Ауыл шаруашылығы саласында округ бойынша 13 шаруа қожалығы тіркелсе соның ішінде қазіргі таңға 12-де мал басы тіркелген.  Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты -  мал шаруашылығы болып табылады. Жеке тұрғындар мен шаруашылық құрылымдарындағы тіркелген мал басы саны ірі қара мал – 2783 басты құрап, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға,  қой мен ешкі барлығы – 4070 бас болып  0,2%-ға ,  жылқы – 441 бас болып, 35,2 %-ға , үй құстары – 992-ні құрап, 7,7%-ға өсіп отыр.
Қыстақтарға 9765,2 тонна мал азығы дайындалып, 66%-ға орындалды. 
Сонымен қатар, табындағы етті ірі қара малының тұқымын түрлендіру сапасын арттыру мақсатында 11 шаруа қожалығы 10 бас аталық бұқа алып өз табындарына қосты. Алынған субсидия  көлемі барлық 1266 бас ірі қара малына 24 860 000 теңге, соның ішінде 10 бас аталық ірі қараға 1,5 млн. теңге, 1256 бас аналық малға 23,3 млн. тг. төленді.
Ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында  «ҚадырЖанҚанат» ЖШС 2016 жылы МТЗ-80 – 1 дана сатып алды.
Мал дәрігерлік шаралар жоспарлы түрде, диагностикалық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді.
Ветеринария саласының жұмысын жауапкершілікпен атқару мақсатында арнайы ғимарат сатып алынды, алдағы жылы жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Шағын кәсіпкерлік саласында тіркелген субъектілер саны 13, оларда барлығы 76 адам жұмыс жасайды. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1 азамат 800 мың теңге (2015 жылы 2 азамат 1 млн. 700 мың теңге/  несие алып, мал басын өсірумен айналысуда.
Бүгінгі таңда 5 сауда нүктесі, «Тамаша» тойханасы тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.
Әлеуметтік салада округ бойынша жыл басынан 54 адам жұмысқа орналасса, соның ішінде  13 адам «Қаратай», «Дос», «ГауМар» ШҚ-на, мектепке әлеуметтік жұмысқа орналасты, 13 адам босаған қызметкердің орнына, жастар тәжірибесіне 4 жас жолданды, есептік кезеңде 6 жаңа жұмыс орындары ашылды. Маусымдық жұмысқа 18 адам орналасса, ақылы қоғамдық жұмысқа 45 адам (2015 жылы - 42 адам) тартылды.
Округ бойынша 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 15 жанұядағы 37 балаға тағайындалды. Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленген әлеуметтік материалдық төлемдер 28 адамға (2015 жылы - 31)  төленді.  Аз қамтылған екі отбасына 16 мыңға азық-түлікпен көмек берілді.
Білім беру саласында 1 орта мектеп, мектеп жанынан 1 балабақша және 2 шағын орталық жұмыс істеуде. ЖББ А.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебінде 123 (2015 ж –129) бала білім алуда, оларға 26 мұғалім білім беруде. Мектепке дейінгі даярлық тобында -15 (2015 жылы –7) бала, балабақшада 12 (2015 ж –18)  тәрбиеленуші, шағын орталықта  барлығы 18 бала тәрбиеленуде. Мектеп оқушыларының 70-і (2015 ж –76) ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Денсаулық саласы: Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте 1 ФАП, 1 МП  жұмыс жасап тұр. Жыл басынан бері күндізгі емдеу бөлімінде 240 (2015 жылы – 166) адам ем алды.
Жоспар бойынша 2016 жылға 386 (2015 ж – 360) адам флюорографияға түссе, профилактикалық тексеріс, скринингтік тексеріс, диспансерлік есепте 193 ересек, 24 бала тұр.
Мәдениет және спорт саласында округте 2 ауылдық клуб жұмыс жасайды. Жыл ішінде 45 мәдени шара өткізіліп,  шараларға 2000 адам қатысты. Ауылдық клуб жанындағы үйірмеге 75 адам қатысуда. 
Округтегі 2 ауылдық кітапханада кітап қоры 25814 дана, оқырмандар саны 861 адам.
Газдандыру мәселесі округте шешімін тауып, Қоңыр, Тамды ауылдарының әлеуметтік  нысандарына көгілдір отын қосылып, жыл соңына 55 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылды.
Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары аясында аудан бойынша жарияланған санитарлық айлық аясында ауылдық округте ауыл тұрғындарының, ауылдық мекеме қызметкерлерінің қатысуларымен сенбіліктер өткізіліп, 4 тонна күл-қоқыстар арнайы белгіленген орынға шығарылды. Мұның сыртында «Сырым» МКҚК арқылы  Қоңыр ауылы полигонының айналасы реттелді.