Ауыл шаруашылығы саласында округте 41 шаруа қожалығы тіркелсе, соның ішінде 31-де мал басы тіркелген.  Жеке тұрғындармен шаруашылық құрылымдарындағы мал басына тоқталсақ, ірі қара мал – 3152  бас болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға, қой мен ешкі барлығы – 9444 бас болып 6% өссе,  жылқы – 1047 бас болып 10%-ға кеміді, үй құстары – 474, өткен жылдың осы кезеңімен 15% кеміп отыр.
Қыстақтарға 21300 тонна мал азығы дайындалып, 103%-ға  орындалды. 
Сонымен қатар, табындағы етті ірі қара малының тұқымын түрлендіру сапасын арттыру мақсатында «Мүтір» ШҚ - 1 бас,  «Нұрлыхан» ШҚ – 2 бас,   «Досымхан» ШҚ – 2 бас, «Нұр-Мақсат» ШҚ - 3 бас аталық бұқа алып  өз табындарына қосты.
Ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында  «Досымхан» шаруа қожалығы 1 дана МТЗ-80, 1 дана шөп шапқыш және 1 дана шөп тайлағыш, «Мүтір» ШҚ 1 дана МТЗ-82 тракторын алды (кунмен жабдықталған),  «Жасқадыр» ШҚ шөп тайлағыш лизинг арқылы алса,  «Кеңес» ШҚ өз қаражатына  МТЗ-82 тракторын алып техникаларын жаңартуда. Сонымен қатар мал азығының өнімділігін арттыру мақсатында, Өлеңті көлдетіп суару жүйесіндегі басты имарат облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға жөнделіп су өткізетін 6 қақпа жаңадан орнатылды. 2017 жылы жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Мал дәрігерлік, диагностикалық іс-шаралар жоспарлы түрде  жүргізілді.
Әлеуметтік салада 84 адам (2015 ж. 115 адам) ақылы қоғамдық жұмыста болса,  «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы Қособа орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына ресми жұмыссыз 30 адам жұмысқа тартылды. Округ бойынша балалар жәрдемақысы 13 жанұядағы 29 балаға,  «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1 отбасы (6 адам) 192 мың теңге алды.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленген әлеуметтік материалдық төлемдер 42 адамға 728,7 мың теңге көлемінде төленді. Тыл еңбеккерлерінің қатарынан 1 адам (2015 ж. 2 адам) «Ақжайық» санаториясына барып демалып келсе, мүмкіндігі шектеулі 1 адам Бурабай санаториясына демалып келді.
Білім беру саласында 2 орта мектеп, мектеп жанынан 1 балабақша, 2 шағын орталық жұмыс  істеуде. ЖББ Жырақұдық орта мектебінде 81(2015 ж – 86) оқушы білім алуда. Оларға 23 мұғалім білім береді.
Денсаулық саласы: Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт  жұмыс жасап тұр. Скринингтік тексерістен 590 адам,   флюорографияға 802 адам (2015 жылы – 680) түсті.
Мәдениет және спорт саласында округте 42 (2015ж.- 40) мәдени-көпшілік шаралар оздырылып, 2940 адам (2015ж.-2800 адам) қатысты.  Ауылдық кітапханалардағы  кітап қоры - 12386. Оқырман саны - 805.
Байланыс және газдандыру мәселесі жөнінде – көгілдір отын Қособа, Жырақұдық ауылдарының әлеуметтік  нысандарына түгел қосылды, Қособа, Жырақұдық ауылдары бойынша ауыл тұрғандары (68 %) көгілдір отынмен қамтылған.
Округке «Beeline» ұялы байланыс желісі қосылды.
Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары - санитарлық тазалық айлығында абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізуде ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, үй маңдарындағы, көшелердегі күл-қоқыстарды шығарып, тазартты. «Тагра» ЖШС  техникасымен округ аумағынан 1500 тонна күл-қоқыс шығарылды.  Бұл жұмыстарға 300 мың теңге қаржы жұмсалды.