Ауыл және мал шаруашылығы: округте барлығы 38 шаруашылық  субъектілері тіркелген. Бұл шаруашылықтардың 23-і, яғни 64 пайызы мал шаруашылығымен айналысады. Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде ірі қара мал басы саны жылдан жылға артып келеді.
Нақты тоқталсақ, ірі қара - 3869 басты, ұсақ мал – 6899 басты, жылқы - 1323 басты, құс -1631 құрап отыр. 2015 жылмен салыстырғанда ірі қара 1,0, жылқы 5,0, құс 3,0 пайызға өсіп отыр, ал ұсақ мал 15 пайызға азайған.
Жоғарыда аталған мал басының ішінде жеке тұрғындар иелігінде  ірі қараның 51 пайызы,  ұсақ малдың 59 пайызы, жылқы малының 34 пайызы болса, қалғаны шаруашылық құрлымдарында.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 3 (2015 ж.-1) шаруашылық  46 млн. теңгеге 109 бас аналық ірі қара (соның ішінде 35-і асыл тұқымды қашарлар), 10 бас аталық бұқа малын сатып алды. Бағдарламаға қатысқан «Миллат» шаруа қожалығы  - 14 млн.теңге, «Беркәлі» шаруа қожалығы - 17 млн.теңге,  «Сыдыков С.М.» шаруа қожалығы - 15 млн. теңге несие алды.
«Жамбыл» шаруа қожалығы трактор және шөп тайлағыш, «Миллат» шаруа қожалығы шөп тайлағыш сатып алды.
«Ешекен» шаруа қожалығы 550 га жерге сафлор дақылын егіп, өнім алды.
Мал азығын дайындауға 33 техника, 20 шаруа қожалығы және 13 жеке тұрғын қатысып, 18270 (2015 ж. - 12540) тонна мал азығын дайындады.
Ветеринарлық шаралар бойынша сарып ауруына ірі қара малдан – 4323 (2015 ж. - 3600) бас зерттелсе, ұсақ малдан -12863 (2015 ж .- 8000) бас зерттелді.
 Шағын  кәсіпкерлік саласы округте 52 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелді. Бұл салада 94 адам жұмыстануда.  3 дүкен, 2 кафе, 1 шаштараз, 1 тігін ательесі, 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 1 пластикалық терезе шығаратын цех, 1 наубайхана жұмыс жасайды.
Әлеуметтік сала:  Округ бойынша жалпы халық саны – 1715 адам, 2015 жылмен салыстырғанда 12 адамға көбейіп отыр. Ашылған жаңа жұмыс орындарының саны – 3, сонымен қатар қоғамдық жұмысқа – 115 (2015 ж.-117), тұрақты жұмысқа – 3, науқандық жұмыстарға – 14 (2015 ж.-71) адам тартылды.  
Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар 47 отбасына (113 бала)  балалар  жәрдемақысы, 2 отбасына тұрғын үй көмегі, 34 адамға материалдық көмек берілді.  «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша  жастар тәжірибесіне 2 жас маман жұмысқа жолданды.  
       Білім беру саласы бойынша: округтегі 1орта, 1 бастауыш мектепте барлығы 243 (2015 ж.-279) оқушы білім алуда. Соның ішінде 139 (2015 ж.-164) оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Оқушыларға 46 педагог білім беруде. ҰБТ-ң орташа көрсеткіші 73,1 балл, мектеп бітіруші  27 түлектің 19-ы қатысты.
Оқушылардың жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру барысында аудандық, ауылдық мектеп жанындағы лагерлерде  барлығы 167 (2015 ж.-161) бала демалды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде ЖББ М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектебі жанынан  спорт алаңы жасақталды.
   Денсаулық сақтау саласы:  тұрғындардың денсаулығын сақтау, нығайту мақсатында округте 1 дәрігерлік амбулатория  және 2 фельдшерлік пункт  жұмыс жасайды.
Профилактикалық тексерістен  938 адам, соның ішінде 247-сі балалар, флюорографиядан 889 (2015 ж.-998) адам, жылжымалы медициналық кешен арқылы  – 485 (2015 ж.-470) адам тексерістен өтті.
Мәдениет және спорт саласы: округта 2 кітапхана,  1 мәдениет үйі қызмет етуде. Кітапханаларда  35085 (2015 ж.-34226) кітап қоры тіркелген, оқырмандар саны 1189 (2015 ж.-870) адам.  Барлық айтулы мерекелік шаралар жоспарға сәйкес ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аталып өтті. Есепті кезеңде өткізілген 83 мәдени көпшілік шараларға 9045 көрермен қатысты.
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында Бұлдырты ауылдық округі Алғабас ауылына келіп,  дөңгелек үстел өткізіліп, өнерпаздар концертік бағдарламасын ұсынды.
         Ауыз су және газдандыру жұмыстары: Алғабас ауылында 71 (2015 ж.-53) тұрғын үй суды үйден пайдалануда. Сонымен қатар, Алғабас ауылында 194 (2015 ж.-183) тұрғын үй көгілдір отын пайдаланып отыр. Көптен тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген өзекті мәселелердің бірі Жаңа - Өңір және Сасықкөл елді мекендеріне  көгілдір отын тарту жұмыстары болса, бұл жұмыстар 2016 жылы басталды. Биылғы жылы жалғасуда.
Байланыс, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары бойынша аудан әкімінің қаулысына сәйкес сенбіліктер өткізілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға күл-қоқыс төгетін полигон айналасы реттелді.
Қазіргі уақытта 86 (2015 ж.-104)  нүктеде телефон желісі жұмыс жасауда. «Beelinе», «Activ» ұялы байланыс жүйелері қалыпты жұмыс жасап тұр.