Ауылшаруашылығы саласы: округтің ауылшаруашылық құрылымдары негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Округте 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 27 шаруа қожалығы, 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тіркелген. Мал қыстақтарына барлығы 12413 тонна мал азығы дайындалды. 

Округте 3142 бас ірі қара, соның ішінде 1988 бас сиыр, 5332 бас қой мен ешкі, 673 бас жылқы, 1010  құс тіркеліп, сәйкесінше ірі қара 29 %-ға өсіп, ал ұсақ мал 12%, жылқы    6 %-ға азайып отыр. «Сыбаға» бағдарламасына 3 шаруа қожалығы қатысып, 259 бас ірі қара малын сатып алды, соның ішінде аналық ірі қара 246 бас.

Шағын және орта бизнес саласындағы 41 субъектілерде барлығы 99 адам жұмыс жасайды. Жаңадан тіркелген субъектілер саны 1. Округте тұрғындарға қызмет көрсету мақсатында 5 дүкен, 1 асхана жұмыс жасайды.

Әлеуметтік салада  тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 99 адам, 89 (2015 жылы – 77) адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, ресми жұмыссыздар есебінде 67 адам тұр. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 1 жас жұмысқа жолданды.
Мемлекеттік жәрдемақы 16 отбасының 44 баласына тағайындалды. Барлық қайырымдылық шараларында және одан тыс 46 адамға 404 мың теңге материалдық көмек берілді.

Білім беру саласында ЖББ Аралтөбе орта және Қызылағаш негізгі мектептерінде 126 оқушы білім алуда, мұның сыртында мектепалды даярлық тобында 10, шағын орталықта 42 бала тәрбиеленуде. Оқушыларға 38 ұстаз білім беруде. ҰБТ көрсеткіші 76,6 балл, 2015 жылмен салыстырғанда 70,8.
Аралтөбе орта мектебі жанынан аз қамтылған, көп балалы отбасынан 73 бала ыстық тамақпен қамтылған. Жазғы демалыс лагерлерінде 100 бала демалды. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 28 балаға 203,5 мың теңгенің көмегі берілді.  Жалпыға бірдей білім қорынан 13 балаға 160 000 теңгенің киім кешектері берілді.

Денсаулық сақтау саласында 1 амбулатория, 1 медициналық пункт  жұмыс жасайды. Тегін дәрімен қамтылған ересектер саны  67 адам,  балалар 2. Флюорографиялық тексерістен 685 (2015 жылы - 720) адам өтті. Жылжымалы медициналық кешен арқылы 196 адам тексерілді. Биылғы жылы 1 дәрігер келіп, еңбек етуде.

Мәдениет және спорт саласы Аралтөбе ауылында 1 Мәдениет үйі бар. Округ бойынша мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жоспар бойынша аталып өткізілді. Кітап қоры 18 100 (2015 жылы 17 883) дана, келген жаңа әдебиет 225 (2015 жылы - 370) кітап. Ауқымды мәдени шараларға тоқталсақ, жастар арасындағы облыстық «Толғайды тарих» атты дәстүрлі жас әншілер байқауы, «Славян базары» байқауының Гран-при иегері Д.Құдайбергеновтың ән кеші өткізілді.

Санитарлық тазалық және абаттандыру аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, шаруа қожалықтары техникаларының көмегімен  күл-қоқыстар арнайы күл-қоқыс полигонына шығарылды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Аралтөбе ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу арқылы абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Газдандыру жұмыстары 2016 жылы ауылдық округтегі барлық әлеуметтік нысандар табиғи газбен жылыту жүйесіне қосылды. Аралтөбе ауылында 81, Қызылағаш елді мекенінде 8 үй көгілдір отынға қосылған.