Ауыл шаруашылығы саласы бойынша округте 26 қожалық, 1 ЖШС,  1 тұтынушылар кооперативі тіркеліп тұр, олар негізінен мал өсіріп, мал азығын дайындаумен айналысады.

Есептік кезеңге ірі қара мал басы саны 3950 бас, с.і. аналық сиыр  2061 бас, қой мен ешкі   11387 бас, жылқы  1620 бас, үй құстары 632  болып есептеліп отыр. Сәйкесінше ірі қара мал 3,0 пайызға, ұсақ мал 9,0 пайызға, жылқы 12 пайызға, құс 1,0 пайызға өсіп отыр. Қыстақтарға 18424 тонна мал азығы дайындалып, 140,6 пайызға орындалды.
Округтегі 7 шаруа қожалығы ауыл шаруашылық техникаларын сатып алса, с.і. 3 шаруа қожалығы өз қаражатына, қалғандары лизингке алды.
Асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдар үлесін көбейту мақсатында өз қаражаттарына «Атил-Гейх» ЖШС – 2, «Байқадам» ШҚ - 2, «Азат» ШҚ - 1, «Айкөркем» ШҚ - 2, «Мәди» ШҚ - 1, «Роман» ШҚ - 1  бас асыл тұқымды бұқа сатып алды,  «Жарас» ШҚ 800 мың теңге қаржы көлемінде «Сыбаға» бағдарламасымен несие алып, 2 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Асыл тұқымды қой шаруашылығын  дамыту бағытында 2016 жылы «Атил-Гейх» ЖСШ 30 млн. теңге несие алып, 1120 бас саулық қой мен 40 бас асыл тұқымды қошқар сатып алып, шаруашылығын кеңейтсе, «Құлан» бағдарламасымен «Бөлекқұмақ» ШҚ 35 млн. теңге несие алып, 112 бас бие,                   9 бас аталық жылқы малын сатып алды.
Мал дәрігерлік,  ветеринариялық, диагностикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес  жүргізілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласына келетін   болсақ,  бүгінгі  таңда  4 сауда нүктесі, 1 кафе жұмыс  жасап  тұр.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ЖК «Айша» «Жетікөл» дүкені  және «Беккалиев» ЖК «Данияр» дүкендерін өз қаражаттарына ашты. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1 азамат 1,2 млн. теңге, несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда.
Әлеуметтік салада округ бойынша балалар жәрдемақысы 43 жанұядағы 113 балаға, ал атаулы әлеуметтік көмек 1 отбасындағы 4 адамға төленді.  
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен, әлеуметтік материалдық төлемдер 58 адамға 1,2 млн. теңге көлемінде төленді.
Санаторлық-курорттық емделуге Жаңақала ауданына 1 ауған соғысының ардагері, 1 Семей полигонына қатысушы  барып қайтса, 1 тыл ардагері «Ақжайық» шипажайына және мүмкіндігі шектеулі  3 адам «Бурабай» санаториясында демалды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 2016 жылы 91 адам тартылды. 2016 жылы «Жастар практикасынан» 7 жас маман тартылып, с.і. 2-і тұрақты жұмысқа орналасты.
Білім беру саласында  1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп жұмыс істеуде. Орта мектепте 2016-2017 оқу жылында 177 оқушы білім алса, даярлық тобында 18 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Мектеп жанындағы интернатта 9 оқушы тәрбиеленуде. Ыстық тамақпен 116 бала қамтылып отыр.
 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында ЖББ Сырым орта мектеп-балабақша кешені ағымдағы жөндеуден өтті.
Жетікөл бастауыш мектебінде 12 оқушы, даярлық тобында 4 тәрбиеленуші бар. Ыстық тамақпен 100% қамтылған.
Денсаулық саласы: Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт жұмыс жасап тұр.
Жыл басынан 629 адам флюорографияға түскен (85%), скринингтік тексеруден 152 адам өтті, жылжымалы медициналық кешен арқылы 55 адам тексерілді.
Мәдениет және спорт саласы -  округте 200 орындық мәдениет үйі бар. Мәдениет саласында барлық мерекелік іс-шаралар ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерімен өз деңгейінде жоспарлы түрде ұйымдастырылып келеді.
Ауыл кітапханасындағы  кітап қорына  жыл бойына 211 жаңа кітап қосылып, барлығы 19370 кітапты құрап отыр. Оқырмандар саны – 600 адам. 
Газдандыру мәселесі жөнінде - Қосарал, Жетікөл ауылдарының әлеуметтік  нысандарының жылыту жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр. Бүгінгі таңда округ бойынша Қосарал ауылында 101 үй, Жетікөл ауылында 15 үй көгілдір отынға қосылды.
Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары – санитарлық  тазалық жұмыстары нәтижесінде округ аумағынан  1500 тонна күл-қоқыстар шығарылды.  Бұл жұмыстарға 300 мың теңге қаржы жұмсалды. 
Ағымдағы жылы жергілікті мүлік салығынан, жер салығынан, көлік салығынан және коммуналдық тұрғын үйлер пәтерақысынан түскен 474 000 теңге қаржы орталық саябақты қоршау жұмыстарына жұмсалды.