Халықты әлеуметтік қорғау саласы: Жымпиты ауылдық округі бойынша бүгінде 1532 аула бар, соның ішінде Жымпиты ауылында -1271 аула, Өлеңті ауылы - 232 аула, 1- Май ауылында – 29 аулада барлығы 1724 отбасы,  6966 адам тұрады.
Есептік кезеңге 212 адам жұмыспен қамтылса, 545 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Ресми жұмыссыздар саны 25 және жұмыс іздеушілер саны – 329 адам. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 9 отбасы, соның ішінде 24 адамға 1,2 млн., тұрғын үй көмегі 42 отбасына 1,5 млн. теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар алушылар саны 155 отбасының 383 баласына 6,8 млн. теңге төленген. Мұның сыртында 239 отбасына                2,7 млн. теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласы: Округте ірі қара–7236 бас, қой-ешкі-14901 бас, жылқы–2382 бас, түйе- 47 бас, 2314 бас құс тіркеліп отыр. Қысқы маусымға 34 672 тонна мал азығы дайындалды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 шаруа қожалығы 84,2 млн. теңге несие  алып, 469 бас аналық ірі қара малын  және 25 бас асыл тұқымды бұқа  сатып алды. Жымпиты ауылдық округі бойынша 20 шаруа қожалығына және 1 СТК-не  31,6 млн.теңге көлемінде субсидия төленді.             
Шағын және орта бизнес саласы: Мемлекетіміздің шағын және орта бизнестің даму қолайлылығын қамтамасыз етуі ауыл еңбеккерлеріне осы тұста  едәуір көмек көрсетілуде. Округте 29 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 49 шаруа қожалығы және 385 жеке кәсіпкер, 44 сауда орындары, 11 тұрмыстық қызмет көрсету обьектілері, 10 қоғамдық тамақтану обьектілері жұмыс істейді. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 15 адамға 32,2 млн. теңгенің несиесі берілді. Бөлінген несиелер  ірі қара малын өсіру мақсатында жұмсалатын болды. Аталмыш бағдарлама аясында «Үш ата» кафесі қолданысқа берілсе, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы қоғамдық монша, «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы арқылы «Эверест» супермаркеті пайдалануға берілді.              
         Білім беру саласы: Ауылдық округте 2 жалпы білім беретін мектеп  білім беріп келеді, Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін мектепте 1084 оқушы білім алады. Мектепалды даярлық сыныбына 145 бүлдіршін қабылданды. 2015-2016 оқу жылы 66 оқушы мектеп бітірсе, соның ішінде ҰБТ-ға 55 оқушысы қатысты, орташа көрсеткіші 78,77 балл көрсетілді. «Алтын белгі» белгісін 1 түлек иеленсе, 3 түлек ерекше үлгідегі куәлік иеленді. Оқу орындарының білім грантына 11 түлек түсіп отыр.
«Балдырған» балабақшасында 145 бала тәрбиеленуде. Ж.Досмухамедов атындағы мектеп балабақша кешенінде және шағын орталықта 100 бала тәрбиеленуде. 2016-217 оқу жылында мектептен тыс жұмысты ұйымдастырып отырған балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында 391 бала, Жас туристтер станциясы жанындағы үйірмелерге 248 бала, Балалар саз мектебінде 147 бала білім алуда. Сырым колледжінде 2016-2017 оқу жылында 138 студент, 4 түрлі мамандық бойынша білім алады. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 6 спорт түрі бойынша 14 үйірмеге  161 оқушы тартылған.
         Денсаулық сақтау саласы: Округ аумағында 1 орталық аурухана, 2 фелдшерлік пунк жұмыс жасайды. Онда 28 дәрігер, 128 медбике жұмыс жасайды. Жыл басынан 4350 адам ем-дом алды. Скринингтен 1583, флюорографиялық тексерістен 3699 адам өтті. Онкологиялық есепте тұрғандар 60 адам. 2016 жылы 134 сәби дүниеге келді.   
Мәдениет және спорт саласы: Ауылдық округте 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана (1 аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі,             1 балалар кітапханасы, 1 Өлеңті ауылдық кітапханасы), 2 музей, 2 стадион, 2 спорт алаңы, 1 спорт кешені, 1 дене шынықтыру–сауықтыру кешені, 3 саябақ бар. Өткен жылы 223 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, оған 29 мыңнан астам ауыл тұрғындары қатысты. 73 спорттық шараға 2962 адам қатысты.
Тұрғын үй және құрылыс саласы: Бүгінгі таңда үй салуға жер телімін сұраушылар кезегінде 394 адам тіркеуде тұр. 2016 жылы  «Қарасу» мөлтек ауданынан 93 орынға  инженерлік–коммуникациялық желі тартылды. Алдағы жылы жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 73 адамға кезектілік тәртіппен берілетін болады.                                   
Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары: 2016 жылы округ аумағында 2330 тонна қордаланған қоқыс үйінділері шығарылды.   
Көктемгі және күзгі тазалық айлығында сенбіліктерге округке қарасты 62 мекеменің 800-ден астам қызметкерлері қатысып,  ауыл көшелеріндегі, сайлардағы күл-қоқыстар шығарылды. Осы шара кезінде 60 түп ағаш отырғызылды.
Қазіргі таңда жалпы округ бойынша ауыл көшелеріне 479 көше шамдары орнатылған. Оның 244-і энергия үнемдегіш шамдар. 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 5 млн. 276 мың теңгеге 100 энергия үнемдегіш шамдар сатып алынып, Қазақстан, С.Датов, Б.Қаратаев көшелеріне  және Өлеңті ауылына кіре беріс жол бойына орнатылды.
Жымпиты ауылында «Қ.Мырзалиев атындағы мектеп» пен «Сырым колледжі» аралығындағы жаяу жүргіншіге арналған  жол салынып ұзындығы 1150 метр болатын жерге өрнек тас төселді. Ауыл ішінде С.Датов, Амангелді, Б.Қаратаев, С.Сейфуллин көшелеріне ұзындығы 2,7 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілерге арналған жол, М.Маметова, Ә.Молдагулова, О.Исаев көшелеріне және Х.Есенжанов көшесінің қалған бөлігіне кесекті-гравильді  жол салынды.