Ауыл шаруашылығы саласында округ бойынша 8 шаруа қожалығы тіркелген. Жеке тұрғындар мен шаруашылық құрылымдарындағы мал басы саны 2016 жылдың соңына ірі қара мал басы – 1669 (2015 ж – 1473) бас болып 2015 жылмен салыстырғанда 11,3%-ға,  қой мен ешкі барлығы – 4735 бас болып 10,5% өсіп отыр, жылқы – 332 бас болып 8% кеміді,  үй құстары – 447-ні құрап (2015 ж – 549)  өткен жылдың осы кезеңімен  8%  кеміп отыр.
Қыстақтарға 9520 тонна мал азығы дайындалып, 150%-ға  орындалды. 
Сонымен қатар, табындағы етті ірі қара малының тұқымын түрлендіру сапасын арттыру мақсатында «Жаңаталап» шаруа қожалығы 4 бас, «Бұлан-Болашақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 7 аталық бұқа сатып алып  өз табындарына қосты.
Ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында  «Меңдібай» шару  қожалығы 1 дана  МТЗ-80 тракторын лизинг арқылы алды.
«Сыбаға»  бағдарламасы  бойынша Жамбыл ауылындағы «Тоқмырза»  ШҚ мал басын асылдандыру бағытында құжаттарын тапсырып, 50 бас аналық малын алу үшін 10 млн. теңге несие алып,  жұмыстарын жүргізуде.  Жамбыл ауылынан жаңадан мал қорымы салынды.
Мал дәрігерлік және диагностикалық іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.
Шағын кәсіпкерлік саласы - округте 2 сауда нүктесі, «Хамза» ЖК және «Бержанова»  ЖК дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Әлеуметтік салада тұрақты жұмысқа 9 адам, уақытша  жұмысқа 7 адам орналасты, 26 адам маусымдық жұмыстарға жолданды. Жұмыспен қамту  органдарына жолыққандар саны - 93,  ресми жұмыссыздар саны-4 адам.
Балалар жәрдемақысы 27 жанұядағы 69 балаға (2015 жылы - 24 жанұядағы 66 балаға) тағайындалды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 94 адам (2015 жылы 89 адам) тартылды.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленген әлеуметтік материалдық төлемдер 230 адамға 3690,2 мың теңге (2015 ж. 82 адамға 1880,3 мың тенге)  көлемінде төленді. Тыл еңбеккерлерінің қатарынан 1 адам (2015 ж. 1 адам) «Ақжайық» санаториясына барып демалып келсе, мүмкіндігі шектеулі 1 адам «Бурабай» санаториясында демалып келді.
Білім беру саласында округте 1 орта мектеп, 1 негізгі мектеп және орта мектеп жанынан 1 балабақша, мектеп жанынан 2 шағын орталық жұмыс  істеуде. Екі мектепте 135 (2015-2016 оқу жылы – 137) оқушы білім алуда. Оларға 35 мұғалім білім беруде. Шағын орталықта  барлығы 55 бала, балабақшада 20 тәрбиеленушілерді 3 тәрбиеші тәрбиелеуде. Ыстық тамақпен 108 (2015 ж – 109) бала қамтылып отыр.
Бұлан ауылындағы «Достық» лагерінің ауласы абаттандырылып, лагерь ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Денсаулық сақтау саласында округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік акушерлік пункт  жұмыс жасап тұр.
Жыл басынан бері күндізгі емдеу бөлімінде 144 (2015 жылы – 120) адам ем алса, 514 адам флюорографияға түсті.  
Мәдениет және спорт саласына тоқталсақ, есептік кезеңде 74 мәдени шаралар оздырылып, 2820 адам қатысты. Оздырылған 20 спорттық шараларға 329 адам қатысты. Бұлан  ауылдық кітапханасындағы  кітап қоры 12604 (2015 ж – 12466) кітап, оқырман саны – 423 (2015 ж-418) кітап.
Газдандыру мәселесі жөнінде – Көгілдір отын Бұлан, Жамбыл ауылдарының әлеуметтік  нысандарына түгел қосылды, Бұлан, Жамбыл ауылдары бойынша 65 тұрғын үйлер көгілдір отынға қосылды.
Ауыз су мәселесін шешу мақсатында Бұлан ауылына Шідерті өзенінен ауыз су құбыры тартылып, іске қосылды.
Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары:
Округ бойынша сенбілікке 78 адам және 2 МТЗ-80 техникасы жұмылдырылып, 80 тонна  күл-қоқыс шығарылды.
Бұлан  ауылында  «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 955 мың теңгеге Қазақстан, Наурыз, Достық көшелеріндегі 22 жарықшам энергияүнемдеуіш шамдарға ауыстырылды.