Ауылшаруашылығы саласында округ бойынша 24 шаруа қожалығы, мал шаруашылығымен айналасушы 2 несие серіктестігі, 1 ауылдық тұтыну кооперативі тіркелген.
Өткен жылы барлығы 4147 га жерге дәнді және мал азықтық дақылдар себілді. Соның ішінде 960 га жаздық бидай, 1065 га арпа, 50 га тары, 1460 га судан шөбі, 512 га житняк, 50 га сорго. Қазіргі таңда дәнді дақылдар орылып, 1065 тонна бидай, 1430 тонна арпа, 240 тонна тары алынды, өткен айда 300 га жерге күздік бидай себілді. Қыстақтарға 13796 тонна  мал азығы жинақталды. «Правда» шаруа қожалығымен 600 га жерге күздік бидай егілді.
Есепті кезеңде ауылдық округ бойынша 3444 бас ірі қара малы, 5728 бас қой-ешкі, 1441 бас жылқы, 31 бас шошқа және 2498 құс тіркелген, соның ішінде шаруа қожалығының меншігінде 2252 бас ірі қара малы, 4121 бас қой, 79 ешкі, 1269 бас жылқы, 2 бас түйе, 530 құс тіркелген. 2015 жылмен салыстырмалы түрде алсақ, ірі қара малы мен қой басы 28%, жылқы 12% өскені байқалып, ал ешкімен құстың саны 15 % кеміген.
2016 жылы суармалы алқаптарды қалпына келтіру мақсатында Аңқаты өзені арқылы өтетін су жіберу құрылғысын жөндеу жұмыстары басталып, биылғы жылы жалғасуда. Жөндеу жұмыстарына округтен 5 жұмыссыз азамат тартылды.  Ауылымыздың шаруа қожалықтары жыл сайын өздерінің техникалық базасын жаңартып келеді, 2016 жылы 3 жаңа МТЗ маркалы тракторлары және 1 кун, 1 шөпшапқыш сатып алынды.
Малдәрігерлік шаралар жоспарға сәйкес жүргізілді.  
Шағын және орта бизнес саласында 7 сауда нүктелері, 1 наубайхана, 2 қымыз өндіру цехы қызмет жасап келеді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес 1 жеке кәсіпкер 2,0 млн.теңге көлемінде несие алып, өзінің кафе ғимаратын ұлғайтып, жөндеуден өткізді.
Әлеуметтік сала: Бүгінгі таңда округтегі 5 елді мекенде 241 отбасы, 1027 тұрғын бар. Есептік кезеңде барлық қаржы көздерінен 6669,7 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетілді, соның ішінде 3 отбасыға (11 адам) 103,2 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек, 24 отбасына (59 бала) 1011,3 млн. теңге көлемінде балаларға арналған жәрдемақы, 70 отбасыға 386,5 мың теңге көлемінде қайырылымдық көмек, жекелеген санаттағы 52 азаматқа 1251,6 млн.теңге әлеуметтік төлемдер, 106 балаға 3917,1 млн.теңге көлемінде  жалпы білім беру қорынынан көмек көрсетілді. Өткен жылмен салыстырғанда көмек 1457,2 млн.теңгеге артып отыр.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 44 адам тартылып, 1 адам әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 41 адам әр түрлі мерзімдерге бюджеттік мекемелермен және шаруа қожалықтармен жұмысқа тартылды. «Өрлеу» бағдарламасына округтен 4 аз қамтылған отбасы қатысты.
Білім саласы: Ауылдық округ бойынша 1 жалпы білім беретін орта және 1 бастауыш мектебі жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда 2 мектепте 107 оқушыға 33 мұғалім білім беруде. ЖББ В.И.Шубин атындағы орта мектеп жанындағы интернатта 16 оқушы тәрбиеленуде. Сондай-ақ, округте 4 шағын орталық жұмыс жасайды, оларда 48 бала тәрбиеленуде. 2016 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 11 оқушы қатысып, орташа 71,8 балл жинады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 66,8 балл болған. Мектеп жанындағы жазғы демалыспен 79 оқушы қамтамасыз етілді.
Денсаулық сақтау саласы: Округте тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында Тоғанас дәрігерлік амбулаториясы, Аңқаты, Қарағанды, Құспанкөл фельдшерлік пунктері қызмет көрсетеді. Жыл басынан дүниеге 11 сәби өмірге келді. Туу көрсеткіші 2015 жылмен салыстырғанда 5 сәбиге өсті. Есепті кезеңде 69 адам скринингтен, 663 адам флюорографиядан өткізілді.
Мәдениет және спорт салаларына тоқталсақ,  Барлығы 13 мәдени, 12 спорттық шаралар өткізілді, 370 адам қатысты. Округ бойынша 2 ауылдық клуб, 3 кітапхана жұмыс жасап келеді. Кітапханалардың кітап қоры 33500 дана, 2016 жылы кітапханалар жаңадан 200 кітаппен толықтырылды.
Санитарлық тазалық жұмыстары  - санитарлық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы Аңқаты елді мекенінен 1200 тонна күл-қоқыс шығарылды. Жолдарды күтіп ұстау мақсатында «ДоремСервис» ЖШС-мен Тоғанас, Құспанкөл, Аңқаты, Сегізүй жолдары бойындағы шөптер шабылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.