Ауыл шаруашылығы саласында 21 ауыл шаруашылық құрылымдары,                     20 шаруа қожалықтары және 1 ЖШС тіркелген.
Өткен  жылғы көктемгі далалық жұмыстарға  шаруашылық  құрылымдары 1998  га жерге егін салды, оның 1550 га бидай, 20 га тары, 428  га суданка  егілді.
Округте 1 ауылшаруашылығы тұтыну кооперативі құрылды.
Шаруашылықтың барлық санаттарында 1894 бас ірі қара, с.і.1073 сиыр, 2241 бас ұсақ мал, 407 бас жылқы және 1553 құс тіркелген. Сәйкесінше ірі қара малы 2,5 пайызға, ұсақ мал 1,5 пайызға, жылқы 3,1 пайызға өсті.
Шағын және орта бизнес саласында 3 сауда нүктесі, 1 мейрамхана халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетуде. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 1 жеке кәсіпкер 1,5 млн. теңге несие алып, мал сатып алды.
Халықты әлеуметтік қолдау – округ бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа 85 азамат тартылып, 8 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, уақытша жұмыс орындарына 11 адам, жастар тәжірибесімен 1 жас жолданды. Округтегі 4 отбасының 14 баласына мемлекеттік жәрдемақы берілді. Қайырымдылық айлық шеңберінде 100 адамға 780 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
Білім беру саласы - округ бойынша Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені мен Қазақстан негізгі мектебінде барлығы 132 оқушы білім алуда. Мұның сыртында мектепке дейінгі тәрбиемен 51 бүлдіршін қамтылған. Сонымен қатар, 86 бала ыстық тамақпен қамтылған. ҰБТ-ге 3 мектеп түлегі қатысып, натижесінде орташа көрсеткіш  85,3 баллды құрады. «Мектепке жол» акциясы аясында 51 балаға 307 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
Денсаулық сақтау саласы бойынша Талдыбұлақ ауылында фельдшерлік акушерлік пункт, Қазақстан ауылында медпункт жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Округте жыл басынан бері 15  бала дүниеге  келді. Скринингтен 155, флюорографиялық тексерістен 504 адам өтті.
Мәдениет және спорт саласы бойынша округте 1 мәдениет үйі және 2 кітапхана бар.  Округтегі  өткізілген 66 мәдени шараларға 3700 адам қатысты. Өткізілген спорттық шаралар саны 12, қатысқандар саны 240 адам. Кітапханалардағы кітап қоры – 12815, оқырмандар саны – 445 адам. Жаңа әдебиеттер саны – 173 кітап.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауылдық мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Газдандыру жұмыстары және ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша ауылдық округтегі әлеуметтік нысандар қалыпты жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар Талдыбұлақ, Қазақстан ауылдары  бойынша 144 үй көгілдір отынмен қамтылған. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Талдыбұлақ ауылында 150 үй таза ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы Қазақстан ауылында ескі ауыз су мұнарасынан 1,1 км. су желісі тартылып, ауыз су беру нүктесі іске қосылды.
Санитарлық тазалық жұмыстары аясында бөлінген қаржыға күл – қоқыс орындары тазартылса, округтегі өткізілген сенбіліктер нәтижесінде ауыл маңы тазартылып, реттелді.