыз қалдырмау жөнінде ескертпелер таратылды. 
Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция бөлімшесімен әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша  1791 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 6,9 млн. теңге айыппұл салынды, өндірілуі 44,2 пайызды құрады.
Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметін жергілікті атқарушы орган тарапынан материалдық қолдау мақсатында компьютер принтерімен, ноутбук және жұмыс кабинеті жиhаздары алынып берілді. Жымпиты, Қосарал УПИ қызметтік үйлермен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық жергілікті полиция қызметіне облыс әкімдігімен 3 дана, аудан әкімдігімен                1 дана НИВА автокөліктері табысталды. Бұл автокөліктер Жымпиты, Бұлдырты және Алғабас ауылдық округтерінде қызмет бабында қолданыста.