Ауылшаруашылығы саласы: Округтің ауылшаруашылық құрылымдары негізінен егін және малшаруашылығымен айналысады. Округте 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 8 шаруа қожалығы бар.
Мал азығы 7682 тоннна жинақталып, орындалуы 98,5%-ды құрады. 
Округте – 987 бас ірі қара, соның ішінде 475 бас сиыр, 1286 бас қой мен ешкі, 726 бас жылқы, 866 құс тіркеліп, сәйкесінше ірі қара 61 басқа, ұсақ мал 74 басқа, жылқы 8 басқа өсіп отыр.
«Қарабура» шаруа  қожалығы асылдандыру  бағытында  6  асыл тұқымды  қашар алып, мал басын асылдандыру бағытында жұмыстануда және 1,1 млн. теңгеге инвестсубсидиямен жаңа 2 дана шөп шабу агрегатын алды.
«Сыбаға» бағдарламасы аясында «Қарабура» және «Маһарша» ШҚ малды асылдандыру бағытында жұмыстанып, 150 бас малға мемлекеттен 4,3 млн. теңге субсидия алды. 
Аудан орталығында өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкесіне ауыл тұрғындары өз өнімдерін сатылымға шығарды.  
             Шағын және орта бизнес: Аудандық Кірістер басқармасында округте 4 кәсіпкер тіркелген. Тасқұдық ауылында 1 жеке кәсіпкер ауыл тұрғындарын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуде.    
             Әлеуметтік салада тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 20 адам, ресми жұмыссыздар есебінде 9 адам тұр, 31 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.
Мемлекеттік балалар жәрдемақысы 4 отбасының 14 баласына тиісті 294 мың теңге көлемінде тағайындалды.
Қайырылымдық көмек бойынша округтегі жағдайы төмен 4 отбасыларға, жалғыз басты қарияларға, 64 мың теңге көлемінде әртүрлі деңгейдегі көмектер көрсетілді.
«Мейірбандық күндері мен қарттар күніне» ауыл қарттарына арнап ас берілді.
Білім саласы: ЖББ Тасқұдық негізгі мектебінде 43(2015 жылы - 37) оқушы білім алуда. Мектеп жанындағы балабақшада 20(2015 жылы - 16) бала тәрбиеленуде. Балаларға 18 ұстаз білім беруде.
Тасқұдық орта мектебі жанынан аз қамтылған, көп балалы отбасының 28 бала ыстық тамақпен қамтылған. Жалпыға бірдей білім қорынан 19 балаға 58 900 теңгенің киім кешектері берілді.
«Мектепке жол» акциясы аясында ауылшаруашылық құрылымдары, жеке кәсіпкерлер, округтегі мекеме қызметкерлері демеушілік көрсетіп 131 900  теңгеге  мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасының 10 балаларына оқу құралдары табыс етіліп және қаржылай көмектер көрсетілді.
2016 жылғы оқу жылы бойынша ЖББ Тасқұдық негізгі мектебіне психолог және өзін-өзі тану пәндерінен жаңадан 2 жас маман жұмысқа орналасты.
Денсаулық сақтау саласында округ көлемінде 2 медициналық пункт  жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау саласы бойынша дәрігерлердің қарауында ересектер 320, балалар 83. Тегін дәрімен қамтылған ересектер – 44 (2015 жылы – 41) адам,  балалар – 3 (2015 жылы - 5). Флюорографияға түскендер саны - 230 адам.

           Мәдениет және спорт саласы: Тасқұдық ауылында 1 мәдениет үйі бар. Округ бойынша 97 мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жоспар бойынша өткізілді. Кітап қоры 13 608, келген жаңа әдебиеттер саны 176 кітап.         
Санитарлық тазалық және абаттандыру: Аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, жеке көлік иелерінің техникаларының көмегімен  күл-қоқыстар арнайы белгіленген орынға шығарылды. Санитарлық тазалық жұмыстарына бөлінген 300 мың теңгеге «Сырым» МКҚК арқылы келісім-шарт жасалып, полигон айналасын қазу, тазарту, ауыл көшелерін тегістеу жұмыстары жүргізілді. Округ бойынша барлығы 14 тонна күл-қоқыс арнайы полигонға төгілді.
Тұрғындардың және ауылдан шыққан азаматтардың қолдауымен зиратты қоршау  жұмыстары  жүргізілді.

</