Ауыл шаруашылығы саласында округте 41 шаруа қожалығы тіркелсе, соның ішінде 36-де мал басы тіркелген. Жеке тұрғындармен шаруашылық құрылымдарындағы мал басына тоқталсақ, ірі қара мал – 3217(2017-ж 3093) бас болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4%-ға өстті, қой мен ешкі барлығы - 9801 (2017 ж-9514) бас болып 3%, жылқы – 1338 (2017 ж- 1156) бас болып 15 %, үй құстары – 691 (2017ж- 467) 47 % ға өссе, 6 түйе малы 6 (2017ж-6) болып отыр.

Қыстақтарға 10640 (2017ж-10800) тонна мал азығы дайындалып, 2 %-ға кем орындалды. 

Сонымен қатар, табындағы етті ірі қара малы және ұсақ малдардың тұқымын түрлендіру сапасын арттыру мақсатында 2018ж 11 бас бұқа, 46 бас қошқар (2017 жылы 18) бас бұқа алынып отыр.

Ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту мақсатында 2017 жылы «Сарсен» шаруа қожалығы 1 дана МТЗ-82, «Алма» ШҚ 1 дана МТЗ-82 тракторын алған болса 2018 жылы «Бисен» ШҚ МТЗ-82 тракторын КТП4 алып отыр. 

Ауылшаруашылық малдарды бірейлендіру мақсатында жыл басынан 196 (2017 ж- 230 бас) бас жылқыға таңба басылып, 2524 (2017 ж-2447 бас) бас ірі қара малына, 3660 (2017 ж.-4707) бас қойға сырға салынды. Малдәрігерлік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 76 бас (2017 ж.- 119 бас) ірі қара малы, 2 (2017ж. -1 бас) бас қой малы бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталып, жойылды.

Әлеуметтік салада 95 адам (2017 ж-  91адам) ақылы қоғамдық жұмыста болса, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 4 жас маман жұмысқа тартылды (2017 ж-3 адам).

Округ бойынша 2017 жылы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2 жанұядағы 5 балаға 305 мың теңге. 2018 жылы жаңа форматтағы АӘК жәрдемақысы 7 отбасы 35 адам 1188,1 мың теңге төленіп отыр.

Білім беру саласында 2 орта мектеп, мектеп жанынан 1 балабақша, 2 шағын орталық жұмыс істеуде. ЖББ Қособа орта мектеп-балабақшасында 107 (2017 ж – 118) оқушы білім алуда. Оларға 32 мұғалім білім береді. ЖББ Жырақұдық орта мектебінде 75 (2017 ж – 79) оқушы білім алуда. Оларға 23 мұғалім білім береді.

2018 жылы Қособа орта мектебі Ұлттық бірыңғай тестілеуге 8  түлек қатысып орташа бал көрсеткіштері  96% (2017 ж-  5 түлек, 64%)

2018 жылы Жырақұдық орта мектебі Ұлттық бірыңғай тестілеуге 10 түлек қатысып орташа бал көрсеткіштері 67 (2017 ж-  4 түлек, 85,3%).

Денсаулық саласы: Денсаулық сақтау саласы бойынша, округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт жұмыс жасап тұр. 2018 жылы 323 адам (2017ж-236) күндізгі стационардан ем алса, 2018 ж. 33 адам (2017 ж - 23) үйден стационарлық ем қабылдады. Флюорографияға 500 адам (2017 жылы - 693) түсті.

Мәдениет және спорт саласында округте 2018 жылы 43 (2017 ж- 40) мәдени-көпшілік шаралар оздырылып, 2018 жылы 3470 адам (2017 ж - 3300 ) қатысты.

Байланыс және газдандыру мәселесі жөнінде – көгілдір отын Қособа, Жырақұдық ауылдарының әлеуметтік нысандарына түгел қосылды, Қособа, Жырақұдық ауылдары бойынша ауыл тұрғандары 178 үй (2017 ж-172) көгілдір отынмен қамтылып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өсті.

Санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары - санитарлық тазалық айлығында абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізуде ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, үй маңдарындағы, көшелердегі күл-қоқыстарды шығарып, тазартты. «Тагра» ЖШС техникасымен ауыл тұрғындары өз қаражаттары арқылы 600 тонна қоқыс шығарды. Өткен жылмен салыстырғанда күл қоқыс шығару көлемі 100 тоннаға артты.